Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Сәбилік шақ: базальды сенімділік - базальды сенімсіздік



бет13/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
1.Сәбилік шақ: базальды сенімділік - базальды сенімсіздік.
Эриксон бойынша бұл кезеңде тұлғаның қалыптасуында сенімділік сезімі маңызды орын алады. Сәби әлеуметтік ортаны қауіпсіз, тұрақты мекен ретінде қабылдайды. Осы кезеңде сәби «анықтылық сезімін» сезіне бастайды.
2.Ерте балалық шақ: ұят сезімі мен күдік.
Бұл кезең баланың екінші, үшінші жылында өтеді. Эриксонның ойынша, бала ата -анасымен өзара әрекетте бола отырып, ата - ана бақылауының әр түрлі болатынын аңғара бастайды: бір жағынан ол қамқорлық формасы ретінде көрінеді, екінші жағынан шектен шығушылық формасында.
3.Ойын жасы: талаптану және кінәлау сезімі.
Эриксон «ойын жасы» деп атады. Ол Фрейдтің фалистік стадиясына сәйкес келеді және баланың 4 жасынан бастап мектепке келгеніне дейін жалғасады. Осы кезде баланың әлеуметтік әлемі одан белсенділікке, жаңа тапсырмаларды орындауды, жаңа дағдыларды үйренуді талап етеді
4.Мектеп жасы: еңбекқорлық - толымсыздық.
Төртінші психосоциалды кезең 6 жастан бастап 12 жасқа дейінгі аралықты қамтуы және Фрейдтің латентті кезеңімен сәйкес келеді. Осы кезеңде бала мектепте оқып жүріп, белгілі бір мәдени дағдыларды игере бастайды. Оның логикалық ойлауға және өзіндік тәртіпке деген қабілеті артады. Эриксон бойынша, мектепке келген бала белгілі бір мәдениет технологиясын игеріп, еңбекқорлық сезімі дамиды. Еңбекқорлық термині білуге деген ұмтылысты, оның қалай әрекет етуін танып білуін білдіреді.
5.Жастық шақ: эго – ұқсастық – рольдік аралық.
Жастық шақта жеткіншектің бойында көрінетін жағымды сапа - эго - ұқсастық, жағымсыз сапа - рольдік араласу. Эриксон эго - ұқсастық мәнін былай түсіндіреді: бұл психологиялық қүрылымдар арасындағы конфликт қана емес, ішкі эго арасындағы конфликт. Эриксон бойынша ұқсастықты анықтау барысында 3 элементті бөліп көрсетуге болады.
6. Ерте кәмелеттік жас: интимділік - оқшаулану.
Бұл кезең 20 жастан 25 жас аралықты қамтиды. Осы кезде жас адамдар мамандық алуға бағытталады. Эриксонның ойынша бұл кезде адам басқа адамдармен интимді қарым - қатынасқа түсуге толық дайын болып келеді. Осы кезде индивумның сексуалды әрекеттері эго - теңдікті іздеу мақсатында жүріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет