Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты


Диірмендердің жұмыс жылдамдығының режимдері



бет11/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35

4.3 Диірмендердің жұмыс жылдамдығының режимдері




Диірмен барабанның айналуында үгіткіш денелер мен материал әртүрлі жылдамдықпен айналып төгілуі мүмкін. Ол барабанның диаметрімен айналу жилігіне байлнысты. Шарларға инерция және үйкеліс күштері әсер етеді, сондықтан олар белгілі бір биіктікке көтеріліп құлайды, оның әсерінен материалды майда үгітеді, ұнтақтайды.



4.3 - сурет - Құбырлық диірменнің жалпы көрінісі:
а – барабан айналуының сандық жилігін анықтау; ә – диірменнің каскадты жұмыс істеу режимінің схемасы; в – диірменнің сарқырамалы жұмыс істеу режимінің сызбасы; г - диірменнің центрифугалық жұмыс істеу режимінің схемасы: д – қуатын анықтау


Барабанның тұрақты бұрышытқ жылдамдығында ; шарды (материал бөлшектерін) материалдық нүкте ретінде қарастырамыз; оның массacы m; центрден тепкіш күшпен және салмақ күшімен радиал құраушысының әсерінен тепе-теңдік күйде болады. Үзіліп түсу бұрышына жеткеннен кейін, материалдық нүкте барабанның қарама-қарсы қабырғасына құлайды.
Күштер тепе-теңдік шартын Q = mgcos теңдеуі түрінде жазуға болады, мұнда mg – салмақ күші. Бірақ центрден тепкіш күш:


Q = mR, (4.1)


мұндағы, R – барабанның ішкі радиусы, м. Сонда барабанның бұрыштық жылдамдығы:
=√= 3,1 √. (4.2)


Жоғарғы орнында, яғни кезінде шар барабаннан төмен құлайды, өткені центрден тепкіш күш толығымен салмақ күшімен теңеседі. Ондай бұрыштық жылдамдықты сандық деп атайды. Оны былай есептейді:
кр = 3.1√ . (4.3)


Үгіткіш денелердің ең үлкен соққы күшін алу үшін (диірмен өнімділігін арттыру үшін) үгіткіш денелердің ең үлкен құлау биіктігін қамтамасыз ету керек. Ол барабанның салыстырмалы бұрыштық жылдамдық коэффициентіне байланысты, яғни: = кр. Ол коэффициент барабанның нақты бұрыштық айналу жылдамдығына тең болады. кезінде, яғни сандық жылдамдықтан жоғары жылдамдықтан жоғары жылдамдықта шарлар барабанның қабырғасынан айырылмайды да, материал үгітілмейді. кезінде, сандыққа дейінгі жылдамдықта шарлар барабанның ішкі қабарғасынан ажыратылып, үзілу бұрышымен α белгілі бір траекториямен төмен қарай құлайды. Барабанның тұрақты айналу жиілігінде шарлар қабатының радиусы R болып, А нүктесінде үзілу бұрышы α, жылдамдықпен В нүктесіне құлайды (4.3, а-сурет).
Іс тәжірибелік мәліметтер бойынша барабаннан шардың ажыратылу бұрышын α = 55° деп алуға болады.
Сонда барабанның оңтайлы бұрыштық жылдамдығы мынаған тең болады:
W = 3,1 √ = 2.4√R  (4.4)


мұндағы, R – барабанның ішкі радиусы.
Қарастырып отырған жағдай үшін барабанның салыстырмалы бұрыштық жылдамдық коэффициенті:

Ψ = 2,4 /√R/(3,1/√R) = 0,76 ≈ . (4.5)

Үгіткіш денелермен, материал мен барабан ішін толтыру көлемі диірмен жұмысының технологиялық параметріне әсер етеді. Ол толыру коэффицентімен өрнектеледі: φ = V1/V2, мұндағы V1 – шарлар жүктелген көлем, м3; V2 – барабан ішінің геометриялық көлемі, м3.


Шарлық барабандар мына режимде жұмыс істейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет