Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет9/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

3.2 Біліктілік ұсатқыштар




1) Арналуы. Беріктігі орта тау жыныстарын орта және майда ұсату үшін және кірпіш өндірісінде балшық массасын қайта өңдеуге және басқа керамикалық бұйым жасауда балшықтарды ұсатуда біліктік ұсатқыштар кеңінен қолданылады. Бұл машиналарда майда ұсату үдерісі бір - біріне қарама-қарсы бағытқа айналатын, параллель орналасқан біліктер арасындағы біртіндеп тарылатын кеңістікке материал кесегін тарта отырып, үздіксіз пайдалану үрдісі жүреді.
Бірліктік ұсатқыштар білік диаметрімен D, ұзындығымен L сипатталады. Мұнда, L/D = 0, 4...1, 0. Кен емес құрылыс материалдарында қайта өңдеу үшін қолданылатын біліктік ұсатқыштардың қайта өңдеу үшін қолданылатын біліктік ұсатқыштардың білік диаметрі 400...1500 мм.
2) Түрі. Құрылыс материал өнеркәсібінде, негізінен алғанда екі білікті ұсатқыштар пайдаланылады (3.5, а-сурет). Ұсатылмайтын нәрселерді өткізіп жіберу үшін және ұсатқышты бұзылудан сақтау үшін біліктерді біреуі, әдетте, қозғалмалы подшипниктерде (1) орнықтырылады. Ол подшипниктер жұмыс орнында пружиналар (2) көмегімен ұсталып тұрады. Біліктер тегіс, бедерленген, қабырғалы және тісті болуы мүмкін (3.5, ә, г, д, е-сурет).

3.5 - сурет - Біліктік ұсатқыштардың сұлбалары

4-тарау. МАТЕРИАЛДАРДЫ ҮГІТУГЕ ЖӘНЕ ҰНТАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР

4.1 Жалпы мағлұмат және жіктелуі




Әртүрлі құрылыс материалдарын: цементтік клинкерді, әктасты, мергельді, гипсті, көмірді, қожды, кенді және т.б. үгіту үшін диірмендер кеңінен қолданылады. Алғашқы материалдың ірілігі: әктас пен маргель үшін 25 мм-ден, ценменттік клинкер үшін 15 мм-ден, жұмсақ әктас, гипс және көмір қоспалары үшін 30 мм-ден, қатты активті және бейтарап қоспаларда, цементтік клинкер үшін 10 мм-ден аспауы керек.
Материалды диірменде үгіту үрдісі үлкен энергия сыйымдылығын қажет етеді. Үгіту диірмендердің конструкциясы мен жұмыс істеу жағдайлары әртүрлі болып келеді.
Диірмендерді шартты түрде механикалық (барабанды, шарлы, сақиналы, білікті, роликті-маятникті, соққы әрекеттегі және вибрациялы) және аэродинамикалық немесе ағыншалы (ауа ағыншалы, бу ағыншалы және т.б.) болып бөлінеді.
Барабанды диірмендер цементтік клинкерді, әктасты, гипсті, құрғақ және ылғал үгіту үшін, сонымен қатар, кен өнеркәсібінде ұнтақ тәріздес өнімді алу үшін пайдаланады.
Вибрациялық диірмендер (өнімділігі үлкен емес) материалдары өте жұқа майда ұсату үшін, цементтік клинкер мен цементті майда ұнтақтау үшін пайдаланылады.
Орта жүрісті диірмендер (қыстың шарларымен, роликті, роликті- маятникті) балшықты, борды, талькті, әкті, және т.б. материалдарды үгіту ұнтақтау үшін пайдаланады.
Шахталық және аэробалді диірмендер өте жұқа майда ұсатуда (кептіру үшін), қажақсыз материалдарды (гипс, тас көмірді) ұнтақтау үшін пайдаланылады.
Ағыншаның энергиясымен өздігінен материалдарды майда ұнтақтауға арналған диірмендер (4.1-сурет) өте жұқа үгітуде (бояғыш заттың көп емес мөлшерін, жұқа химиялық ұнтақтарды үгітуге) пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет