Постановление Правительства республики казахстан 2016 жылғы 13 мамыр Астана, Үкімет Үйі от «13» мая 2016 года №292 №292



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата25.05.2023
өлшемі0,91 Mb.
#97531
түріПостановление
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
 
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі 
 
 
 
 

К. Мәсімов 
 



Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 
2016 жылғы «13» мамырдағы 
№ 292 қаулысына 
7-қосымша 
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 
2012 жылғы 23 тамыздағы 
№ 1080 қаулысымен 
бекітілген 
 
 
Жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 
1.Жалпы ережелер 
1. Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 
(бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім 
алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, білім берудің 
мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды 
айқындайды. 
2. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік 
нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне 
қарамастан білім беру қызметін: 
1) осы стандартқа
2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына; 
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы 
белгілеген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық 
актілерге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім 
беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің 
сапасын арттыруға; 
2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру 
үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске 
асыруға; 
3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың 
теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін 
дамытуды көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық және практикалық 
бағыттылығының үйлесімділігіне; 



4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім 
мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге; 
5) білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің 
құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара 
байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің 
бірлігі қағидатын іске асыруға; 
6) балалардың 
денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, білім 
алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктерін, сондай-ақ қосымша білім 
беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар 
жасауға; 
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі 
жағдайында жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге; 
8) білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және 
дамытуға; 
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының 
қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған. 
4. Стандарт: 
1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін жалпы орта 
білім берудің үлгілік оқу жоспарын;
2) жалпы орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
3) оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді; 
4) оқу пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
өлшемшарттарын; 
5) білім 
беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін 
нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін; 
6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін; 
7) білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін материалдық-
техникалық, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етуге, оның ішінде 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қойылатын 
бірыңғай талаптарды; 
8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының 
қызметін бағалау параметрлерін; 
9) педагог кадрлардың біліктіліктерін арттырудың, педагог кадрларды 
даярлаудың оқу бағдарламаларын; 
10) жалпы орта білім беру ұйымдарында бітіру емтихандарына және 
жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруға арналған бақылау-
өлшеуіш материалдарын әзірлеу үшін негіз болып табылады. 
5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі 
педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны 
қамтамасыз етеді. 
6. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. 
Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді: 
1) жалпы орта білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және 
меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында 
оқып білуге міндетті жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы 
мен көлемі; 



2) сабақтан тыс іс-әрекет –біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, 
білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны; 
3) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін реттейтін және тиісті 
білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті 
компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат; 
4) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында 
типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, 
барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін 
айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті
5) оқу жүктемесінің вариативті компоненті – білім алушылардың білімге 
деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу 
жоспарының құраушы компоненті; 
6) оқытудан күтілетін нәтижелер –оқыту процесі аяқталғаннан кейін білім 
алушының білуін, түсінуін, көрсетуін өрнектейтін құзыреттіліктер жиынтығы; 
7) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына 
тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс; 
8) ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім 
алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім 
беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру 
бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері; 
9) бағалау – білім алушылардың оқуда қол жеткізген шынайы нәтижелерін 
дайындалған өлшемшарттар негізінде оқытудан күтілетін нәтижелермен 
салыстыру процесі; 
10) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру 
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу 
пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында 
жүргізілетін рәсім; 
11) бағалау өлшемшарттары – білім алушының оқу жетістігін бағалауға 
негіз болатын белгілер; 
12) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында 
жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші 
болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы 
жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты 
қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді; 
13) жиынтық бағалау – анықталған оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу 
жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан 
кейін өткізілетін бағалау түрі; 
14) 
білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын 
қалыптастырудағы жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық 
құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы 
бағдарлар. 
7. «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне 
қойылатын талаптар» деген бөлімде жаратылыстану-математикалық және 
қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен 
бейіндік оқу пәндерінің бағытын есепке ала отырып топтастырылған оқу 



пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген. 
8. «Білім 
беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде 
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда 
міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша білім беру мазмұны 
көрсетілген. 
9. «Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген 
бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, топтарға бөлу үшін 
сыныптың толымдылығы көрсетілген. 
10. Стандарт кезең-кезеңімен қолданысқа: 
1) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 10-сыныптарға; 
2) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 11 (12) сыныптарға енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет