Проблемалық оқыту технологиясы



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі1,28 Mb.
#127441
түріОқулық
1   2   3
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
  • Оқу пәні - білімдік мақсатқа жету жолында дидактикалық тұрғыдан жанжақты сұрыпталған белгілі саладағы ғылымның негізі. Мұндағы басты мақсат тиісті ғылым, ӛнер, іс-әрекет туралы оқушыға тиянақты мағлұмат беріп, оның теориялық және қолданбалы негіздерін танытып білгізу.
  • Әрине, ғылымның топтаса тоғысқан салалары шартты түрде жаратылыстану — математика, гуманитарлық-қоғамдық, көркем-өнер, дене тәрбиесі, өндірістік еңбек тәрбиесі деп жіктеледі. Олардың әрқайсысының өзіне тән атқаратын қызметі, шұғылданатын мәселелерінің ерекшеліктері бар. Соған орай берілетін білім, білік, түсінікті және қойылсан мақсатты шешетін оқу пәні болғандықтан оқушыларға оны меңгеру үшін тиісті сағат мӛлшері белгіленеді. Оқылатын пәннің сағат саны оқу жоспарында айқындалады.
  • Ал тиісті пәнге байланысты берілетін білімнің мазмұны мектепке арналған оқулықта көрсетіледі. Сондықтан - оқушы меңгеруге тиісті білімнің мәнмағыналық негізіне саналады және онда пәнаралық байланысқа орай табиғат, адам, қоғам туралы әр жақты мағлұматтар алудың қайнар көзі деп саналады. Оқулықтан алған білім негіздері бойынша оқушы ізденіп, оны тереңдетіп, өздігінен шұғылдануға мүмкіндік кеңейіп жол ашылады.
  • Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің 

  • мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оның 
    мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің 
    бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын 
    түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырыпоқуға үйретеді.
  • Т.С.Сабыров: 
  • оқулық дегеніміз – оқу бағдарламасы мен дидактика және әдістеме талаптарына сай ғылыми - әдістемелік жағынан дұрыс жасалған оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап, - деген анықтама берген

оқулық ғылым негіздерін меңгеру үшін оқушыларға арналған құрал. Оқулықтарда белгілі бір мөлшерде оқу пәндерін оқыту әдістемесі де көрініс табады, - деген тұжырым жасаған. 
Г.С.Шаповаленко: 
Оқулықта тиісті ғылымның мазмұны туралы жүйелі де жан-жақты ақпараттық мағлұмат беріледі. Оқулық тек ақпараттық мағлұмат берумен ғана тынбайды, оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, кестелік сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі. 
Бәрінен де бұрын оқулық оқушының танымдық іс-әрекетіне бағдар беріп, басшылық жасайды. Оқулықтар мен оқу құралдарында шәкірт тарапынан атқарылуға тиісті жаттығу тапсырма, көрсетілген сұрақтарға жауап беру және жазба жұмыстарын орындау т.б. көрсетіледі. 
Оқулық - оқу үрдісін ұйымдастырудағы сценарий ретінде ғылымның теориялық мән-мазмұнын игеруге мүмкіндік беретін әдістемелік жолдарды меңгеруге жағдай туғызатын құрал. 
Сондай-ақ қазіргі окулықтар мен оқу құралдарында оқушының білімдік деңгейі, іс-әрекет саласында атқарған еңбегі барысында қол жеткен табыстарын, ӛздігінен орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалап, оны сипаттау жолдары да қамтылған. 
Демек, оқулықта тиісті пәнді оқудағы мақсат, оның мазмұны, оқудың формасы, меңгеру барысындағы таным-түсінік және оны игергендігі жӛнінде бақылау жасай білуде кӛзделеді. Бұл қазіргі заман, уақыт талабы. Өйткені техниканың өсуі, ақпараттық құралдардың қарқынды дамуы, қоршаған ортадағы өзгеріс, әлемдік қарым-қатынастың толассыз ӛркендеуіндегі ықпалды әсер ыждаһаттылықты талап етуден туындауда.
  • Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
  • қысқа, нақты, деректі материалдарды енгізілуі; ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
  • балаларға түсініктілігі;
  • баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
  • оқулықтың өз ғылымның, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
  • білімнің әр саласынан хабар беруі;
  • оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
  • оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек;қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
  • әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
  • эстетикалық талаптарға сай безендірілуі.
  • Мектеп оқулығының атқаратын қызметін оны зерттеуші Зуев Дмитрий Павлович анықтады. Оқулық ақпараттық қызмет атқарғанда балаларды керекті мәліметтермен қаруландырып, баланың дүниетанымын қалыптастырып, рухани дамуына, дүниені іс жүзінде тануына мүмкіншілік жасайды.
  • Трансформациялық қызмет атқарғанда ғылым салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады.​
  • Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалады. Оқулық материалды бекіту және оқушыға өзін өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді. Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне мүмкіндік жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет