Прогнозирование и моделирование общественно-политических процессов


Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (ҚР ҚК 185-бабы)



бет11/16
Дата22.06.2023
өлшемі140,08 Kb.
#103003
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мемлекеттқұпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (ҚР ҚК 185-бабы)

  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъекті – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ бұл кезде арнайы субъект белгілеріне мемлекеттiк құпиялар сеніп тапсырылған немесе өзiне қызмет бабымен не жұмыс бабымен мәлім болған тұлға.
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы тікелей пиғылмен сипатталады. Кінәлі мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етіп жатқанын, сондай-ақ оның қоғамдық қауіпті сипатын түсінеді және солай жасауды қалайды.
  • ҚР ҚК 185-бабының 3-бөлігі материалды-құқықтық сипаты бар белгілерді көздейді, яғни мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинаумен, таратумен және жария етумен байланысты іс-әрекеттер мемлекет қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне iрi залал келтiрген немесе мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірудің өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқтырған жағдайларды қарастырады.

Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту (ҚР ҚК 186-бабы)

  • Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту (ҚР ҚК 186-бабы) Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объекті – мемлекеттің қауіпсіздігі мен мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз ететін қатынастар. Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сенiп тапсырылған мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді абайсызда жоғалтуды көздейді. Сондай-ақ, аталмыш бап бойынша жоғалтқаны үшін қылмыстық жауаптылық, егер жоғалту мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жеткізгіштермен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын бұзу салдарынан орын алған жағдайларды қарастырады.
  • «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңының 1-бабына сәйкес, мемлекеттік құпияларды жоғалту - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің жоғалтылуы не ұрлануы салдарынан заңды иеленуден немесе пайдаланудан шығып қалуы, соның ішінде уақытша да шығып қалуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет