Прогнозирование и моделирование общественно-политических процессов


Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту (ҚР ҚК 186-бабы)



бет13/16
Дата22.06.2023
өлшемі140,08 Kb.
#103003
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту (ҚР ҚК 186-бабы)

  • «Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес, ҚР ҚК-нің 185 және 186 баптарында көзделген ауыр салдарға: «шет елдердің арнайы қызметтерінің, террористік және экстремистік ұйымдардың немесе ұйымдасқан қылмыстық топтардың иелігіне мәліметтердің көшуін, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси мүдделеріне немесе ұлттық қауіпсіздігіне келтірілген нұқсанды, қылмыстық әрекеттердің салдарынан ғаламдық ғылыми зерттеулердің, мемлекеттік іс-шаралар мен халықаралық келіссөздердің өткізілмей қалуын, режимдік объектінің көшірілуін, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, осы органдарға құпия жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің қаза табуын, денсаулығына ауыр зиян келтірілуін не қамауға алынуын және т.с.с.» жатқызған жөн деп көрсетілген.
  • ҚР ҚК 186-бабының 2-бөлігінде дәрежелеуші белгі бекітілген - ірi залал келтiру немесе өзге де ауыр зардаптардың түсуі.

Конституциялық құрылым негіздеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық (ҚР ҚК 178-бабы)

  • Конституциялық құрылым негіздеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық (ҚР ҚК 178-бабы)
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей негізгі объекті – мемлекеттің саяси жүйесін, оның конституциялық институттарын қорғауды қамтамасыз ететін қатынастар.
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы өмірге қолсұғушылық әрекеттерімен көрініс табады. Бұл жағдайда, өлтіру немесе өлтіруге оқталу туралы сөз болуда.
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы формальды-материалдық болып табылады, өйткені Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық басталған кез де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiн өлтіру де қарастырылып отырған баппен қамтылады және қосымша саралауды қажет етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет