Психокоррекция на каз


Интеллектіні дамытуға арналған жаттығу



Pdf көрінісі
бет11/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
тренингтік бағдарламалар

 Интеллектіні дамытуға арналған жаттығу 
- Қызығушылығыңды дамытыңыз. Сурет салыңыз, өлең айтыңыз, қарапайым 
заттан жаңалық іздеңіз. 
- Екі қолдың да қимылын қажет ететін жұмыс қимылдар істеңіз. Мысалы, 
музыкалық аспапта ойнаңыз. 
- Өлеңдер жаттаңыз. 
- Күнделік жүргізіңіз. Өткен күнді еске ала отырып, сіз есте сақтауыңызды 


жаттықтырасыз. Қимылдарыңызды анализдеу арқылы, ойлауыңызды 
дамытасыз. 
- Болашағыңызды жоспарлаңыз. Болжамдар мен жоспарлар құрыңыз. 
Болжамыңыз неліктен іске асқан немесе аспағанын анализден өткізіңіз. 
Жоспарды орындадыңыз ба əлде жок па. Бұл болашақты болжауға жəне өз 
өміріңізді басқаруға мүмкіндік береді. 
- Тез оқып үйреніңіз. 
 Жаттығу «Ес ерік күшін тəрбиелеу құралы» 
 
Қарапайым əрекетті таңдаңыз, мысалы, бауларды байлау жəне осы əрекеттерді 
дəл бүгін жəне белгіленген уақытта орындаймын деп шешім қабылдаңыз. 
Мысалға, сағат алтыда сіз көзілдірігіңіздің əйнегін сүртуіңіз керек. Осы 
шешіміңіздің ұмыт болуына не себеп болуы мүмкін? 
Жаттығу Қосақталған сөздер 
Берілген сөздерді есте сақтаңыз: 
- бір - бауырсақ; 
- алты - бұршақ; 
- екі - сүт; 
- жеті - шай; 
- үш - кəмпит; 
- сегіз - май; 
- төрт - нан; 
- тоғыз - қытырлақ; 
- бес - бал; 
- он - қаймақ. 
 
Осы тізімді қолдана отырып, он затты оңай есте сақтауға болады. Мəселен, 
көрсетілген он азық-түлік түрін сатып алу керек болды. Ойынша, бұршақты 
балға араластырыңыз, бауырсақты сүтке жəне т.б, əр сөзді берілген сөздермен 
байланыстырып, қосақтаңыз. Ал содан кейін азық-түлік тізімін есіңізге 
түсіріңіз. Ертесі түс кезінде осыны қайта қайталаңыз. 
«Менің мақсатым» жаттығуы. 
 
Ойынға 5 адам қатысады. Ролді орындайтын, мақсаты таңдалған адам; 
қатысушыға «сен жарайсың, сенің қолыңнан келеді» деп қолдау көрсететін 


періште, жəне қатысушы атау берін, тағайындаған үш кедергі. Қатысушының 
мақсаты - кедергілерді жеңіп, мақсатына жету. Тренингтік ойын барысында, 
қатысушылардың назарына жəне олардың сыртқы жəне ішкі сезімдеріне назар 
аудару. Ойын соңында, қатысушылардың əрекет стереотиптеріне анализ 
жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет