Жаттығу «Жобалы сурет»
Мақсаты: Қарым-қатынастың перцептивті жағын дамыту; эмпатияға
қабілеттілікті дамыту; тұлғаны топтық бағалау; Т апсырманың мазмұны екі
сурет салуда: «Мен қандай болсам, сол қалыптамын», «Мен мынадай болғым
келер еді». Суретке ештеңе жазылмайды авторы да анонимді болады. Қалауы
бойынша ғана, автор өзін таныстырып, кімнің интерпретациясының ұнағаны
туралы айтады (шынайы).
Жаттығу «Бестік»
Қатысушылардың назарын жəне зейінділігін жаттықтыратын өте қарапайым
жəне көңілді ойын. Барлық қатысушылар шеңберге тұрады. Əр қатысушы
(жүргізушімен қоса) натуралді сандардың қатарын айтады: бір, екі, үш. бес
санына аяқталатын санды атауға тыйым салынады (мысалы 5, 10, 15 жəне т.б).
Егер қатысушыға сол сан тап келсе, ол үнсіз секіріп немесе қол шапалақтау
керек. Кім қателессе, сол ойыннан шығады. Ойын зейінді 3 қатысушы қалғанға
дейін созылады. Бес санының орнына басқада санды қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: