Психолог Дж. Гилфорд өте қызықты сонымен қатар өте танымал
тапсырмаларды ұсынды: өте таныс затқа шынайы, əртүрлі көптеген атаулар
ойлап табу керек. Ондай зат ретінде кірпіш, бор, газет немесе басқа да заттар
алуға болады.
Бұл тапсырманы орындау үшін əдетте бес-алты минут кетеді. Нəтижелерді
анализдеу кезінде барлық жауаптар есептелінеді, тек қана тапсырмаға сəйкес
келмейтін, есептеуге сəйкес келмейтін жəне қайталанған жауаптар
есептелінбейді. Бұл тапсырманы үлкендерге жəне мектепке дейінгі балаларға
ұсынса да болады. Бұл жерде ойлаудың басқа ұқсамайтындығы жəне
нəтижелігі есептелінеді. Идеялар көп болған сайын олардың арасында өзгеше
идеялар да кездеседі жəне сол қатысушы көбірек ұпай алады.
Тапсырма. Өзіне қараңғылықты жəне түстер ұғымын қосатын зат есім жəне
сын есімдерді іріктеп алу (жылы жəне суық, көктем жəне қыс, таң ертең жəне
кеш жəне т.б). Жауаптарға мысал келтірейік.
Түс-
ашық, нəзік, тірі;
күн - ...
таң - ...
шам - ...
алау - ...
май шам - ...
Қараңғылық - жабық, түнгі;
түн - ...
кеш - ...
үңгір - ...
Бір біріне ұқсамайтын заттардың көптеп ортақ белгілерін табыңыз:
құдық - паркет;
ағаш - қорап;
бұлт - есік;
қуыршақ - қар.
Достарыңызбен бөлісу: