Психокоррекция на каз



Pdf көрінісі
бет21/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
тренингтік бағдарламалар

 
Нұсқау: əр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына 
ғана жазу керектігі жəне 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді 
психолог жинап алатындығын ескертеміз. 
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол 
бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді 
ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-əлпетіңізді, жүрісіңізді, 
сөйлеу мəнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз 
болса т.б... 
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. 
Жаттығу. Қөзқарас арқылы кездесу 
 
Барлық қатысушылар бастарын төмен қаратып, шеңбер бойынша тұрады. 
Жүргізуші нұскауы бойынша олар бастарын көтере бастайды. Олардың 
міндеті-көзқарастарымен біреумен кездесу. Қолынан келген екі жұп, ойыннан 
кетеді. 
Жаттығудан тыс бұл ойын əлеуметтік перцепцияны дамытады. 
12 ТРЕНИНГ 
 Жаттығу 
Жаттығу жұп бойынша орындалады. Тренер əркімге топтан барлығынан да 
онша 
танымайтын 
жұпты 
таңдауға 
ұсыныс 
жасайды 
(топтың 


қатысушыларынын көп танымайтын). 
Тапсырма. Əрқайсыларыңызға əріптесіңізге сіздің ойыңыз бойынша олқандай 
адам екендігін айту үшін бес минут уақыт беріледі. Сіз «Менің əңгімелесушім 
қандай адам?» деген сұраққа сай барлығын да айтуыңызға болады. 
Ары қарай қатысушылар шеңбер құрып отырады, əрқайсысына бір минут 
уақыт беріледі, осы минут ішінде өзінің əріптесін алдағы уақытта бір күн бойы 
бірге өткізетін адам ретінде елестету керек. 
Берілген жаттығу оны талқылау үшін əр түрлі мүмкіндіктер береді. 
Жаттығуды аяқтағаннан кейін топқа мынадай сұрақ қоюға болады: « Сіз өзіңіз 
туралы əңгіме естігенде өзіңізді қалай сезіңдіңіз?», «Жаттығуды орындау 
барысында сізде қандай ой пікірлер пайда болды?» жəне т.с.с Бұл жаттығуды 
орындап болғаннан кейін топта атмосфера жақсарады, топ қатысушылары 
арасында алшақтау азаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет