негізінде құрастырылған. Орындау үшін өзінің қиялын жандандыру қажет: Сіз
табысты, атақты жəне болашақтағы
бақытты ашық елестетіп, айқын қызмет
түрлерімен берік байланыс құра алсаңыз – жаттығудан соғұрлым əсер мықты
болады.
Басты идея – сіздің қызметіңізге жаңа қатынас құрастыру, оны өзіңіз үшін
қызықты жəне тартымдырақ ету.
Жаттығудың
бір жолғы орындалуы, əрине, жеткіліксіз. Сізге ұсынылған
тапсырмаларды жиі-жиі орындайтын болсаңыз, соншалықты олардың Сіздің
мотивационды шеңберіңізге əсері күшті болады.
Тапсырма
1. Сіз өз мақсатыңызға жеткеніңізді, сіздің арманыңыз орындалғанын, табыс,
атақ, байлық жəне бақытты өмірдің ақырында шынайы болғанын анығырақ
етіп елестетіп көріңіз. Тартымды, бақытты болашақтың бейнесін құрыңыз.
2.
Елестетіңіз, Сіз өзіңіздің мақсатыңыз үшін табандылықпен (бірақ
сүйіспеншілікпен) көп жұмыс жасайсыз. Сіздің нақты бір қызметті (мысалы,
бұл сабақ немесе кəсіби қызмет болуы мүмкін) үлкен рахаттанушылықпен
айналысып жатқаныңыздың бейнесін анық түрде қиялыңызда «айналдыру»
керек. Кейде бұд қызмет күрделірек, Сіз қииындықты сезесіз,
бірақ Сізге
қызықты жəне Сіз кедергілерді жеңіп, өз мақсатыңызға жетуге тырысасыз.
3. Бұл екі көріністі бір-бірімен байланыстыруға тырысыңыз. Мысалы,
маңызды тырысулар – табыс, бақыт, байлық жəне атақ жəне ұзақ жұмыстың
қорытындысы ретінде. Бұл көріністерді кезектестіріп үйлестіруге тырысыңыз
6 «Даралықты бағалауды үйренеміз» жаттығуы
Топ мүшелері шеңбер болып отырады, əрқайсысының парағы мен қарындашы
дайын. Жаттығудың басында əр адамның жеке ерекшелігі талқыланады. Кейін
əр қатысушы басқа адамдардан оны ерекшелейтін 3 қасиетін жазады. Ақпарат
жағымды түрде болуы керек.
Жұргізуші жазба хаттарды жинап алғаннан кейін,
қатысушылар шеңберге
тұрады. «Салют!» сөзімен жүргізуші жазба хаттарды лақтырады,
қатысушылар оларды жинайды. Содан кейін əрқайсысы оқып беріп,
жазба
хат авторын табады. Егер авторды таба алмаса, онда ол өзі шығып аталуы
керек.
Достарыңызбен бөлісу: