Психокоррекция на каз


«Шөлдеу» ойыны.  Мақсаты



Pdf көрінісі
бет51/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
тренингтік бағдарламалар

«Шөлдеу» ойыны
Мақсаты: Достыққа, бір-біріне көмектесіп қана нəтижеге жетуге болатына 
тəрбиелеу. 
Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін ыстық шөл 
даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп жүреді. Бір кезде тостағандардағы 
суларға кездеседі. Енді осы суды ішуге амал табулары керек (бір-біріне 
көмектесіп қана суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынынакөз 
жеткізеді). 


27 ТРЕНИНГ 
 
жаттығу «Нақты қошемет» 
 
Мазмұны. Қошемет – ол коммуникативті əдістердің кең таралған біреуі. 
Жағымды бағалау пікірін айту, басқа адамның сырт келбеті, оның мəнері жəне 
т.с.с біз сол адамға жағымды əсер қалдырамыз жəне сондай ақ сол адам жауап 
ретінде бізге жағымды жауап қайтарама деп үміттенеміз. 
Бірақта қошемет көбіне автор қалағандай нəтиже бермейді. Мұның мəнісі 
қошемет – ол тек қана сөз жəне көптеген адамдардың өмірлік тəжірбиесіне сай 
ойға салулары ол арзан түрде сөзге жай бос сөзбен есесін қайтару. Сондықтан 
көбіне – «Сен тамаша болып тұрсың!» деген сөзге жауап ретінде мынадай сөз 
естуге болады «Рахмет. Сенде кереметсің!» 
Мұндай «пинг понгтан» нақты қошеметтің көмегімен қашуға болуға болады. 
Нақты қошемет – əңгімелесуші əріптеске қатысты нақты неге екендігін айту: 
жағдайға байланысты əрекетінің манерасы немесе професиональдық не 
болмаса жеке жетістігі туралы: 
- «Сенің аяқ киімің өте əдемі!» 
- «Сіздің керегеңіңізде өте тамаша картина! Кастеевтің ең жақсы 
шығармаларын еске түсіреді!» 
- «Менің естуімше, сен ең үздік жыл мұғалімі ретінде таңдалыпсың! 
Құттықтаймын!» 
- «Мен көзімнің қиғыммен сенің жігітіңді көрдім! Ол өте жақсы екен!» 
- «Сен өте күшті ойлап таптың: подшипниктің орнына түйме қолдану керек 
екендігін!» 
- «Сенің сөйлегеніңіне əрдайым таңқалатынмын. Егер менде солай болса 
онда мен бұрында-ақ радиода жұмыс істеп жүрер едім!» 
Нақты жақсы қошемет үшін ең керектісі − басқа адамға деген қарым қатынаста 
байқампаздық. Келесі жақсы нақты қошеметші туылу үшін көптеген күн өтуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет