Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет20/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104
2. Сөйлейтін жан-жануарлар 

Үй  жануарлары  бар  адамдар  жануарлар  тіліне  «ресми-ғылыми»  кӛзқараспен 

қараудан  бас  тартады.  Мысық,  ит  және  тотықұстардың  иелері  ӛздерінің  жануарлары 

күрделі  тілдік  айтылымдардың  мағынасын  тіпті  бірінші  рет  естіп  тұрса  да  түсіне 

алатынына  мысал  келтіріп  жатады.  Бірқатарларының  айтуынша,  үй  жануарлары 

адамдармен  тілдесу  барысында  ӛздері  үшін  «табиғи  емес»  ӛзгеше  тілдік  сигналдарды 

шығарған. Дегенмен, кейбір тіл фрагменттерін пассивті игеруі жайында ғана  айта аламыз.  

Жануарлардың  адам  тілін  қолдануды  үйрену  мүмкіндігі    ертеден  адамдарды 

қызықтырған.  Ғылыми  бағыттағы  мұндай  ұмтылыстар  тек  адам  баласына  тән  интелект 

немесе  ерекше  тілдік  қабілетке  жануарлардың  қабілеті  жете  ме  деген  сұрақтарға  жауап 

беру ниетінде жүзеге асты.  

Адам  тілін  үйрену  үшін  ең  белгілі  кандидат шимпанзе  болып  табылады.  Себебі 

оның  генетикалық  коды  адаммен  98,4%  сәйкес  келеді.  1940  жылдары  американдық 

зоологтар  Кэти  және  Кейт  Хайес  (Cathy  and  Keith  Hayes)  жанұяларына  ӛздерінің 

ұлдарымен  бірге  тәрбиелеу  үшін  ұрғашы  шимпанзені  асырап  алады.  Үш  жылдан  кейін 

Вики есімді маймыл (Vicki - the speaking chimp) тек тӛрт ағылшын сӛзін айтуды үйренген 

(1-4)  


 

 

Жануардың сӛздері 



Транскрипция 

Аудармасы 

(1) 

mama 

мама 

мама 

(2) 


papa 

папа 

папа 

(3) 


up 

ап 

жоғары 

(4) 


cup 

Кап 

саптыаяқ (чашка) 

 

 1971 жылы американдық ғалым Дэвид Премак (Premack) Сара есімді маймылды 



құрамында түстерді (қызыл, кӛк), жемістерді (банан, шабдалы), іс-әрекеттерді (жуу, турау, 

алу)  және  бірнеше  функцияларды  (мысалы,  сұрақ)  білдіретін  130  магниттік 

карточкалардың кӛмегімен тілдесуге үйреткен. Сӛздердің (5) жасанды бірнеше тіркесінен 

тұратын  типтік  фразаларға  Сара  болымсыз  түрде  жауап  берген.  Маймыл  айтарлықтай 

қысқа мерзім ішінде мұндай примитивті синтаксисті меңгеріп алды.  

 

 



Жануарға арналған фраза 

Дұрыс фраза 

(5) 

Question banana red 

Is the banana red? 

аударма  Сұрақ банан қызыл 



Банан қызыл түсті ме? 

 



 

22 


Келесі  бір  американдық  приматологтар  жанұясы,  Рамболар  (Rambauhs),  Лана 

(Lana  the  computer  chimp)  есімді  шимпанзені  «еркиш»  (Yerkish)  деп  ӛздері  атаған 

қарапайым  жасанды  тілге  үйреткен.  Экспериментте  объектілер  мен  іс-әрекеттерді 

білдіретін  жеті  түрлі  түсті  болып  келген  тоғыз  түрлі  геометриялық  формалардың 

жиынтығынан  тұратын  фигуралар  қолданды.  Лана  қажетті  сӛйлемдерді  (6)  жасау  үшін 

компьютердің перне тақтасындағы белгілі бір пернелерді басуы керек. Лана жүздеген осы 

секілді  сӛйлемдерді  құрастырды.  Мұның  ӛзі  ғалымдардың  жануарлардың  тілге  деген 

қабілеті шектеулі деген қорытынды шығаруына мүмкіндік берді.  

 

 



Жануар фразасы 

Аударма  

(6) 

Please machine give milk 

Ӛтінемін, машина, бер сүт. 

 

1964 жылы американдық зерттеуші Лилли (Lilly) дельфиндерді ауа жұту арқылы 



адам  тілінің  дыбыстық  имитациясы  болып  келетін  дыбыстар  шығаруды  үйретуге 

тырысқан.  Жас  еркек  дельфин  Эльвар  «скуирт»  (ағыл.  squirt  –  су  тарамдары  (струйка) 

сӛзін еске түсіретін дыбысты айтуға үйренген.  

1979 жылы Гавай университетіндегі Луис херман екі дельфинге арналған арнайы 

бағдарлама  дайындаған.  Феникс  есімді  дельфинді  дыбыстық  тілді  түсінуге,  Акекамаи 

есімді дельфинді жест тілін ұғына білуге үйреткен. Оларды объектілер, іс-әркеттер және 

тіпті  түстердің  атауларын  білдіретін  30  сӛздерді  түсінуге  үйреткен.  Дельфиндер  жеке 

заттарды  әкелуді  үйренген,  сонымен  қатар,  олармен  (заттармен)  бірқатар  әрекеттер 

жасауды  үйренді.  Бұның  ӛзі  дельфиндер  табиғи  тілдегі  (естественного  языка)  сӛздер 

тәртібін меңгере алады деп айтуға мүмкіндік берді (7-8).  

 

 

Жануарларға арналған фраза 



Дұрыс фраза 

(7) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет