Психолингвистика пәні бойынша


Сөздік қордың белсенді түрде дамуы



Pdf көрінісі
бет28/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104
9. Сөздік қордың белсенді түрде дамуы 

Бала  тепешіктерден  еңбектеп  түсе  алатын  кезде  (бір  жарым  жас  шамасында) 

сӛйлеп  кететін  секілді  кӛрінеді,  ӛйткені  ол  ӛзіне  айтылған  сӛздің  кӛпшілігін  түсінеді. 

Әзірше сӛздік қоры кӛп емес – 3 сӛзден 50 сӛзге дейін, бірақ ол тілдесуге тырысады. 1 жас 

10  айдан  2  жасқа  дейін,  бала  екі  аяғымен  секіретін  кезде,  сӛздік  қоры  300  сӛзге  дейін 

жетеді.  Баланың  сӛздік  қорын  зат  есімдер  63%,  етістіктер  23%,  басқа  сӛз  таптары  14% 

құрайды, шылауларды жоқ деп айтуға болады. Сӛздік қорының кӛлемі ӛте тез кеңейіп, әр 

күні жаңа сӛздермен толығып отырады.  

Алғашқы  50  сӛзі  әдетте  бала  ӛзі  қолданып  жүруі  мүмкін  заттарға  қатысты 

болады.  Алайда  кӛптеген  ӛздігінен  әрекет  ете  алатын  заттар  да  бар  және  оны  қоршаған 

ортада жай ғана ӛмір сүретін заттар одан кӛбірек. Сонықтан да  шұлық (носки) тәрізді сӛз 

бұлт сӛзіне қарағанда кӛбірек қолданады.   

Бала  екі  жасқа  келгенде  «Мынау  не?»  деген  сұрақ  пайда  болады.  Олар  қасынан 

жүгіріп ӛткен баланың, алыста үрген иттің аты кім екенін білгілері келеді. Егер ересектер 

баланың  қызығушылығын  қанағаттандыра  алмаса,  олар  ӛздері  ат  ойлап  табады.  Бұл  -  

кішкентай  балаларда  жалпылаудың  ӛте  жоғары  деңгейде  дамуының  кӛрсеткіші  және 

сонымен қатар, нәтижесі болып табылады.   

Екі  жасар  бала  ӛмірінің  бірінші  жартысы  бойында  кӛп  мӛлшерде  заттар  мен  іс-

әрекеттердің  атауларын  меңгереді,  дегенмен  олардың  барлығы  әзірше  жеке  заттарға 

қатысты болады және жалпыланған мағынаға ие болған жоқ. Үш жас шамасында, бала үш 

аяқты  велосипедті  айдай  алатын  кезде,  лексиконының  ұлғаюының  ең  соңғы  шыңына 

жеткен  секілді  кӛрінеді:  сӛздік  қор  ӛте  тез  кеңейеді,  мыңдаған  сӛздерге  жетеді.  Осы 

кезеңде бала тағы екі-үш жүз сӛздерді түсінеді, алайда ӛзінің тілінде қолданбайды.  

Алты  жасында  бала  10 000  сӛзді  меңгереді.  Қарапайым  арифметикалық  есеп 

бойынша,  бұл  жаста  баланың  сӛзді  меңгеруінің  жылдамдық  қарқыны  күнде  20  сӛзді 

игерумен  анықталады.  Балаға  қарағанда  сӛйлейтін  шимпанзе  Вашо  21  айдың  ішінде  тек 

қана 34 жестті ғана меңгерді және максимум 4 айда - 160 жест. Әрине, Вебстердің сӛздік 

қорындағы  450 000  сӛзді  ешкім  білмейді,  дегенмен  осы  фонда  баланың  10 000  сӛзі  ӛте 

назар  аударуға  тұрарлық,  тіпті  белгілі  эрудит  Роберт  Броунингтің  сӛздік  қорындағы 

35 000 сӛздерімен салыстырғанда да. 

Баланың  сӛзді  меңгеруі  тез  жүзеге  асатындығы  соншалық  –  нақты  санап  білу 

мүмкін емес. Бала түсіне алатын пассивті сӛздік қор әрқашан ол қолданатын активті сӛздік 

қорға қарағанда кӛбірек екенін ескерген жӛн.  

Қорыта айтқанда, фонология мен синтаксиске қарағанда, семантика  - күрделірек 

жүйе,  бұл  жүйе  -  ӛміріміздің  түгел  ӛн  бойында  қосылып  отыратын  элементтер.  (Сӛздің 

мағынасы  уақыт  ӛте  келе  ӛзгеріп  отыруы  мүмкін  екенін  барлығы  біледі).  Және  жеке 

тұлғаның даму ресурстарының бірі осында.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет