Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет25/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104
6. Сөйлеуге дейінгі этап 

Тіл – белгілер жүйесі және олардың тіркесу ережесі. Бірақ тіл және дыбыстық пен 

жазбалық формаға ие. Бала тілді меңгеруді дыбыстық форманы меңгеруден бастайды.  

Тіл  дыбыстарының  артикуляциясын  меңгеру  -  ӛте  күрделі  мәселе,  және  бала 

жарты айлығынан бастап-ақ дыбыстарды айтуға «жаттыға бастаса да», оны меңгеруі үшін 

үш  жыл  қажет.  Барлық  қалыпты  даму  үстіндегі  балаларда  тілдің  дыбыстық  формасын 

меңгеруде және сӛйлеуге дейінгі реакциялардың (предречевых реакций) дамуында белгілі 

бір жүйелілік бар: гуілдеу, сыбызғы (свирель), былдыр, модульденген былдыр.  

Бұл  ӛзінше  ойын  секілді,  сондықтан  да  бала  ӛзіне  жақсы  әсер  алады.  Бала 

бірнеше  минут  бойында  бір  дыбысты  қажырлы  (упорно)  түрде  қайталай  беруі  мүмкін, 

осылайша тілдің дыбыстық артикуляциясына жаттығып жатқан секілді.  

Әдетте  нәресте  бірінші  рет  гуілдеуінен-ақ  анасы  онымен  сӛйлесуді  бастайды. 

Бала  анасы  айтқан  дыбыстарды  қағып  алады  және  қайталайды.  Мұндай  ӛзара  еліктеу 

процесі күрделі болып табылатын сӛйлеуге дейінгі реакциялардың (предречевых реакций) 

жылдам  дамуына  әсерін  тигізеді.  Баламен  сӛйлескенде  ол  ӛзін  және  ересек  адамдардың 

сӛздерін ести алмаса сӛйлеуге дейінгі реакциялары нашар дамиды. Мысалы, егер бӛлмеде 

музыка дауысы қатты шығып ойнап жатса, ересектер бір-бірімен әңгімелесіп жатса немесе 

басқа  балалар  шулап  кетсе,  бала  сӛйлемей  қояды  деп  айта  аламыз.  Тағы  бір  шарты  бар: 

бала ӛзімен сӛйлесіп отырған ересек адамның жүзін және ернін жақсы кӛруі қажет.  

Ӛмірінің  алғашқы  бірінші  жылының  соңында  балалар  ересектердің  арқасынан 

жеке  сӛздерді  қайталауға  тырысады.  Қыз-балалар  біршама  ертерек  –  8-9  айлығында 

сӛйлей бастайды, ал ұл-балалар 11-12 айлығында. 




 

26 


Эксперименттік  материалдар  бойынша,  балалардың  6  айлығында  айтатын 

дыбыстары  олардың  ана  тіліндегі  дыбыстарын  еске  түсіреді.  Бұл  мынадай 

психолингвистикалық  эксперимент  барысында  анықталды.  Түрлі  тіл  ӛкілдерінен 

(ағылшын,  неміс,  испан,  қытай)  болған  экспериментке  қатысушыларға  (испытуемые) 

белгілі  бір  тілдік  ортада  тәрбиеленіп  жатқан  балалардың  айқай,  гуілдеуі,  сыбызғы 

(свирель) және былдырларының үнтаспаға басылғанын ұсынды.  

 

Балалардың 



жасы, айы 

Этап 


атауы 

(название этапа) 

Дыбыстық  реакциялары 

(голосовые реакции) 

Физикалық 

дамуы 


(физические развитие) 

0-1,5 


Айқай 

айқай 


Жылайды, жымияды 

1,5 


Гуілдеу 

а-аа, уу-у 

Ішімен  жатып,  басын  кӛтере 

алады 

2-3 


Гуілдеу 

г-у, ш-т, бу-у, зы 

Ересектер 

берген 

сылдырмақпен ойнайды 

Сыбызғы 


(свирель) 

аль-ле-е-лы, агы-аы 

Ересектердің 

ұстап 

отыруымен отыра алады 



7-8,5 

Былдыр 


ба-ба, да, да (буын) 

Ересектердің  кӛмегімен  тік 

тұра алады 

8,5-9,5 


Модулденген  

былдыр 


(модулированный 

лепет) 


Түрлі 

интонациядағы 

мама, папа, дада секілді 

бірліктер 

Бас 


бармақ 

және 


сұқ 

саусақтың 

кӛмегімен 

заттарды ұстай алады 

   

Үнтаспаға  басылған  6-7  айлық  балалардың  сӛйлеуін  тыңдай  отырып 



экспериментке қатысушылар ӛздерінің ана тілінің дыбыстарын анық түрде тани алды.  

Баланың кейінгі дамуы мынадай:  

 

Жас 


мӛлшері 

Дыбыстық реакциялар 

Физикалық дамуы 

9,5  ай  –  1 

ж. 6 ай 

Сӛздер:  мама,  папа,  баба,  аға  (дядя),  амам 



(жеу).  Еліктеуіш  сӛздер:  ав-ав  (ит),  тик-

так (сағат), мӛ-мӛ (сиыр) 

Тұруға ұмтылады 

1 ж. 6 ай – 

1 ж. 8 ай 

Екі  сӛзді  фразалар  (Мама,  бер!)  Бұйрық 

райлы етістік 

Жүре алады 

1 ж. 8 ай – 

1ж. 9 ай 

Кӛптік жалғау формалары 

Тепешектен түсе алады 

 

10  айлығында  бала  барлық  зат  есімдерді  жекеше  түрдегі  атау  септігінде 



қолданады.  Кейінірек  (бір  жарым  жасында)  фразада  екі  сӛзді  байланыстыруға  (21) 

ұмтылады. Соңынан бұйрық райлы етістіктерді (22) меңгереді. Кӛптік жалғау формалары 

сӛйлеуде қолдана бастаса грамматиканы меңгеру басталады деп есептеледі.  

(21) Мама, бер!  

(22) Жүр-жүр! Бер-бер! 

Түрлі балалардың тілдік дамуы түрліше ӛрістейтіні - табиғи заңдылық.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет