Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет26/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104
7. Дыбыстық форманы меңгеру 

Баланың  сӛздегі  дыбыс  тізбегінің  жүйелілігін  (последовательности)  меңгеруі 

шартты байланыстар жүйесі ӛндірімінің (выработки) нәтижесі болып табылады. Бала ӛзін 

қоршаған адамдар тілінен белгілі бір дыбыстар тіркесін еліктеу арқылы қолданады. Тілді 

үйрене отырып, бала фонемаларды да меңгеріп отырады. Айталық, [р] фонемасы түрліше 

дыбысталуы  мүмкін  (сақауланып  айтады  (картаво).  Бірақ  орыс  тілінде  мұндай 

ӛзгешеліктер тілдесуде айтарлықтай маңызды емес, ӛйткені ол түрлі мағыналы сӛздердің 



 

27 


немесе  түрлі  формалы  сӛздердің  жасалуына  әкеледі.  Бала  фонемалардың  түрліше 

дыбысталу  варианттарына  кӛңіл  аудармайды,  бірақ  ӛзінің  ана  тіліндегі  дыбыстардың 

мәнді белгілерін ӛте тез қағып алады.  

Зерттеулердің  нәтижелеріне  сүйенсек,  баланың  фонемаларды  дәл  айта  алу 

қабілеті  (фонематический  слух)  ӛте  ерте  жаста-ақ  қалыптасады.  Алдымен  нәресте  ӛзіне 

арналған  сӛздердің  дыбыстарын  қоршаған  ортадағы  дыбыстардан  (есіктің  сықырын, 

жаңбыр  тамшыларының  дыбысын,  мысықтың  миялауын)  ажыратуды  үйренеді.  Бала 

ересектердің  аузынан  қағып  алып  отырғандай  қоршаған  орта  элементтерінің  дыбыстық 

формасын белсенді түрде іздейді. Алайда ересектерден ӛзіне алғанын ӛзінше қолданады. 

Балалар ӛздерінің қатал ретке келтірілген жүйесін (строго упорядоченную систему) жасап 

алады  деп  айтуға  әбден  болады.  Айталық,  1943  жылы  американдық  зерттеуші  Элен 

Велтен жазып алған баланың сӛзді дыбыстауының бірнеше үлгісі бар. Балада қатаң және 

ұяң  дауыссыздарын  қарама-қарсы  қоюдың  басқаша  принципі  орын  алғаны  байқалды: 

сӛздің басында тек қана b және d ұяң дыбыстарды, сӛз соңында тек қана t және p қатаң 

дыбыстарды айтады. Демек, бала үшін бұл даму сатысында дауыссыздардың тек қана екі 

тобы бар. Бұл принцип ересектер тілінде жоқ, алайда бұл принцип ретінде болып қалады.  

 

 

Ересек сӛзі 



Бала сӛзі 

   


Ересек сӛзі 

Бала сӛзі 

(23)  bad 

bat 

  (25) 


cat 

dat 

(24)  сup 



dup 

  (26) 


lamp 

bap 

   Заңдылықтың мұндай түрінің ӛзі баланың тілді игеру процесінде ӛзіндік аралық 

тілдік  жүйені  құрастыратынын  (собственную  промежуточную  языковую  систему) 

кӛрсетеді.  Нәтижесінде  ұяңдылық  контрастты  белгі  болып,  балаға  дауыссыздардың  

түрлері  бойынша  ӛзінің  қорын  кеңейтуге  мүмкіндік  береді.  Бала  ересектердің  мұндай 

ережесін  ӛзіне  қолданысқа  ала  алмады.  Бұл  жерде  бала  айталық,  [d]  дыбысын  айта 

алмайды  емес,  айта  алады,  бірақ  оның  ойынша  ол  дыбыстар  тек  сӛздің  басында  ғана 

тұрады.  Кейін  бұл  системаға  түзетулер  енгізеді,  бала  оны  ересектер  жүйесіне  дейін 

«жеткізеді».  

Фонология  жайында  айтатын  болсақ,  балаға  қажетті  контрасттарды  қабылдау 

үшін  дыбысты  айта  алу  міндетті  емес.  Бұған  орыс  (27)  және  ағылшын  (28)  тілдерінде 

лингвисттің баламен болған диалогы мысал бола алады:  

 

(27)  - Қызым, сенің атың кім? 



- Малина. 

- Малина? 

- Жоқ, Малина. 

- Малина деп айтып тұрмын ғой! 

- Малина, Малина! 

-  Мүмкін,  сенің  атың  Марина 

шығар?  

- Иә, Малина! 

(28) 


Recentlya  three  year  old  child  told  me  her 

name was Litha. I answered «Litha?»  

- No, Litha. 

- Oh, Lisa.  

- Yes, Litha. 

 

     Бала [л] және [р] және [ѳ ] және [z] дыбыстарын ажырата алатыныны анық. Ол 



ӛзінің дыбыстауының ересектегі имитациясын қабылдамайды, алайда ӛзі бұл ӛзгешелікті 

айта да алмайды.  

Сонымен, бала алдымен белгінің таза сыртқы құрылымын игереді, соңынан ол  -

белгілерге  сүйену  (оперирования)  процесінде  баланың  оны  дұрыс  функциональды 

қолдануына алып келеді. Негізі, қалыптасқан артикуляциялық аппарат жӛнінде бала алты 

жасқа келгенде ғана тұтас айтуға болады.  

 

 



 

28 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет