Психология ғылымдарының докторы, профессор Тоқсанбаева Н. К. Жоба



бет4/7
Дата21.11.2022
өлшемі14,84 Mb.
#51461
1   2   3   4   5   6   7

Адамгершілік-бұл рухани тәрбие. Адамгершілік адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын,елін,отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса,ол адам өзін-өзі сыйламайды. Рухани-адамгершілік тәрбиесі-өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды,жеке тұлғаның әдеп ұстанымын,оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.


Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны


Отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі, ұясы.
Отбасы мүшелерінің бір-біріне кісілік қарым-қатынас, эмоциялық сезімдері, ілтипат-ықыластары өмірінің жайымен, жанының табиғи бірлігіне, тұтастығына негізімен жақындық, үйелмен тәрбиесінің күші осында.
А.С.Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай деген: "Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиедегі бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз-онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше". Ол өз еңбектерінде ата-аналар беделі туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбиесінде бұл беделдің алатын орнын көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі ретінде


Мораль оқушыны тәрбиелеудегі кешенді тәсілдің құрамдас бөлігі болып табылады. «Адамгершілікті қалыптастыру адамгершілік нормаларын, ережелері мен талаптарын жеке тұлғаның мінез-құлқының біліміне, дағдылары мен әдеттеріне аудару және оларды тұрақты сақтаудан басқа ештеңе емес» деп жазады И.Ф.Харламов.
Адамгершілік тәрбиесі жалпыадамзаттық адамгершілік нормаларына сәйкес келетін, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бүкіл өмірін ұйымдастыру педагогикалық тұтас процесс ретінде ғана тиімді жүзеге асырылады. Біртұтас процестің нәтижесі – оның адамгершілік сезімдері, ар-ожданы, адамгершілік ерік-жігері, дағдылары, әлеуметтік құнды мінез-құлық бірлігінде моральдық тұтас тұлғаның қалыптасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет