Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет21/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111
1.3.2 Зоофорлық аттар
«Тіл-тілдің өз байлығының бірсыпырасы – ономастикасы мен топонимикасы да метафораға негізделген боп келе береді» [Жанұзақов Т.,1965,38 б]. Метафоралану, яғни еркін сөз тіркестері мағыналарының нақтылығы, олардың біріншілік – номинативтік мағынасында қолданылу жиілігінің жоғарылылығы. Ғалым В.П.Жуков тілде жиі қолданылатын адамның дене мүшелері аң-құс, мал, құрт-құмырсқа, құс, азық-түлік, киім-кешек, ыдыс-аяқ т.б атаулары метафораланады дейді [С.Талжанов, 175; 96-б].
Зооним (гр.zoo «жануар»+onіm.атау) – жан-жануар аттары. Ономастикада зоонимдер туралы қорғалған еңбек болғанмен, зоонимика сатира мен юмор жанры тұрғысында тілтанудың арнайы зерттеу нысаны болған емес. Шетел, орыс лингвистикасында зоонимдерді гиппоним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс), инсектоним (жәндік) т.б деп жіктеп, арнайы зерттейді. Жан-жануар, аң-құс, құрт-құмырсқа атауларынан жасалған жалқы есімдер зоофорлық аттар (ЗА) деп аталады [Н.В. Подольская, 1988; 60-б].
Әр халықтың ұлттық танымы әртүрлі. Грек есімдерінде антилопа, ара, аю, бобра, бұғы, маймыл, өгіз, пантера, тышқан, тасбақа, шегіртке т.б. аң-құс атаулары жиі кездеседі. Ал қазақтың төрт түлік малы – халықтың күнкөрісі, тұрмыс-тіршілігі: «кисе-киім, жесе-тамақ, ішсе-сусын, жүрсе-көлік» болған.
Жазушы М.Әуезов: «У казахов метафоры чаще всего связаны с животным миром (что так резко выражено в народном орнаменте), а узбеки культивируют мотивы, связанные с растительным миром»,– деп қазақтың ұлттық танымын ұлттық өрнектерден де байқауға болатынын айтады. Расында, төрт түлік мал халықтың барлық жан-дүниесін, ойлау жүйесін, психологиясын, тілін «жаулап алған». Халық жылқыны – желден, түйені – сордан, сиырды – судан, қойды – оттан жаралған деп есептейді. Төрт түлік мал қазаққа қандай қадірлі, қымбат болса, «бес саусақ бірдей емес» дегендей, сүйкімсіз адамның түсін, сиқын, жақсы-жаман мінезін, қылығын айқындап көрсету үшін, оны малдың мүшелерімен, мінезімен салыстырады, әртүрлі теңеулер жасайды.
Лексикалық мағынаның негізгі бөлігі – денотаттық (лат.denotatum – таңбаланушы, белгіленуші [Тiл бiлiмі сөздiгi, 1998; 99-б] ) компонент.
Шындық болмыс пен адам санасындағы идеалды құбылыстардың өз ұғымы болады. Осы заттар мен құбылыстарды семасиологияда денотат деп атайды, ал реалды заттар мен әлемнің сөзбен байланысын денотаттық фактор дейді. Деноттатық компонент шындық болмыстағы заттың атауға айналуынан, санада кез-келген заттың, оның бір пішіні, қасиеті арқылы бейнелеуінен қалыптасады. Бұл макрокомпонент өзгермелі, икемдік бейімделгіштік қасиетке ие болады. Сонымен, денотат дегеніміз – бір сөзді айтқанда, ойымызға түсетін соның белгілері. Мысалы, мөңіреу – сиырға, шөгу – түйеге, маңырау – қойға, кісінеу – жылқыға, қытқыттау – тауыққа, мияулау – мысыққа тән. Сөз мағынасының денотаты зерттеудегі ЗА-ға, мәселен, сиыр, түйе, ешкі, қой т.б. тікелей қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет