Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет2/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Алғысөз 
 
«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» 

жоғары мектепте филология 
факультетінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Кредиттік оқу жүйесі 
бойынша 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында аталған пәнге 
3 кредит бөлінген. Бұл синтаксис саласы үшін өте аз. Синтаксис бойынша 
берілетін материалдарды 3 кредитке сыйғызу да 

күрделі мәселе.
Пәннің білім мазмұны бойынша сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем 
синтаксисі (жай сөйлем және құрмалас сөйлем), бөгде сөздің түрлері және 
пунктуация туралы материалдар берілді. Синтаксис саласына қатысты 
ғылыми нәтижелердің негізі А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов және 
т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алғаны мәлім. Қазіргі қазақ тілінің 
зерттелуі үш кезеңге бөлініп ұсынылды (1920-1950 жылдар; 1950-2000 
жылдар; 2000-нан қазіргі уақытқа дейінгі кезең). Оқу құралында қазіргі 
қазақ тілінің синтаксис саласында өз шешімін тапқан мәліметтер ғана 
қамтылды.
Үлкен тақырыптар іштей тармақтарға жіктеліп ұсынылды. Мәселен, 
сөз тіркесі синтаксисі «Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі», «Сөз тіркесін 
топтастыру», «Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары» тәрізді 
тармақтарға сараланды. Әр тақырыптан кейін білім алушының білімін 
тексеру мақсатында сұрақтар берілді.
Студенттің білім, білік, дағдысын қалыптастыру үшін тапсырмалар 
(«ПОПС» формуласы, «Қос жазба» күнделігі, ойбөліс, ойталқы, 
синтаксистік талдаулар және т.б.) берілсе, олардың білімін таразылау 
мақсатында тест тапсырмалары қамтылды.
Қазіргі кредиттік оқу жүйесіндегі басты талаптың бірі болып 
табылатын СӨЖ тапсырмалары да оқу құралында берілді. СӨЖ 
тапсырмалары студенттің түйінді құзіреттіліктерін, қатысымдық, 
танымдық, проблемалардың шешімін табу, тілдік, қалыптастыруға 
бағытталды. СӨЖ тапсырмалары түрлендіріліп берілді (библиографиялық 
көрсеткіш дайындау, глоссарий түзу, картотека дайындау, кесте сызу, 
кластер құра, конспект, аннотация, тезис, баяндама, аспектілік реферат
жазу және т.б.). Бірақ бұл тапсырмаларды әр оқытушы өзінің қалауына 
қарай өзгертіп қолдануына болады.
СӨЖ тапсырмалары студенттің аталған пән бойынша игеретін 
білімдерін одан әрі тереңдете түсулеріне ықпал ете отырып, қажетті 
ақпараттарды сұрыптап қолдана алу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет