Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет45/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
(Қадыр Мырза Әлі )

Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Тапсырма: Қос нүктенің, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Бердібек Соқпақбаев туралы

Мен Бердібек Соқпақбаевпен «Балдырған» журналының редакциясында бірге жұмыс істедім.


«Өлгендер қайтып келмейді» романынан кейін Бекең біраз уақыт үнсіз қалды. Анда-санда жолыққанда жылы ұшырасып, құшақтап көрісеміз.
– Беке, не жазып жүрсіз? – деп сұраймын.
– Не жазушы ем? Түк те жазып жүргем жоқ. Менен маскүнемдер жақсы! Олар ең болмағанда бастарын жазады. Жазбайын демеймін, әрине! Жазғым-ақ келеді. Бірақ ақиқатты айттырмайды. Өтірікті жазғым келмейді! – дейді ол бір жағынан әзілдеп, бір жағынан мұңайып.
– Жазушы болып жаратылғаннан кейін әйтеуір бірдеңе жазуымыз керек қой! Жазушы жазбай жүре ала ма?! Жүре алады! Қиын! Бірақ амал жоқ!
Бірақ Азия-Африка жазушыларының Ташкентте өткен конференциясынан кейін кәдімгідей қорқып қалды. Өйткені ол содан кейін КГБ қадағалауына тап болды. Ресей жазушылары жасырын жазған дүниелерін шетелдерге шығарып, жариялап жатты. Бекең оны жақсы біледі. Ондай мүмкіндікті ойламады дейсіз бе?! Ойлады, құдай біледі.
Бастыруды мақсат етпесе, жазып бітіруді мақсат етті. Жаз күндерін көбіне-көп саяжайда өткізетін. Сол көлденең көзден аулақта тек арамшөп отап жатты дейсіз бе? Бірақ айналдырған жау алмай қоймайды деген.
Бекеңнің, әсіресе қолжазбасының соңына түскен тыңшылар түбіне жетіп тынғанға ұқсайды. Егер менің осы болжамым рас болса, онда ол қолжазба құрыды! Бұдан артық қандай қасірет болуы мүмкін!.. Өмірінің соңғы күндерінде Бердібек ағамыз көп нәрседен түңіле бастаған-ды. Төніп қалған қара бұлтты қатты сезінген болу керек!
(Қадыр Мырза Әлі)

?! Тапсырма. Тыңдаушылар мәтінді түгел жазбай, ұстаз оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөйлемдерді теріп жазады. І топ сұраулы сөйлемдерді, ІІ топ лепті сөйлемдерді, ІІІ топ хабарлы сөйлемдерді теріп жазады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет