Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағынабайланысқанқұрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады



бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі118 Kb.
#11789
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар




Шартты рай

-са да, -се де

Қайтсе де? Не етсе де?




Есімше

-ған/ген+-ша/ше

Қайткенше? Не еткенше?




Есімше

-ған/ген,-қан/кен+-мен  

Қайткенмен? Не еткенмен?




Шартты райдың болымсыз түрі

-ма/ме, -ба/бе, -па/пе+са/се

Қайткені (не еткені) болмаса?




Көсемше

-а/е, -й + тұра

Қайте тұра? Не ете тұра?




Есімше

-ған+ы+на(-ген+і+не)+ қарамастан

Қайткеніне (не еткеніне) қарамастан?

 

3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілінбілдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтасабайланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде?деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқысабақтастыңбағыныңқысыңарыныңбаяндауышытөмендегідей жолдармен байланысады:

1) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы:Жиналыс аяқталғанша (қашан?),тізім жасалып та болды.

2) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.

3) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістіккесоң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларыныңқатысуы арқылы жасалады.Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.

4) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістіккекезде, шақта, уақыттамезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылыжасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.

5) -ғалы/гелі, -қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.

6) -са/се шартты райдың жұрнағы және -ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ұлпа уәделі жергекелсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қысбасталысымен (қашан?),Ораз да аңға шығуға дайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет