Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет26/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

Абдусамат Қасым
ЖАСТАЙЫНАН ШЕТІНЕГЕН МҰСЫЛМАН ЕМЕСТІң 
БАЛАСЫ ЖӘННАТҚА КІРЕ МЕ?
 «Балиғатқа толмай қайтыс болған бала қиямет күні жауапқа тартылмай, тікелей 
жәннәтқа  кіреді»  дейді  ғалымдарымыз.  Өйткені,  Пайғамбарымыздан:  «Уа  Алланың 
Елшісі пейіште кім бар?», – деп сұрағанда, Ол (с.а.у): «Жәннәтта Пайғамбар, шейіт, 
нәресте бар»[1], – деп жауап берген екен. Бұл үкімнің аясына кішкентайынан қайтыс 
болған  өзге  дін  иелерінің  балалары  да  кіреді.  Олай  болған  себебі,  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.у.)  жәннәтта  Ибраһим  пайғамбарды  көргендігін  және  оның  айналасында 
жастайынан қайтыс болған балалар бар екендігін айтқанда, қасындағы сахабалар: «Уа 
Алланың  Елшісі,  мүшриктердің  балалары  ше?»,
  –  деп  сұрайды.  Сондай  сүйікті 
Пайғамбарымыз: «Олардың балалары да бар!» – деп жауап берген екен[2].
[1] Асқалани, Фатхуль Бари, 1317-хадис түсіндірмесі. Хасан Хадис. 
[2] Имам Нәуәуи, Сахих Муслим шархы, Китабуль қадар, 2658-хадис түсіндірмесі. Сахих.
НАМАЗДАҒЫ БӨТЕН ОЙЛАРДАН АРЫЛУ
Егер адам намаздың тек сыртқы парызын ғана орындап, ішкі дүниесі бықсып 
жатса - Алла Тағаланың алдындағы айыбы болмақ.
Алла Тағала: «Мен сендердің ішкі дүниелеріңе, жүректеріңе қараймын» -деген. 
Жүзімізді құбылаға бұрған кезде өзімізден: «Жүрегімнің де жүзі қарап тұр ма?» деп 
сұраған абзал.
Адам намазда тұрғанда өзін Алланың алдында тұрмын деп есептеуі керек. Алла 
- әлемдердің раббысы, патшалардың патшасы.
Бізге  көп  жерде  екі  таңдау  болады.  Біріншісі  -  Алланың  жолы,  екіншісі  -  
Алланың дүниесі. Дүниені таңдар болсақ, нәпсіге еріп, өзіміздің көңіл қалауымызды 
орындағанымыз, яғни Жаратушымызды ұмытқанымыз.
«Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим,  Әлхамду  лилләһи  раббил-’аләмиин,  әр-
рахмаанир-рахиим» деп  намазды  бастаймыз. «Әлемдердің  раббысына  мақтаулар 
болсын» деген мағынаны білдіреді. Әлемге Алла Тағаладан басқаның бәрі кіреді.
Намаз  оқығанда  Алладан  басқа  Тәңір  жоқ  екендігін,  Алланың  мейірімді, 
кешірімшіл екендігін есте сақтап, ұлылығына бас  июіміз керек.
«Иһдинас-сираатал-мустақиим»  -  «тура  жолдан  айыра  көрме» деген  сөз.  
Бізді жаннатқа бастайтын жолдан айыра көрме. Бұдан артық сұрау да, дұға да жоқ.  
Себебі, ең үлкен бақыт - ол жұмақ.
Алла Тағаланың ризалығына кімдер бөленетінін Жаратушы Иеміз Құран Кәрімде 
көрсеткен.  Олар:  пайғамбарлар,  сахабалар  мен  шыншылдар  және  ізгілер.  Бізді  тура 

191
жолға бастай гөр дегенде «Бізді де сол пайғамбар, сахаббалардың жолына сала гөр. 
Солармен бірге жұмақтан орын бере гөр. Бізді де солармен бірге тірілте гөр» деген 
оймен сұраймыз.   
Біз  Алладан: «Алланың  тура  жолынан  тайғандар  мен  қаһарына 
ұшырағандардан сақтай гөр» дегенімізбен дәл солардың жолымен жүреміз. Солардың 
жүрісін, салт-дәстүрлерін, мейрамдарын қабылдаймыз. Олар – біздің иманымызға тура 
келмейді.
Дұғаларды оқып болған соң, «Әмин» деп бата қайырамыз. Ол –біздің тілегімізді 
қабыл  ете  гөр  деген  мағына.  Ал  сол  тілегімізді  қабыл  ететін  бір  Алла  ғана  екенін, 
құлшылық етуге Раббымыз ғана лайықты екенін ұмытпағанымыз жөн.
Ерсін Әміре
МҰХАРРАМ — ЖЫЛ БАСЫ
Мұхаррам – һижра жыл санауы бойынша жаңа жылдың бірінші айы. Бұл ұрыс 
– жанжал, қан төгу харам етілген қасиетті төрт айдың бірі. Мұхаррам айының қадір-
қасиеті жөнінде қасиетті Құранның аяттарында және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис 
шәріптерінде кеңінен баяндалған.
Қасиетті Құранда Алла Тағала: «
Тегінде, аспан мен жер жаратылған күннен 
бастап,  Алла  айдың  санын  он  екі  етіп  белгілеген.  Оның  төртеуі  (Зулқағда, 
Зулхижжа, Мұхаррам, Режеп) соғысуға тыйым салынған айлар.
Дінде бұл дұрыс. 
Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар. Бірақ, кәпірлер 
бірігіп  алып,  сендерге  шабуыл  жасаса,  сендер  де  бірігіп  оларға  қарсы  шабуыл 
жасаңдар. Естеріңде болсын, Құдай қашанда діндарлар жағында» («Тәуба» сүресі, 
36-аят),- деген.
Расулулла  (с.ғ.с)  хадисінде:  «Бұл  қасиетті  айларда  жақсылық  көбейеді.  Алла 
Тағала  пендесінің  иманына  қуат  береді.  Бұл  күндерде  Алланың  рахметі  көбейеді. 
Осындай күндерде құлшылық ету және ораза тұту арқылы сіз де Алланың рахметіне 
бөленіңіз»,- десе, тағы бір өсиетінде: «Бір кісі осы қасиетті айлардың бейсенбі, жұма, 
сенбі  күндерінде ораза  ұстаса,  Аллаһ  Тағала  ол  кісінің  үш  күндік  тұтқан  оразасына 
екі жылдық оразаның сауабын береді. Егер сәрсенбіден тұтып, жұма күні садақа берсе 
Аллаһ  Тағала  ол  кісінің  барша  күнәларын  кешіреді»,-  деп  мұхаррам  айында  ораза 
ұстаудың артықшылығын баян еткен.
Мұхаррам айының оныншы күні – Ашура күні. Ашура – арабша  «оныншы» яғни, 
мұхаррам айының оныншы күні дегенді білдіреді. Бұл күнде өте көп оқиғалар болған. 
Сол себепті де біз бұл күнге көбірек мән беруіміз керек. Фақих Әбу Ләйс Самарқанди 
ашура күні болған оқиғаларды былайша тізбектейді:
1. Жер мен көктің жаратылуы;
2. Адам (ғ.с.) тәубелерінің қабыл етілуі;
3. Мұсаның (ғ.с.) Перғауын зұлымдығынан құтылуы және Перғауынның өлімі;
4. Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) туылуы;
5. Аюбтың (ғ.с.) кеселінен айығуы;
6. Жүністің (ғ.с.) балық қарнынан аман шығуы;
7. Сүлейменге (ғ.с.) салтанат берілуі;
8. Нұһтың (ғ.с) кемеден түсуі; 
9. Хазреті Хусейннің өлтірілуі.
Ашура күні отбасына жақсылық жасау туралы
Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  риуаят  етілген  хадисте  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с):  «Кім 

192
мұхаррам айының оныншы күні, яғни Ашура күні отбасына және жағдайы жоқ кедей-
кепшіктерге жеңілдік пен кеңшілік жасаса, Алла Тағала ол кісіге жыл бойы жеңілдік 
және  кеңшілік  жасайды»,-  деген.  Ислам  —  ізгілік  пен  әділет  және  мейірім-шапағат 
діні.  Сондықтан  да,  дініміз  Аллаһқа  және  ақырет  күніне  иман  келтірген  жандарды 
мұқтаждарға,  жетім-жесірлерге  қамқорлық  пен    қайырымдылық  жасауға  бұйырады. 
Сөзімізді  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  мына  бір  хадис  шәріпімен  сабақтасақ:  «Кім 
жетімнің  басын  сипаса,  Аллаһ  Тағала  әрбір  шашының  талы  үшін  жақсылықтар 
жазады.  Кім  Ашура  күні  ораза  ұстаған  бір  момынның  аузын  аштырса,  Мұхаммед 
(с.ғ.с.) үмметтерінің барлығының аузын аштырғанның сауабын алады», – деп, үмметін 
құлшылыққа құлшындырады.
Ашура күні ораза ұстау
Ашура  күні  ораза  ұстау  жайында  Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «
Ашура  сіздерден 
бұрынғы  бір  пайғамбардың  мейрамы.  Ол  күнді  оразамен  өткіз»  (Баззар,  Әбу 
Һурайра),- деп баяндаған.
Мына  бір  ғибратты  өсиет  Ибн  Аббастан  (р.а.)  жетті:  «Пайғамбарымыз  (с.а.у.) 
Мәдинаға хижрет еткеннен кейін ондағы яһудилердің мұхаррам айының оныншы күні 
ораза ұстайтынын байқады. Яһудилерден бұл жайында сұрағанда: «Бұл Аллаһ Тағала 
Мұса  (ғ.с.)  мен  Исраил  ұрпақтарын  Перғауынның  зорлық-зомбылығынан  құтқарған 
күн. Біз сол күннің құрметі үшін ораза ұстаймыз», - деген жауабын естіген Аллаһ Елшісі 
(с.ғ.с.): 
«Мұсаға (ғ.с.) олардан біз жақынырақпыз», - деп мұхаррам айының оныншы 
күні ораза ұстауға өсиет етті.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ашура күні ораза ұстап, сахабаларына да соны ескерткен 
болатын.  Бірақ,  ол  кезде  Рамазан  оразасы  парыз  етілмеген  еді.  Кейіннен  хижраның 
екінші жылы рамазан оразасын ұстау парыз етілгеннен кейін Ашура күні ораза ұстауды 
сахабалардың өз еркіне салды. Бұл туралы Айша анамыз (р.а.) риуаят еткен хадисте: 
«Жәһилиат  дәуірінде  Құрайыш  қабиласы  мұхаррам  айының  оныншы  күні  ораза 
ұстайтын.  Расулуллаһ  (с.ғ.с.)  та  бұл  оразаны  ұстайтын.  Мәдинаға  һижрат  еткеннен 
(қоныс  аударғаннан)  кейін  бұл  оразаны  Аллаһ  Елшісі  (с.ғ.с.)  ұстап,  оны  басқаларға 
да  бұйырды.  Рамазан  айында  ораза  ұстау  парыз  етілгеннен  кейін: 
«Қалаған  адам 
мұхаррам  айының  оныншы  күні  ораза  ұстасын,  қаламаса  ұстамасын»  деген 
(Мүслим). Яғни, бұл мәселе мұсылман баласының өз еркіне салынған.
Пайғамбарымызға (с.а.у.) Әли (р.а.) бастаған бір топ сахабалар келіп: «Ей, Аллаһ 
Елшісі!  Рамазаннан  басқа  уақытта  ораза  ұстау  әмір  етілсе,  қайсы  айды  және  қайсы 
уақытта ораза ұстауды бұйырар едіңіз?» - деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Рамазаннан  басқа  бір  айда  ораза  ұстауды  қаласаң  мұхаррам  айында  ұста.  Өйткені 
мұхаррам  Алланың  соғысу  харам  етілген  айы.  Сол  себепті  осы  айда  ауыз  бекіт. 
Бұл  айда  бір  күн  бар,  ол  күні  Алла  Тағала  бұрынғы  өткен  қауымдардың  кейбірінің 
күнәсін кешірген. Алла Тағала бұрынғы өткен қауымның күнәсін кешіргеніндей басқа 
қауымдардың да күнәсін кешіруді нәсіп етті» (И.Тирмизи), - дейді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзге хадистерінде рамазан айының оразасынан кейінгі 
ең абзал ораза Алла Тағаланың қасиетті айларының бірі мұхаррам айының оразасы, 
ал парыз намазынан кейінгі ең абзал намаз түнгі намаз екендігі айтылған. Әбу Ләйс 
Сарақандидің  кітабында  Адам  атаның  (ғ.с.)  тәубесін  Алла  Тағала  мұхаррам  айында 
қабыл етіп, Дәуіттің (ғ.с.) күнәсін де осы ай ішіндегі Ашура күні кешіргені жазылған.
Мұхаррам айында оқылатын нәпіл намаздар
Мұхаррам  айының  бірінші  түні  (Зулхижжа  айының  соңғы  күні  мен  мұхаррам 
айының бірінші күнін байланыстырған түн) екі ракат намаз оқылады. Намаздың ниеті: 

193
«Ей Алла, біз үшін бұл жылды берекелі ет. Екі дүние жақсылығын беріп, рахметіңе 
бөлей гөр. Аллаһу акбар».
Намаздың  екі  ракатында  да  7  рет  «Фатиха»,  7  рет  «Аятүл  күрси»  және  7  рет 
«Ықылас»  сүресі  оқылып,  намаздан  кейін  11  рет  истиғфар  және  салауат,  зікірлер 
айтылады.
Мұхаррам айының бірінші және оныншы күндері ақшам мен құптан намаздары 
арасында арасында екі ракаттан алты ракат намаз оқылады. Намаз үшін «Иә, Аллаһ, 
сенің  разылығың  үшін  намаз  оқуға  ниет  еттім.  Менде  біреудің  хақысы  болса  одан 
құтылуды нәсіп ет. Аллаһу акбар» деп ниет етіледі.
Бірінші  ракатта  «Фатиха»  сүресінен  кейін  бір  рет  «Аятүл  күрси»  және  11    рет 
«Ықылас» сүресі, үшінші ракатта «Фатиха» сүресінен кейін бір рет «Такасүр» және 11 
рет «Ықылас» сүресі, төртінші ракатта «Фатиха» және 10 рет «Ықылас» сүресі, бесінші 
ракатта «Фатиха» сүресі, 11 мәрте «Ықылас» және «Кафирүн» сүресі, алтыншы ракатта 
«Фатиха» және 10 мәрте «Ықылас» сүресі оқылады.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егерде бір кісі Ашура күні шын ниетімен төрт 
ракат нәпіл намазын оқыса, ол намаздың әр ракатында «Фатиха» сүресіне «Ықылас» 
сүресін  10  реттен  қосып  оқыса,  бұл  оқыған  намазы  Аллаһ  Тағаланың  құзырында 
есептеледі. Қашан мұхаррам айы туып, Ашура күні келсе, тау-таста жүрген хайуандар 
ораза тұтқандай болып шөп жемей, су ішпей таң атқаннан күн батқанға дейін бастарын 
көкке созып Алла Тағаланың рахметінен үмітті болады», - деген.
Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ
ЖАН ТӘСIЛIМ ХАЛIНДЕГI АДАМ ЖАЙЛЫ ҮКІМ
Жан тапсырғалы жатқан адамды оң бүйiрiне жатқызып жүзiн құбылаға бұру сүннет. 
Себебі хазреті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға келген кезде Барр ибн Маърур деген 
кісі жайлы сұрады. Сахабалар (р.а): «
Ол дүниеден өтті. Малының үштен бірін саған 
беруді және жан тәсілім етерде жүзін қыбылаға қаратуды өсиет етті», - деп жауап 
берді.
 Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Онда ол исламды таңдапты. Малының үштен бірін 
баласына  қайтардым»,  -  деген.  Маулана  Низам  «әл-Әламгирия»  пәтуәларында  да: 
«
Жан тәсілім халіндегі кісі оң бүйіріне жатқызылып жүзі құбылаға қаратылады. 
Бұл сүннет амалы»,-делінген. 
«Әл Бахр ар-Раиқта»: «Жан тәсілім халіндегі кісі оң бүйіріне қыйсайтыңқырап 
жатқызылып жүзі құбылаға қаратылады. Себебі ол ғибрат етілген сүннәт. Оны орындау 
қиын болса, онда аяғын қыбылаға бағыттап, шалқалай жатқызып, басын көтерiңкiреп, 
жүзi құбылаға қаратылады»,-делінген.  Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә 
иллаллаһ”  кәлимасын  айту  үшін  қасында  шәһада  кәлимасын  (куәлік  сөзі)  қайталап 
тұру – мұстахаб. Себебi, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ибн Омар Әбу Хафс (р.а.) риуаят еткен 
хадис шаріпiнде:
«Жан  тапсырайын  деп  жатқан  адамға  «
Лә  иләһә  иллаллаһ”  кәлимасын  айтып 
тұрыңдар.  Өйткенi,  өлiм  халiндегi  мұсылман  «Лә  иләһә  иллаллаһ”  десе  тозақтан 
босатылатынына шүбә жоқ, - деген. Бурһан ад-Дин әл-Марғинанидің «Һидаясында»: 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «
Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ» 
деп айтып тұрыңдар», - деген хадисіне қоса, шәһадат кәлимасын айт дейді.  Өлім 
халінде жатқан адамға қырылдап қалмай тұрып «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ уә әшһәду 
әннә Мухаммадар расулуллаһ», - деп кәлиманы жай дауыспен айтып тұру керек. Бiрақ, 
бұл сөзді айтқызу үшін зорламау керек. 

194
«Лә иләһә иллаллаһ” дегеннен соң дүнияуи сөз сөйлемесе, оған аталмыш кәлимәнi 
қайталатудың қажетi жоқ. Ал, егер кәлимәдан кейiн дүнияуи сөз сөйлеп қойса, онда 
кәлимәнi  қайта  айтуы  үшін  есіне  салған  жөн.  Жан  тапсырайын  деп  жатқан  кісінің 
жанында  бала-шағасы  мен  ең  жақын  адамдары  және  дос-жарандарының  болуы  – 
мұстахаб. Маулана Низам (р.а.) «әл-Аламгирия фәтуәларында» да: «Қасында тұрған 
кісілердің  сырқатқа  дұға  етуі-  мұстахаб»,  -  делінген.  «Әл-Бахр  ар-Раиқта»:  «
Хайз 
(етеккір) немесе нифас (әйелдерде босанғаннан кейінгі) жағдайдағы әйелдер және 
жүніб, яғни ғұсыл құйынуы тиіс жандар жан тапсырайын деп жатқанда жанында 
болмағаны жөн. Қайта өлім халінде жатқан кісінің қасына хош иісті әтір қою – 
мұстахаб»,-деген. 
Өлім халінде жатқан кісінің қасында қасиеттi Құранның «Йәсин” – сүресiн оқу 
мұстахаб. Себебi, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Әбу Дәуд (р.а.) риуаят еткен хадис шаріпiнде:  
«Ауырып өлiм халiнде жатқан адамның қасында Йәсин сүресi оқылса, ол шөлi қанған 
күйiнде жан тәсілім етеді, шөлі қанған күйінде қабiрге кiредi және қиямет күнiнде де 
шөлi қанған күйiнде қайта тiрiледi”,- деген. Әл-Аламгирия» және «Бахр ар-Раиқта»: 
«Йасин  сүресін  оқу  мустахаб  және  оны  жан  тәсілім  еткенше  оқиды»,  -  делінген.  
Әбу Ханифа (р.а.) мазхһабы ғұламалары өлім халінде жатқан кісі жанында «Йасин» 
сүресін оқуды жөн санаған. Ал, қайтыс болған кісі жуылғанға дейін жанында Құран 
оқу  мәкрүһ.    Жан  тапсыратын  адам  Аллаһ  тағала  туралы  жақсы  ойда  болуы  керек. 
Өйткенi Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің имам әл-Бұхари, имам әл-Муслим (р.а.) риуаят 
еткен хадисте:  «Аллаһ тағала өзін жарылқайды және рақымына бөлейді»,- деп өлiм 
халiндегі  кісі  Аллаһ  Тағала  туралы  тек  жақсы  ойда  болулары  керек”,–  деген  және 
құдси хадисте Аллаһ Тағала:  « 
Құлым мен жайлы қандай ойда болса, мен де сондай 
боламын”, – дейді. Жан тапсырғалы жатқан адамның қасында отырған кiсi оны Алла 
тағала туралы жақсы ойға бағыттап отыруы – мұстахаб. Жан тапсырған соң мәйіттің 
көзiн  жұмдыру  және  де  оның  көзін  жұмдырып  жатқан  кісі:  «
Бисмилләһи  уә  ъалә 
милләти  расулилләһ  (с.ғ.с.)”  деуі  –  сүннет.    Сахабаларының  бірі  Әбу  Салама  (р.а) 
қайтыс болғанда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осылай айтқаны туралы риуаят етілген.
ҒҰСЫЛ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАЖЕТ?
Ерлі-зайыптылар жыныстық қатынаста болса, ұйқыда немесе ояу кезінде ләззатпен 
шәуіт  шықса  жүніп  болады.  Сонымен  қатар,  есінен  танған,  мастығынан  айыққан, 
ұйқысынан тұрған адам бойынан ылғал бір нәрсе тапса, ғұсыл құйынғаны абзал. Бұл 
жағдайларда намаз оқуға, Құран ұстауға болмайды.  Хайыз - босану мен науқастанудан 
тыс  уақыттарда,  9  –  55  жас  аралығындағы  әйелдердің  жатырынан  келетін  қан.  Ол 
ең  азы  3  күннен  10  күнге  дейін  жалғасады.  Ондай  кезде  намаз  оқуға,  ораза  ұстауға 
болмайды. Бірақ, оразаның қазасын ұстайды, ал намаздың қазасы оқылмайды.  Нифас 
– әйел адам босанғаннан кейін жатырынан келетін қан. Нифастың ең азы әйел кісілерге 
байланысты өзгереді, ал ең ұзақ уақыты – қырық күн. Әйелдер мұндай жағдайда намаз 
оқи алмайды. Ораза да ұстай алмайды, бірақ оразаның қазасын өтейді.
ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРА АЛМАЙТЫН КІСІ ӨЗІНІң ОРНЫНА БАСҚА БІРЕУДІ 
ӨКІЛ РЕТІНДЕ ЖІБЕРЕ АЛА МА?
Ислам дінінде ғибадаттар үш түрге бөлінеді: 
1.Тек қана денемен орындалатын ғибадаттар: намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, 
т.б.
2.Тек қана дүние-мүлік, байлықпен орындалатын ғибадаттар: зекет, пітір садақасы, 

195
құрбан шалу, т.б. 
3.Әрі  малмен,  әрі  денемен  орындалатын  ғибадаттар:  қажылық  ғибадаты. 
                Бұл  ғибадаттардың  кез-келгенін  нәпіл  ретінде  орындап,  сауабын  өлі  болсын, 
тірі  болсын  басқа  адамға  бағыштауға  болады.  Бірақ,  бұл  ғибадаттарды  мойнындағы 
парызынан құтылу үшін басқа біреуге өкіл ретінде орындатқызу мәселесі мүлдем бөлек 
екенін  ескертейік.  Тек  қана  денемен  атқарылатын  намаз,  ораза  сияқты  ғибадаттарда 
өкілдік  мүлде  жүрмейді.  Яғни,  ешкім  басқаның  орнына  мойнындағы  парызынан 
құтылдыру үшін намаз оқып, ораза ұстай алмайды. Ал, тек қана малмен атқарылатын 
зекет  беру,  құрбан  шалу  сияқты  ғибадаттарда  өкілдік  толығымен  жүреді.  Мысалға, 
малының зекетін басқа бір адам өкіл ретінде керекті орындарға беруіне болады. Ал, 
қажылық сияқты әрі денемен, әрі малмен орындалатын ғибадаттарда өкілдіктің жүруі 
үшін  қажылығын  орындай  алмай  өліп  кету,  жазылуы  мүмкін  болмаған  ауыр  науқас, 
қатты кәрілік сияқты бөгеттердің болуы керек.
Қажылықта  өкілдіктің  кейбір  жағдайларда  жүретіндігіне  байланысты  дәлел 
ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бірнеше хадисі бар. Мысалға, мына екі хадис бұл 
дүниеден  қажылыққа  бармастан  көз  жұмып  кеткен  кісілердің  орнына  өкіл  ретінде 
қажылыққа баруға болатындығын білдіреді: 
Жүһәйнә тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп былай деді: 
- Уа, Аллаһтың Елшісі, менің шешем қажылық ғибадатын жасауға уәде берген еді, 
бірақ орындай алмай бұл дүниеден көз жұмды. Оның орнына қажылыққа барсам бола 
ма? 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: 
-  Иә,  оның  орнына  қажылыққа  бар.  Қалай  ойлайсың?  Шешеңнің  басқа  біреуге 
қарызы болса өтейтін бе едің? 
 - Иә, өтеймін, – деді.
- Олай болса, Аллаһ Тағалаға болған қарызын да өтеңдер. Өйткені, қарызы өтелуге 
ең лайық – Аллаһ Тағала. Басқа бір уақытта бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: 
-  Әкемнің  мойнына  қажылық  парыз  бола  тұра  бұл  дүниеден  өтіп  кетті.  Оның 
орнына қажылыққа барсам бола ма?, – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
-  Қалай қарайсың, әкеңнің қарызы болса өтейтін бе едің?», – деді.
-  Иә, өтеймін». – деді сахаба. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олай болса әкеңнің орнына 
қажылыққа бар, – деді.
  Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра көзінің тірісінде қажылыққа бара 
алмағандар дүниеден өтерден бұрын артында қалған мирасқорларына өзінің орнына 
өкіл жіберулерін талап етіп, өсиет етулері уәжіп. Қажылық ғибадаты мойнында парыз 
бола тұра бұл дүниеден қайтқан кісілердің мұндай өсиеті жоқ болса, артында қалған 
мирасқорлары  өкіл  ретінде  басқа  біреуді  жіберуге  міндеттелмейді.  Бұл  дүниеден 
қажылық  ғибадатын  орындай  алмай  қайтып  кеткен  кісілердің  орнына  өкіл  ретінде 
қажылыққа баруға болатыны сияқты, қажылықты орындай алмайтындай дәрежеде ауру 
немесе кәрі болғандардың орнына да қажылыққа баруға болады. Хаасам тайпасынан 
бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:: 
    -  Уа,  Аллаһтың  Елшісі!  Аллаһ  Тағаланың  құлдарына  парыз  қылған  қажылық 
ғибадаты әкеме кәрілігінде парыз болды. Бірақ, ол бұл қажылық жолына шыдай алмайды. 
Мен оның орнына қажылыққа барсам бола ма?, -- деп сұрақ қойды.   Пайғамбарымыз 
(с.а.у.): «Иә», – деп жауап қатты.

196
АҒЗАНЫ АУЫСТЫРЫП САЛУ (ТРАНСПЛАНТАЦИЯ) ТУРАЛЫ 
Кей жағдайда шариғат рұқсат етпеген үкімдердің зәрулікке байланысты өзгеруі 
мүмкін.  Мысалы,  аяғы  ауыр  әйел  адам  дүние  салса,  құрсағындағы  тірі  шарананы 
ананың ішін жарып алады. Өйткені анасы қайтыс болса да, тірі бала құтқарылып, өмір 
сүруі қажет. Осы үкімге сүйенген шариғат ғалымдары ағзалардың ауыстырылуына да 
рұқсат беруде. Бұл жағдайда көбіне қайтыс болған адамның ағзасы (жүрек, бауыр, көз 
т.б.) ауыстырылуда.
  Бұл  туралы  Каирдегі  әлемдік  әл-Әзһар  университетінің  ғалымы  Ахмад  әш-
Ширбаси  былай  дейді:  «
Бұл  отаны  жасар  алдында  кейбір  мәселелерді  ескеріп, 
орындаған жөн. Ағза тек өмір мен өлім арасындағы адамға ғана ауыстырылуы 
керек.  Сонымен қатар бұл ота туралы негізінен сол саланың білікті маманының 
шешім қабылдап, жасағаны дұрыс. Мұны кез келген дәрігер жасай бермейді. Оған 
қоса, қайтыс болған адам ағзаларын беруге келісім білдірген қағаздың да болуы 
шарт. Келісім туралы қағаз болмаған жағдайда мәйіт жақындарының ризалығы 
керек. Ал, қайтыс болған адамның «мен қайтыс болғанда денеме тимеңдер» деген 
өсиеті  болса,  онда  ешкімнің  оған  тиісуге  хақысы  жоқ.  Дене  ағзасы  тек  қайтыс 
болған адамнан ғана алынады. Тірі адамнан алынбауы тиіс. Тіпті өлім аузында 
жатқан  адамның  да  ағзасы  алынбауы  керек.  Кейде  дәрігерлердің  өзі  үміттерін 
үзген  адам  Алланың  құдіретімен  қайта  өмірге  қауышып  жататын  жағдайлар 
да кездеседі. Сондықтан да өлім аузындағы адамға «енді өледі ғой» деп ағзасын 
өзгеге ауыстыру, дініміз бойынша, дұрыс емес. Кейде тірі адам екі бүйрегінің бірін 
өлім аузында жатқан адамға беріп жатады. Бұл жерде де ағзасын берген адамға 
зиян болмаса ғана рұқсат»
Мұндағы мақсат адам өмірін сақтау болғандықтан, ағза беру аса зәру жағдайда ғана 
қолданылады. Құранда «кімде кім жазықсыз адам өлтірсе бүкіл адамды өлтіргенмен 
тең. Ал бір адамды өлімнен құтқару бүкіл адамды құтқарғанмен тең» («Маида», 32-
аят) екені айтылған. Осыған сүйенген ғалымдар қансырап жатқан адамға да қан беруге 
болатындығын  айтқан.  Тіпті,  қан  мұсылман  емес  адамнан  алынса  да  жарайды.    Өз 
ағзаларын  өзгелерге  берген  адам  ол  үшін  ақы  сұрамауы  керек.  Өйткені  адам  ағзасы 
дүкенде не базарда сатыла беретін тауар емес.
АЗАН ШАҚЫРЫЛҒАНДА НЕ ІСТЕУІМІЗ КЕРЕК?
Азан – сөзі «хабар беру, естірту» деген мағынаны білдіреді. Дініміздегі терминдік 
мағынасы – намаз уақытының басталғандығын білдіру үшін айтылатын арнайы шақыру 
сөздері. 
Азанның дініміздегі орны ерекше. Сонымен қатар азан – негізгі ислам рәміздерінің 
бірі.  Мұсылман  баласы  азан  шақырылғанда  оны  ықыласпен  тыңдап,  азан  сөздерін 
қайталауы керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «
Азанның дауысын естігенде азаншының 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет