Реферат СӨж тақырыбы: Қазақ мәдениетіндегі "Зар заман" феномені. Орындаған: Саткен Дамира


Ақындарының шығармаларына тиым салынуы



бет2/2
Дата21.04.2023
өлшемі13,56 Kb.
#85308
түріРеферат
1   2
Ақындарының шығармаларына тиым салынуы.
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның өкілдері тарихи оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Орта жүз құрамындағы, найман тайпасынан шыққан.
Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша жәнеқолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері, Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет «Өсиетнама» деген атты жеке кітап болып жарық көрген. Осы кітапка, ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Дулат ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда «XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары». Ал, «Еспембет» поэмасы, алғаш рет 1957 жылы, «Жұлдыз» журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат ақынның шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Дулат Бабатайұлы ақынның жеке жыр жинағы «Замана сазы» 1991 жылы жарық көрді.
Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны XІX ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету.
Келесі қысқаша айтып өтетін ақынның аты Сүйінбай Аронұлы.
Сүйінбай Аронұлының онер жолын қарастырсақ: Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.
Жау басынар халықты
Басқарушы оңбаса.
Малша айдап адамды
Орынсыз күштеп зорласа.
Ауға тускен балықтай
Шыға алмайсың бұлқынып.
Әділеттік болмаса,
Күннің көзін жасырар.
Аспанды бұлт торласа,
Елдің бағы ашылар,
Әділеттік орнаса.
Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап жоқтау өлеңдерін шығарған.Сүйінбайдың кейіңгі ақындарға осылай үлгі-өнеге болғаньш айта келіп, профессор Е. Ысмайылов былай дейді: «Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар.
Бірі — айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны қүмарландырып сөйлеуі,екіншісі — тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы». Жамбылдан басқа ақындар да, Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның өнер жолының алдында бас иген.
Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қостыКеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды.
Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан, Зар заман ақындары шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғылыми жинақтарда, олардың кейбір өлең-толғаулары жарық көрген тұстары да болды.
Мысалы, 1978 жылы Ленинград қаласында  басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді
Қорыта кеткенде, зауалы мол заманда ғұмыр кешіп, орталық езгіге, орыс патшалығының қанауына түскен халық тағдырын запыранды зармен, күңіренген нұрмен жырлай төккен ақындар халық үшін ерен ерліктер атқарып, бізге тәлім тәрбие бергендей. Болашақ ұрпақ үшін бастарын қатерге тіккен жауынгер жыраулардың әрбір ісі біз үшін үлгі- өнеге болуымен қатар әдебиетімізде асыл мұра қалдырып кетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет