Реферат Тақырыбы: Америка халықтары Орындаған: А. Т. Шамакова Тарих-111 ткб жоо тексерген: Ж. Т. Ерназаров профессор


Табиғаты, шаруашылығы, өнеркәсібі



бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі3,72 Mb.
#132021
түріРеферат
1   2   3   4
2.2Табиғаты, шаруашылығы, өнеркәсібі
АҚШ жерінің табигаты алуан түрлі. Оның көпшілік бөлігі қоңыр- жай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Батыстагы Кор­дильера мен шығыстагы Аппалач тауларының аралығында Үлы және Орталық жазықтар орналасқан. Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін ойпатты жагалық жазықтар алып жатыр. АҚШ жері арқылы Солтүстік Америкадагы ең ірі өзен Миссисипи агып өтеді, ал Канадамен шекаралас аймақта Үлы көлдер шогырланган.
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Елде мцнай мен табиги газдың, тас көмір, металдар тәрізді пай­далы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде үдайы гылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. Солсебепті АҚШ шаруа- шылыгы жедел дамуда, ел өнеркәсіп өнімдерін шыгару жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ-тың шаруашылыгы сан салалы, ең жетекші сала - машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында ав­томобиль шыгарылады. Детройт қаласын «автомобилъдер астанасы» деп атайды. Батыстагы Лос-Анджелес қаласы гарыштық техника мен электроника орталыгы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» үшагы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара метал­лургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген. Транспорттың барлық түрі қарқынды дамыган, соңғы жылдары даңгыл тас жолдардың үзындығы артуда. Чикаго қаласы жолаушы және жүк тасымалы жөнінен ел ішінде бірінші орын алады. Бір тәулікте бүл қала арқылы 2 мың пой- ыз өтеді. АҚШ пен Канаданың жол торабы біртүтас жүйені қүрайды. Жағалауларда ірі портты қалалар көп.


АҚШ жерінің көпшілік бөлігінің жазық және аласа таулы бо­луы, қолайлы климат, ғылым жетістіктерінің кеңінен пайдаланы- луы ауыл шаруаиіылыгын жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік бере- ді. Ел астық, сүт, ет, қүс өнімдерін өндіруден дүние жүзінде бірінші орынды алады. Табиғат жағдайының ерекшелігі мен дақылдардың өнімділігіне байланысты АҚШ жері ауыл шаруашылығының белгі- лі бір саласына маманданған белдеулерге бөлінеді. Солтүстіктен оң- түстікке қарай бидай, жүгері, мақта белдеулері орналасқан. Олардың аралыгында малжайылымдары кеңінен таралған. Аляска балық ау- лау, аң теріеі


кәсіпшілігімен жэне орман шаруашылыгымен белгілі. Гавай аралдарының түргындары қант қамысы мен ананас өсіруге ма- манданған.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. Шаруашылығының жетекші саласы - машина жасауөнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады.Детройт қаласы – елдің «автомобиль астанасы». Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Транспорттың барлық түрі қарқынды дамыған.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған.
Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерін өндіруден дүние жүзінде бірінші орын алады.
АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Әлемдегі экономикасы аса жоғары дамыған елге жатады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
Қолайлы табиғат жағдайларымен сипатталатын елдің оңтүстігінде әлемге әйгілі Диснейленд, көптеген демалыс орындары, ал ЛосАнд- желее қаласында кино өндірісінің орталығы - Голливудорналасқан. Колорадо каньоны, Ниагара сарқырамасы, Йеллоустон гейзерлері, Флинт-Мамонт үңгірі және т.б. табиғи және тарихи ескерткіштерін тамашалау үшін АҚШ-қа жылынамиллиондаған туристер келеді.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жедел дамуы, халық са- нының артуы табиғи ортаға үлкен нүқсан келтіруде. Сондықтан АҚШ табиғатты қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтап қалу мақсатында дүние жүзінде алғаш рет үлттық саябақтарды үйымдастыруды қолға алды. Түңғыш үлттық саябақ 1872 жылы Йел­лоустон аңғарында қүрылды. Ол ыстық гейзерлерімен, тасқа айналған ағаштарымен әйгілі. Осындағы Алып гейзерінен атқылаған судың биіктігі 91 метрге жетеді. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса үлттық саябақ бар.




Солтүстік және Оңтүстік Америка - Америка екі ірі құрлықтан тұрады. Бірінші 23 аумағында ірі және кішкентай тәуелсіз мемлекет, және 15 елдің екінші бөлігінде орналасқан. байырғы халықтар мұнда үндістер, эскимостар, алеуттер, және басқалар болып табылады. 1492 жылы Христофор Колумб арқылы Жаңа ашқаннан кейін, ол белсенді отарлау бастады. Соның салдарынан, американдық халықтың құрлығында бүкіл қазір және еуропалық тамыры бар. Бұл тарихи жазбаларға сәйкес, Vikings алғашқы шамамен бір мың жыл бұрын бұл жерде барып, атап өткен жөн. Алайда, олардың экспедициялар сирек болды, сондықтан халықтың елеулі әсері жасалған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет