Реферат тақырыбы: «Жоңышқа, оның ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы»



бет4/4
Дата08.12.2022
өлшемі33,22 Kb.
#55945
түріРеферат
1   2   3   4
Егісті күту. Егіс алдында топырақ жаймаланады. Бірінші жыл пайдаланылып тұрған жоңышқаны әр шапқан сайын ауыр тырмалармен бір із салып тырмалайды, келесі жылдары ылғал жақсы өту үшін 50 см тереңдікке кескілеу жүргізіледі, саңылаулардың арасы 1,5-2 м болуы тиіс.
Жасыл масса үшін өсірілетін жоңышқа вегетация кезінде көп ылғалды қажет етеді. Гүлдену кезеңінде әсіресе ылғал мол керек. Алғашқы шабу алдында 2-3 рет суарылады. Қуаңшылық жылдары екінші ору алдында 3 рет суару, келесіде - 2-3 суару қажет. Алғашқы жылы жоңышқаны 3-4 жапырақты кезеңінде суарады, топырақтағы жас өскіндердің жұлынып кетпеуін қадағалау қажет. Жамылғы қабаты орылғаннан кейін жоңышқаны гектарға 450-600 м3 есебімен суару қажет.
Тұқымға өсірілетін жоңышқа ылғалды көп қажет етпейді, ылғалдылық 70- 75% (ТДЫ) болуы тиіс, гүлдену кезеңінде 65-70 % кем емес, гүлдеуден піскенге дейін суарылмайды.
Ору. Әрбір ору 5-7 күн жүреді. Шөпке арналған жоңышқаны гүлдеу басталғанда жинайды, шөп пен жемге арналған жоңышқаны – гүлшанағы пайда болғанда ора бастайды. Алғашқы ору кезіндегі шабу биіктігі - 6-8 см, содан кейінгілері- 9-12 см биіктікте жүреді. Соңғы шабу вегетацияның аяқталуына 25-30 күн қалғанда ұйымдастырылады, қысқа қарай өсімдіктердің биіктігі 15-20 см кем болмауы тиіс.
Тұқымдық мақсатқа екінші жылғы өсімдіктердің бірінші шабындығы пайдаланылады. Егер тұқым екінші шабындықтардан алынатын болса, онда бірінші шабуды өсімдіктің гүлдеу кезеңінен бұрын бастайды. Жоңышқаны жинауды бөлек ору тәсілімен жүргізеді.
Протеин, минералды заттары, витаминдері мол мал азығын алу үшін шабуды дер кезінде бастап, шөп дайындау кезінде жапырақтардың кептіру, тасымалдау, қоймалау кезеңдерінде шашылып қалмауын ескеру қажет. Шөп дайындағанда қоректік заттардың 25-30 %, ал қолдан кептіру кезінде 10 % жоғалады. Жемдік ұнтақ дайындалғанда шығын аздау болады.



  1. Қорытынды

Жоңышқа – өте ертеден келе жатқан Бұршақ тұқымдасына (Fabaceae) жататын малазықтық дақыл. Жоңышқадан өте құнды көк азық, пішен, пішендеме және пішен ұнтағы дайындалады, сондай-ақ оны мал жаю үшін де өсіреді.
Жоңышқа топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады. Жоңышқа – күздік және жаздық бидай, күріш, тары мен бірқатар техникалық дақылдарға, әсіресе мақтаға жақсы алғы дақыл. Суармалы егіншілікте ол топырақтың қайта сорлануына мүмкіндік бермейді, топырақ құрылымын қалпына келтіреді және құнарлылығын арттырады.
Мақтаның жақсы алғы дақылдарының бірі болып, оның солдырма ауру- ына шалдығу мүмкіндігін азайтады.
Жоңышқаны астықты және бұршақты шөптер қоспасында егуге болады.
Жоңышқа еліміздің барлық аймағында өсіріледі.


  1. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Б.Н. Насиев. «Өсімдік шаруашылығы» Алматы. 2015.

  2. Р.П. Аманова, К.П. Аман. «Ауыл шаруашылығы негіздері» Алматы, 2019

  3. Н.И. Можаев, Қ.К. Әрінов, А.Н. Нұрғалиев, А.Н. Можаев. «Өсімдік шаруашылығы» Ақмола, 1993

  4. Интернет көздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет