Реферат Тақырыбы: Кәсіби аурулар Тобы: 218зд-9/20 Орындаған:Қыдырбай д қабылдаған: Назар. Д.Қ


Сынаптың органикалық қосындылармен улану



бет4/4
Дата25.03.2023
өлшемі25,62 Kb.
#76057
түріРеферат
1   2   3   4
Сынаптың органикалық қосындылармен улану:
Сынантың органикалық қосындыларын ұрықты өндіру үшін фунгицид түрінде қолдапады. Ерітінді, ұнтақ, дус түрінде қолданады. Меркургексан, меркуран, гранозан комплексті әсер ететін фунгицидтерге жатады. Бүйрек, асқазан-ішек жолдары және жоғарғы тыныс жолдары арқылы ағзаға түседі.
Патогенезі: Жалпы улылық әсері.Тиолдың уы. SH-тобымен әсерлесіп, энзимохимиялық процеске қатысады, нетижесінде май, белок, көмірсу алмасуларының күрделі процестері дамиды. Капиллярлытоксикалық әсердің нәтижесінде, тамырлар зақымданады, яғни гематоэнцефалиялық бараметрмен тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды.Липотропты әсері. Кардиотоксикалық әсері - жүрек қызметінің реттелуінің бұзылуы.
Жедел улану кезінде: Астениялық - вегетациялық синдром.Жұлынның бағаналы бөлігімен мишықтың басым зақымдануымен жүретін токсикалық энцефалопатияның белгілері. Бұғанжүрістің бұзылуы, қолдардың дірілдеуі, аяқтардың салдануы, есту қабілетінің, көру қабілеінің төмендеуі, жұтынудың қиындауы, естен тану, соқырлық жатады.Мидың зақымдану қызметі. Бұл -қантсыз диабеттің белгісі.Токсикалық миокардиодистрофия, нефропатия белгілері.
Созылмалы улану кезінде. Улану белгілері ақырындап дамиды. Алғашында астениялық-вегетативті синдром болады, ал ОНЖ жағынан: бас ауыру, шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тітіркендіргіштік, әлсіздік.
Қорытынды
Қазіргі өркениетті елдерде, ірі мемлекеттерде заманауи басты мәселелердің бірі - адам факторы. Өйткені адам - мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғамның тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және жүйеқұраушы факторы болып табылады. Қоршаған орта мен өндіріске тәуелді болып отырған адам денсаулығының жағдайы туралы ақпараттың үнемі және жүйелі беріліп тұруы, қоғамдық макрожүйеніп жүмыс тиімділігін арттыру мен еліміздің аймақтық әлеуметтік- экономикалық жоспарының басты қағидаларының бірі болуға тиіс. Еңбек ету шарттарының өз деңгейінде орындалмауынан қолайсыздықтың тууы, қол күшімен атқарылатын ауыр жұмыстар ауқымының ұлғаюы, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуы, аурудың алдын алу бойынша профилактикалық медициналық тексерулердің сапасы мен қамту көлемінің төмендігі,медициналық-санитариялық бөлімдер мен бекеттердің, профилакториялардың жаппай жабылуы, жойылуы, бұрынғыдай жұмысшылардың шипажайларда, сауық-тыру орындарында, жылына бір рет демалып, күш-қуат жинап, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасалынбауы кәсіби аурулардың бел алуына және түрлі аурулардың асқынуына, өзге де аурулардың пайда болуына мүмкіндік жасап, аурушаңдыққа алып келеді. Жалпы кәсіби аурулардың ішінде әсіресе жұмыс істеу қабілетін уақытша жоғалту жоғары деңгейде қалып отыр. Ал бұл біздің қоғам үшін ойланатын, шешімін табуға тиіс жағдай.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Л.А.Зорина, М.И. Даулетбакова – Профессиональные болезни, Алматы, 1989г.
2. Н.Н.Шаталова, В.Г.Артамонова – Профессиональные болезни, М., Медицина, 1996 г.
3. http://kazakzaman.kz kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=53521

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет