Реферат тақырыбы: Махмуд Қашғари және оның «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі


ІІ ТАРАУ ДИУАНИ ЛҰҒАТ-ИТ ТҮРКТЕГІ» ӘДЕБИЕТ ҮЛГІЛЕРІ



бет6/12
Дата26.04.2022
өлшемі50,53 Kb.
#32429
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ІІ ТАРАУ ДИУАНИ ЛҰҒАТ-ИТ ТҮРКТЕГІ» ӘДЕБИЕТ ҮЛГІЛЕРІ.

2.1 «Диуани лұғат-ит түрктегі» өлең жырлар.

М.Қашқари «Диуани» жинағындағы өлең-жырлар мазмұны бойынша түрлі мәселелерге арналған. Оларды жеке-жеке тақырыптары бойынша былай бөлеміз:



  • Ерлік жырлары

  • Ғашықтық жырлары

  • Табиғат жырлары

  • Тұрмыс- салт жырлары

  • Аңшылық, еңбек туралы өлең-жырлар

  • Диуани лұғат-ит-түрктегі ерлік жырлары

«Түрік сөздігіндегі» өлеңдердің үлкен тобы өзара өзектесіп, өзінше бөлек тұтас бір шығарманың мазсұнын беріп жатқандықтан, оны түркі елінің ерлік күрестерін баяндайтын каһармандық көне жырлардың бірінен санау орынды [3..38] Бұл жинақта көне түрік ұлыстарының ерлік жорықтарда көптеген жеңістерге ие болғандығын баян етеді. Шығарма мазмұнында жеке адамдарды немесе батыр, хандарды дәріптеуден гөрі жалпы халық күшін немесе белгісіз батыр тұлғасын дәріптеу басым. Эпоста түркілердің бірнеше жорықтарын бейнелейтін жырлардан үзінділер жарияланған. Ең алдымен таңғұттарға қарсы күрестері, сондағы Қатутсини мен лирикалық кейіпкерлердің ерліктері баяндалады. Таңғұттарда алдауға дейін барып, Қатунсиниді жарақаттағанын, сөтсе де сазайларын тартып, бас июге, тізе бүгуге мәжбүр болғандығын айтады.

Таңғұттар қатты жорғалап

Білімнен басын қорғалап.

Дұшпанның қылқан мойнынан,

Қызыл су ақты сорғалап.

Ары қарай ұйғырлармен күрескенін жырға қосады. Мұнда «Түркі елінің қолы тасқын судай ағып, құстай ұшып, қара жерді шыңдатып, қандалатып желдей есті» деген сөздермен бейнелеген.

Ерлікті мадақтауда Иабукулармен ұрыс баяндалады. Иабаку батыры Будрач қол жиып, Ертістегі Илескенмен шарт жасап, анттасып, қол бастап түркілерді шаппақшы болған. Оларға қарсы күресте лирикалық кейіпкер қол жиып Будрачтың қанын төгеді.

Жырда былай көрсеткен:

Ертістің суын жайлаған,

Найзасын жауға қайраған.

Түйресе тау да теңселер,

Имектер біздің өңшең ер!

Қан тілеп келген жат қуды,

Жаншитын енді сәт туды.

Тарағайласып тобырлар,

Жігіттер, атқа қоныңдар!

Және де жинақта « алпауып» деген сөздің мағынасын беру үшін Будрач жайлы

-Будрач тағы құтырды,

Алпауытын таңдады.

Қосынан қайта қайырды,

Келешек үшін топтанып» [5.174-175]

Сөйтіп мұндай каһармандық өлең жырларда батырдың күш-қуаты ерлігі, соғыс өнеріне жетік екендігі көрсетіледі. Қан майдандағы шайқас эпизодының мына шумақтарға аударсақ байқаймыз:

Ерен ерлер шақырысты

Қыңыр көзбен бағысты.

Бар қарумен қағысты,

Қылыш қынға күшпен сыйды [5.218]

«Бұл өздікте ерлікті көтере мадақтайтын мұндай шағын үзінділер әр заманда өмірге келген әр түрлі батырлық жырлардан, үлкен эпостық шығармалардан теріп алған болса керек» [6.145]

Қазақтың батырлық жырларында «жыршы-ақын» кейіпкер тасасында тұрып жырлайды. Сонда, «ақын-мен» мен «кейіпкер-мен» қосылып кетіп отырады.

«Ер Тарғын» жырының төмендегі жолдарына назар аударайық:

Аттай мұрның таныттым

Алшақтатып ойнаттым,

Арпа-бидай асаттым.

Бұл дәстүр ерте заманда қалыптасқан сияқты. Оған Қашқари жинағында «Каһарман мініп, дұшпанға аттандым; жау батырлығының басын кестім; енді мені кім тоқтата алмақ? Деген сияқты «менмен» келтіріп отыратын жерлері аз емес.

Сөйтіп әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамдары жүрек жұтқан ерлікті, батырлықты ерекше қастерлеп, жырға қосқан. Жан түршігерлік үрейлі аңдармен немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерекшелігімен, қырауар күш-қуатымен көрге түсіп отыратын батырларды көкке көтере мадақтайтын өлеңдер жинақта жиі ұшырайды.

«Түрік сөздігіндегі» соғыс жырлары ерлікпен қаза тапқан ерлерді жоқтауға келіп тіреледі. Сның бірі- алып ер Тоңаны жоқтау. Батырға арналған жоқтау оның білімді әрі батыр болғандығын, ерен істерді ерлікпен тындырар ер екендігін, емін соңынан ертер ақылғой көсем қызметін атқарғандығын байқатады. Алып Ер Тоңаны жоқтау лирикалық шығарма, себебі-мұң шерге қайғыға байланысты шығарылған деген пікір айтады И.В.Стеблева.

Иағы отын өшүрген,

Тодың аны көшүргән.

Әшләр үзуб кәшүргән,

Тәгді оқы олдүрү

Осылайша сөздіктегі ерлік мазмұнды эпос түркі елінің ерліктерін дәріптейді, дархан даласын, өзен, сайсаласын жыр қылады. Оқиғалар күзгі Қазақстан жерінде-Іле, Ертыс, Еділ өзендер бойында өтіп жатады. Қашқари жырларының мазмұны тарихи дәуірдің әрбір кезеңдерінде тамаша эпос шығарып қалдырған көне түркі елінің батырларына арнап жыр шығаруды әдетке айналдырған дәстүрлерінен туындағаны хақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет