Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет28/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   225
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Р.С. Әмір, Ж.Р. Әмірова – Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесі: Оқулық. – Алматы: Қазақ 
университеті, 2014. – 110 б.


48 
Мамаева М.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
«ҮШ ТҮРЛІ АДАМДЫ КӨРМЕЙ ТҰРЫП СҮЮ МҮМКІН: 
 ҒАЛЫМДЫ, ЖОМАРТТЫ ЖӘНЕ ӘДІЛ КІСІНІ» 
«Үш түрлі адамды көрмей тұрып сүю мүмкін: ғалымды, жомартты және әділ кісіні», – депті 
шығыс даналығы. Менің де сыртынан сыйлап, аса қадірлейтін кісім бар. Ол кісіні мүлде 
көрмеймін деп айта алмаймын. Қазір күнде көремін, бірге жұмыс істейміз. Бірақ, ол кісінің 
мен әділдігін алдымен көрдім, сөйттім де, сырттай алғыс сезіммен жақсы көріп кеттім.
Сол жылы, мен қазір өзім қызмет етіп жүрген университетке үшінші жыл емтихан тапсы-
рып, конкурстан қайта өте алмау қауіпін бастан өткердім. Конкурстан өтіп, университетке 
қабылданғандар тізімінен өз аты-жөнімді көре алмай көңілім құлазып, не істерімді білмей 
тұрғанда, қабылдау комиссиясы жақтан бір үміт сәулесі жылтырады. Бірдей ұпай жинаған 10 
абитуренттің аты-жөнін атап, қабылдау комиссиясының сараптамасына шақырған. Қалған 
төрт орынға шақырылған 10 талапкердің таласып тұрғандығын айтып, бір үлкен аудиторияға 
ертіп әкелді. Аудиторияда 3-4 үлкен кісі отыр екен. Шағын денелі, жүзі жылы, адамға жымия 
қарайтын кісі, бізді неге шақырғандығын түсіндірді, жанындағылардың алдында біздің 
әрқайсымыздың құжаттарымыз жатқанын, ондағы мәліметтерді салыстыра отырып, біздің 
арамыздан 4 талапкерді таңдап алатынын түсіндірді. Комиссия мүшелері әрқайсымызды 
тұрғызып, алдарындағы мәліметтерге сүйене отырып, сұрақ қойып жатыр. Алғашқы екі 
орынға біздің ортамыздағы 2 ұлды алды. Олардың бірі баспасөз бетінде өлеңдері жарияланып 
жүрген болашақ ақын екен да, екіншісінің спорттан разряды бар екен.
Үшінші менің аты-жөнім оқылды. Менің құжатымды оқып отырған кісі мінездемемді 
оқып, менің ерекшелігім 1 жыл 10 ай еңбек өтілім бар екенін, облыстық радиода диктор 
болғанымды, 1-2 мақалам осы радиодан өткенін, ән айтып, сурет салатын өнерім бар екенін 
атап көрсетті. Жылы жүзді ағай маған сұрақ қоя бастады.
- Радиода диктор болыпсың, мақала да жазып бастапсың. Неге журналистика 
факультетіне тапсырмадың? Менің жауабым: 
- Мен осы сала қызметкерлерімен жұмыс істеп жүргендіктен кейде сол кісілер берген 
тапсырманы орындап келіп жүрмін. Ол жазғанымдарымның қаншалықты жарамды екенін біле 
бермеймін. Әрі бұл салаға сонша қызықпаймын. Қолымнан келе ме, жоқ па сенімді де емеспін. 
Ал жақсы мұғалім болатыныма уәде беремін. Себебі, менің анам 30 жыл мұғалім болған. 
Жалпы, біздің әулет – мұғалімдер әулеті. Мен солардың ісін жалғастыратын жақсы мұғалім 
боламын.
Ағай: Ой, мына қыз тақылдап тұр ғой, – деп риза болып, әрі қарай тағы сұрақ қойды:
- Суретті жақсы саласың ба, мына мені қазір сала аласың ба? 
- Әрине! 
Одан әрі қарай менің емтиханда алған бағаларымды басқалармен салыстыра келіп, мен 
үшінші болып қабылдандым. Төртінші орынға, ата-анасы малшы, өзі олардың көмекшісі 
болып келген қыз қабылданды.
Күзде сабақ басталғанда, әлгі ағайдың факультет деканы Рақыш Сәтұлы Әміров екенін 
білдік. Бірақ, ол кісі бізге дәріс оқып үлгермеді, сол жылы, күзде шет тілдер институтына 
ректор болып кетті.
Бірақ, Рақыш ағай, маған алғашқы тапсырманы беріп кетті. Қазан айында «1 курс 
студеттерін қабылдап алу рәсімі» салтанатты жағдайда өтетін. Қыркүйек айында 
аудитоияларға ағай өзі кіріп, студенттердің жай-күйімен танысып, әрі топ активтерін сайлауды 
да қадағалапты. Біздің топқа келгенде, маған берген тапсырмасы алдағы шараға байланысты 
безендіру жұмысына ат салысасың, факультетің «Жас қалам» қабырға газетін шығаратын 
редколлегия мүшесі боласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет