Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет29/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   225
 


49 
Иманалиева Ғ.Қ.
Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті,
филология ғылымдарының кандидаты 
Кенжебаева Л.Ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті 2-курс магистранты
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
ҚАЗАҚ ТІЛІ СИНТАКСИСІН ОҚЫТУДЫҢ 
 МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
 
Аннотация. В лингвистике самым сложным, высшим разделом граматтики является синтаксис. В 
развитии теоретического мышления одаренных детей посредством изучения синтаксиса казахского языка 
большое значение имеет изучение лингвистических основ методики, наряду с философскими, дидакти-
ческими, психологическими, воспитательными основами. Синтаксис-наука, изучающая систему и приемы 
передачи общей мысли через язык. Программа определяет согласованность и необходимость путей 
формирования мыслительных, языковых и речевых навыков учащихся в процессе овладения научными 
понятиями. Учебная программа-государственный документ, определяющий содержание и объем знаний
умений и навыков, подлежащих освоению по каждому учебному предмету.
Главная цель обучения одаренному казахскому языку-повышение уровня усвоения учащимися научных 
понятий и обучение системе умственных действий для решения новых задач. Конечной целью в XXI веке 
является формирование всесторонне образованного, одаренного, талантливого гражданина с хорошо 
развитым языком и мышлением, способного развивать языковую деятельность в жизни общества.  
 
 Abstract. In linguistics, the most complex and highest section of grammatics is syntax. In the development of 
theoretical thinking of gifted children by studying the syntax of the Kazakh language, it is of great importance to 
study the linguistic foundations of the methodology, along with the philosophical, didactic, psychological, and 
educational foundations. Syntax is a science that studies the system and methods of transmitting General thoughts 
through language. The program determines the consistency and necessity of ways to develop students ' thinking, 
language and speech skills in the process of mastering scientific concepts. Curriculum-a state document that defines 
the content and scope of knowledge, skills and abilities to be mastered in each academic subject.  
The main goal of teaching a gifted Kazakh language is to increase the level of students ' assimilation of scientific 
concepts and teach a system of mental actions to solve new problems. The ultimate goal in the XXI century is to 
create a well-educated, gifted, talented citizen with a well-developed language and thinking, able to develop language 
activities in society.
Қазақ тілі синтаксисі – қазақ тілі грамматикасының ең негізгі салаларының бірі. Синтаксис 
саласының зерттелуі Қазан революциясынан бұрын басталған. Ол туралы ең алғаш сөз еткен 
А. Байтұрсынов. Автор "Тіл құралы" (III кітап) сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлемнің 
түрлерін нағыз тілдік факт ретінде көрсете білді. Қазақ тіл білімінде синтаксис, оның 
объектілері туралы да әр түрлі пікірлер орын алып келді. 1940 жылға дейінгі еңбектерде 
синтаксистің объектісі ретінде тек сөйлем ғана алынса, 1950 жылдар шамасында сөз тіркесі 
синтаксисі, ал 1980 жылдардан кейін күрделенген сөйлемдер мен күрделі синтаксистік 
тұтастық, тіпті функционалдық мәселесі енгізілді. Т. Қордабаев, Қ. Есеновтің құрмалас сөйлем 
мәселесіне, Х. Арғынов, Р. Әмір, Ә. Хасенов, А. Әбілқаев, О. Төлегенов, М. Томанов, Ә. 
Әбілақов, Н. Демісінова, Р. Әміров, Т. Сайрамбаев, М. Серғалиев сөз тіркесі мен жай сөйлем 
синтаксисіне кеңінен назар аударды. Бұл еңбектер қазақ тілінің 1970-80 жылдар ішінде жан-
жақты зерделеніп, қоғамдық қызметінің өскенін көрсетті.
Сөз тіркесі қазақ тілі синтаксисінің жеке өзіндік парадигмасы ретінде бірден орныға қойған 
жоқ.
Сөз тіркесіне қатысты құбылыстар ХХ ғасырдың басында сөйлем аясында сөз етілген екен. 
А. Байтұрсынұлының «Тіл-құралында» сөздердің тізбегі сөйлем болып танылу үшін сөздердің 
«басын құрап, біріне-бірінің қырын келтіріп, қиындастыру» туралы ескертсе, «Әдебиет 
танытқышында» сөз дұрыстығы шарттарының ішінде сөз тіркесінің заңдылықтарына келетін 
мынадай бір екі жайтты көрсетеді: 
1. сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты 
нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну; 


50 
2. сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру.
Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасындағы» сөйлемдегі «Сөз қиыны», сөйлемдегі 
«Сөздің тура күйі мен бұрма күйі», сөйлемдегі «Жетек сөз бен жетекші сөз» дейтін тармақтар-
да айтылатын заңдылықтар осы күні сөз тіркесі шегіндегі заңдылықтар ретінде қаралып жүр.
1955 жылы академик В. В. Виноградов КСРО Ғылым академиясының Тіл білімі 
институтының директоры ретінде тілді зерттеу бағдарламасын түзіп ұсынды, онда сөз тіркесі 
синтаксистің жекеше саласы ретінде қаралуы көрсетілген. Осыдан және ғалымның басқа 
еңбектерiнен бастап сөз тiркесi синтаксисi синтаксистiң негiзгi бiр жеке нысаны ретiнде 
қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейiнгi постсоветтік кеңістікте синтаксистiң басты 
нысаны ретiнде сөз тiркесi және сөйлем негiзгi бағыт болып отыр.
Cөз тіркестеріне арналған еңбектерде оның нысаны туралы теориялық талас пікірлер 
көбеюде. Ондай пікірлердің біразы сөз тіркестерінің тілдің басқа санаттарынан, атап 
айтқанда, сөз, күрделі сөз, сөйлем және синтагмалардан айырмашылығы. Бұл мәселе түркі 
тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде де соңғы кезде ғана сөз бола бастады, әрі ол 
жайындағы пікірлер де әр алуан. Сонымен бірге күрделі сөз тіркесінің әрбір сыңарының 
күрделі сөз, қос сөз, біріккен сөздерден т. б. айырмашылығы да айқындалады. Өйткені 
күрделі сөздерді біліп алмай, күрделі сөз тіркестерінің әрбір сыңарының жалаң немесе 
күрделі екендігін білу де қиын. Сондықтан күрделі сөз тіркестерінің жасалу ерекшелігін 
анықтау күрделі сөздердің жасалу жолдарын айқындауды қажет етеді. Оның үстіне сөз 
тіркестері синтаксистік қызметі жағынан да айқындалатыны белгілі. Жалпы күрделі сөз бар 
да сөйлем мүшесі бар. Екеуі де синтаксистің нысаны болғанымен, бірде сөз тіркесінің, енді 
бірде сөйлем мүшесінің ыңғайында қарастырылады. Сонда күрделі сөзді құрайтын 
элементтердің барлығы да бірдей бір-ақ күрделі сөйлем мүшесі бола ма, жоқ па деген мәселе 
келіп шығады.  
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесін синтаксистің бір саласы ретінде орнықтырған М. 
Балақаевтың зерттеулері болды. Қазақтың классик тілтанушысының бұл бағыттағы 
зерттеулері қазақ тіл білімі үшін ғана емес, сол кездегі түркі тілі грамматикасында сөз тіркесін 
алғаш рет арнайы түрде іргелі деңгейде қарастырған ізашар еңбек ретінде бағаланып, басқа 
түркі тілдерінің синтаксисінен сөз тіркесінің орын алуына қатты ықпал етті. М. Балақаев осы 
күні сөз тіркесі синтаксисінің нысаны ретінде қаралып жүрген ұғымдар мен санаттардың 
сипаттарын ашып берді.  
Cөз тіркесі – синтаксистік құрылыстың дамуы мен қалыптасуындағы бір кезең. Қазақ тілі 
синтаксисінің маманы Р. С. Әміров: «Синтаксис (тілдің синтаксистік құрылысы) – ойды 
білдірудің амалы, формасы. Бірақ сонымен бірге өзі де ойлау жұмысының, рухани ізденістің 
нәтижесі. Ол – әр халықтың ғасырлар бойғы үздіксіз ізденісі, жетілдіруге талпыну 
нәтижесінде қалыптасқан. Халықтардың тілдерін, ол тілдердің синтаксистік құрылысын 
салыстыру бұның құрылу қалыптасу процесінің күрделі, қиын жолдардан өткенін байқатады. 
Сондықтан да біз тілді, соның ішінде оның синтаксистік құрылысын халықтың, халқымыздың 
мәдениетінің, мәдени табысының бір саласы деп санаймыз» – дейді.  
Бәрімізге мәлім, синтаксистің сөйлем және сөз тіркесі деген екі үлкен объектісі бар. 
Сөйлем дәрежесінде синтаксис тілдің қарым-қатынас бірлігі болып, адамның ойын білдіреді, 
осы тұрғыда ол – тілдің логикамен байланысын жүзеге асырады. Сөз тіркесі қазақ тілі синтак-
сисінің жеке өзіндік парадигмасы ретінде бірден орныға қойған жоқ. Сөз тіркесіне қатысты 
құбылыстар ХХ ғасырдың басында сөйлем аясында сөз етілген екен. А. Байтұрсынұлының 
«Тіл-құралында» сөздердің тізбегі сөйлем болып танылу үшін сөздердің «басын құрап, біріне-
бірінің қырын келтіріп, қиындастыру» туралы ескертсе [1, 157], «Әдебиет танытқышында» сөз 
дұрыстығы шарттарының ішінде сөз тіркесінің заңдылықтарына келетін мынадай бір екі 
жайтты көрсетеді: 
1. сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты 
нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну; 
2. сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру.


51 
Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасындағы» сөйлемдегі «Сөз қиыны», сөйлемдегі 
«Сөздің тура күйі мен бұрма күйі», сөйлемдегі «Жетек сөз бен жетекші сөз» дейтін тармақтар-
да айтылатын заңдылықтар осы күні сөз тіркесі шегіндегі заңдылықтар ретінде қаралып жүр.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесін синтаксистің бір саласы ретінде орнықтырған М. Балақаев-
тың зерттеулері болды. Қазақтың классик тілтанушысының бұл бағыттағы зерттеулері қазақ 
тіл білімі үшін ғана емес, сол кездегі түркі тілі грамматикасында сөз тіркесін алғаш рет арнайы 
түрде іргелі деңгейде қарастырған ізашар еңбек ретінде бағаланып, басқа түркі тілдерінің 
синтаксисінен сөз тіркесінің орын алуына қатты ықпал етті. М. Балақаев осы күні сөз тіркесі 
синтаксисінің нысаны ретінде қаралып жүрген ұғымдар мен санаттардың сипаттарын ашып 
берді.
Мұнан соң осы дәстүрмен сөз тіркесі туралы ілімді Р. Әміров, М. Серғалиев, Т. Сайрам-
баев, Ә. Аблақов т. б. дамытты.
Қазіргі жаһандану заманында барлық экономика мен мәдениет салаларында жаңаша үрдіс 
пайда болды. Соған орай білім беру үдерісіне де жаңалық енді. Заман талабы – жан-жақты 
дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқу жоспары мен оқыту әдістеріне 
өзгеріс енгізуге тура келді. Дәстүрлі сабақтан алшақтап, жаңаша сабақ құруға негіз болатын 
бағдарлама. Жаңа технологиялардың бәрін бір арнаға тоғыстырып жасалған бұл бағдарлама 
заман сұранысы. Тіл мәдениеттің бастауы десек, еліміздің өркендеуі үшін Қазақстан жерінде 
тұратын әр азамат еліміздің тілін біліп және оны құрметтеуі тиіс. Алдымен, тілді үйреніп, сол 
тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау басты мақсат. Әлемдегі дамыған елдердің 
санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ 
тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Дәстүрлі оқытудағы ұстаз өзіне мәлім ақиқатты жария қылып, шәкірттерінен өзінің 
айтқанына ғана сеніп, соларды қайталап беруді талап етеді. Ұстаз бұл жағдайда оқушы айтқан 
көзқарастарды ескермей, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдері жұпыны болып, "Мен айтып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет