Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет27/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   225
әйтсе де, сөйткенмен, дегенмен, әйтпесе, әйтпегенмен, сонда да, онда да жалғаулықтардың 
сондай-ақ байланыстырушы қайтамалардың қатысуымен жасалған сөйлемдерді жан-жақты 
атап береді.
Оқулықтың келесі тарауы сабақтас құрмалас сөйлемдерге арналған. Бұл тарауда сабақтас 
құрмалас сөйлемдердің проблемаларына тоқталады. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің 
қалыптасу процесі белгілі даму сатылары күрделі проблмаларды өткізген, сондықтан оның 
негізгі жасалу жолдары мен зерттелу тарихына тоқталады. Ондағы бастапқы мәселе 
бағыныңқы компонент деген бұрыннан қалыптасқан теорияны басшылыққа алады да, жалпы 
түркі тілдеріндегі осыған қатысты қайшылықты ғылыми көзқарастарды жүйелейді. Оның 
бастылары мынандай жүйеге сүйенеді. Атап айтқанда, құрмалас сөйлем моделін жасаудағы 
предикативтіліктің ролі мен сөйлемнің құрылымдық-мағыналық бөлшектері қарастырылуы, 
яғни предикативтілік сөйлемнің басты белгісінің бірі болып есептеледі. Бұл категорияның 
дамуының өзі сөйлемді сөйлем ететін яғни қандай факторлар әсерінен сөйлем хабарды 
білдіреді немесе коммуникативтік қызмет атқарады деген мәселенің қойылысынан басталады. 
Сонымен қатар бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттің арасындағы пауза мен 
бағыныңқы компоненттің баяндауышының құрамына кіретін көмекші сөздердің лексикалық 
даралығынан ажырап абстрактіленіп баяндауыштық форма құрамына кіруге мүмкіндік алатын 
қызметтерін көрсетеді.
Құрмалас сөйлем мен басқа да осыған ұқсас сөйлемдерден ажырату критерийлерін 
былайша жүйелейді. Компонент бағыныңқы болғанмен немесе болып көрінгенмен оның 
баяндауыш ретіндегі мүшесінің лексикалық даралығы жоғалмаған сөз кірсе, ол бағыныңқы 
бола алмайды деп нақты тұжырым ұсынады. Сонымен қатар, сырттай сабақтас құрмалас 
сөйлем болып көрінгенмен онық қатарына жатпайтын сөйлемдерді неге жатқызылуға 
болмайтынын дәлелдеп береді. Бұл туралы ғылымда талас тудыратын мәселелер баршылық. 
Кейбір күрделі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдермен қалай ажыратуға болады деген 
түсініктің де аражігін ажыратуға келгенде, нақты тұжырымға сүйене бермейді.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері және олардың жасалу жолдарын 
былайша анықтап береді. Сабақтас құрмалас сөйлемдер көсемше, есімше, шартты рай, қимыл 
есімі формаларының қатысуымен жасалатындығын қорытындылай отырып басқа да 
ерекшеліктеріне назар аударады. Есiмшелер мен көсемшелердiң жай сөйлемдi құрмаластыру 
жолы бiрдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай 


47 
қосымша тәсiлсiз, формасыз жай сөйлемдi құрмаластыру функциясын атқара алатын болса, 
есiмшелерде ондай қасиет жоқ. Есiмшелер жай сөйлемдi құрмаластыру үшiн әр түрлi тұлғалық 
құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада айтылады. Сөйлемдерді құрастыруда тиянақсыз 
қасиет берiп, есiмше формалы сөздi басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын – 
оларға жалғанатын түрлi қосымшалар және шылаулар екеніне жан-жақты талдау жүргізеді.
Бұл жерде қимыл есімі формалы етістіктердің қатысуымен жасалатын сабақтас 
құрмаластар мысалдармен дәлелдеген. Жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластыру 
функциясында есiмшелердiң барлық түрлерi де қолданылады, бiрақ құрмалас сөйлем жасауда 
есiмше түрлерiнiң атқаратын қызметi, формалық құбылыстары бiркелкi емес. Мысалы, 
құрылымдық грамматикада синтаксис саласы бойынша сөйлемнің көп қырлы күрделі тілдік 
құбылыс екенін дәлелдейді. Сөйлемнің сол көп қырларының ішінде маңыздысы –оны 
құрылысы мен мағынасының байланысы тұрғысынан зерттеу болып табылады. Жалпы тіл 
біліміндегі сөйлемді модельдік сипаттауға байланысты ғылыми көзқарастар жай сөйлемнің 
құрылымдық-мағыналық модельі деген терминнің өзі бірнеше сатыға жіктелп арнайы зерттеу 
нысандарына іліккен болатын.
Жалпы осында құрылымдық лингвистикадағы сөйлемнің құрылысының бір-бірімен өзара 
әрекеті нысанаға іліге бастаған болатын. Бұл процесс тек қана коммуникатымтік – танымдық 
функциясы арқылы түсіндіруді негізгі ұстаным етіп алады. Көп компонентті құрмалас 
сөйлемдер атты тарауда көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерді көп компонентті 
сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер, көп компонентті 
құрмалас сөйлемдердің қызметі және көп компонентті құрмалас сөйлемдердің көлемі жөнінде 
айтылған. Көп компонентті құрмалас сөйлемдерді қрылымдық тұлға ретінде белгілерін а) 
құрылымдық белгі анықтап берсе, ә) семантикалық белгілеріне пропозициялық ( логикалық – 
грамматикалық) компоненттерінтерінің көп болуынын грамматикалық және лексикалық 
мағына беретін тілдік құралдардың жасалу жолдары арқылы болатынын көрсетеді. Көп 
компонентті құрмалас сөйлемдер (салалас, сабақтас, аралас) дәстүрлі бөлініс үлгілері 
әрқайысының лексикалық – грамматикалық жасалу жолдарын арқылы талдау жасайды.
Құрмалас сөйлемдер коммуникативтік талаптар жүйесінде деген тарауда айтушының 
мақсаты мен ниетіне байланысты сөйлем құраудың сан алуан мағыналық – мазмұндық 
қызметін көрсетеді, себебі құрмалас сөйлемді жасаудың жолдарының әлі де қарастырылатын 
түрлері бар екеніне назар аудартады. Құрмалас сөйлемдер жүйесінде көрінетін 
коммуникативтік көріністер және олардың орындалуы, коммуникативтік талаптардың орын 
тәртібі арқылы орындалуы, кірігу орын тәртібі, инверсиялық орын тәртібі, экспрессивті 
құрмалас сөйлемдер және құрмалас сөйлемдердің лебізді түрлендіру, ажарландыру талабына 
қызмет етуі туралы айтылған ғылыми ойлары осы мақсаттан туындаған. Қазір сөйлемнің 
жасалу жолдарында ешқандай өзгеріс жоқ деп айтуға болмайды. Бұл тілден тысқары 
факторларға қатысты болса керек. Автор құрмалас сөйлемді қарастырғанда соңғы тараулары 
көркем әдебиеттен алынған мысалдармен толықтырылған, ал қазір жазба мәтіннің түрлері, 
жанрлары, типтері көбейді. Сондықтан Р. Әмірдің құрмаласқа қатысты ғылыми тұжырымдары 
болашақ ғылыми зерттеулерге де негіз болады деп айтуға болады. Қазақ тілінің грамматикасы 
ұлттық әдеби тілдің қызмет етуінің сөз сөйлеу арқылы жүзеге асқан күрделі құбылыс 
болғандықтан, құрмаласқа қатысты қайшылықты пікірлер әлі де туындайды. Қазақ тілінің 
функционалды грамматикасының негізгі нысаны да ұлттық әдеби тілдің қоғамдық қызметінің 
толық әрекет етуінің жемісі болып есептелінеді.
Бұл оқулық болашақта функционалды грамматикалық ұғымдары мен категорияларын 
бөлгенде, олардың функционаларын атқаратын, атап айтқанда лексика – семантикалық, 
лексика – грамматикалық тілдік амалдардың өзара әркеттесуін анықтауда, негізгі критерии 
болтынына мүмкіндік туғызады. Сондықтан бұл оқулық білім алушыларға үлкен пайдасы бар, 
қажетті оқулық болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет