Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет24/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   225
Күзекова З.С. 
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
 университетінің профессоры 
 
ПРОФЕССОР Р. С. ӘМІРДІҢ « ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ, ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ» 
АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ 
 
Құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік, функционалдық жүйедегі болмысы аталған 
еңбекте ғалымның соны пайымдауларымен сипатталған: 


43 
– сөйлемдердің құрылу заңдарын немесе оның жеке бөліктерін зерттейтін ғылымды 
синтаксис деп атайды. Синтаксисте сөйлемнің грамматикалық және семантикалық ерекше-
ліктері зерттеледі, сөйлемдердің әр түрлі типтері сипатталады; 
- тіл жүйесінде синтаксис маңызды орын алады, нақ осы синтаксис деңгейінде 
байланысты сөйлеу қалыптасады, нақ осы синтаксистік бірліктер адамдардың қатысымы үшін 
қызмет ететіні көрсетіледі; 
- сөздің сөйлеуде қызмет етуі, бірігуі грамматикалық рәсімделуі бойынша әрбір тілдің 
өзіндік ерекше ережелері бар, синтаксис осы ережелерді сипаттайды, ал адам яғни осы тілде 
сөйлеуші осы ережелерді пайдалана отырып, өз ойын жеткізетіні мысалдармен көрнекіленеді; 
- тіл адамдардың қатысым, коммуникация құралы болып табылатындығы да ғалым 
еңбегінде дәйектелген.
Г. А. Золотованың танымына сүйенетін болсақ, адам табиғатта, қоғамда өмір сүреді. Ол 
қозғалады, әрекет етеді, ойлайды, танымға ұмтылады, сезінеді, өзге адамдармен қатысты әр 
түрлі сезімдерді басынан өткереді, олармен қарым – қатысымға түседі, табиғат құбылыстарын 
көреді, қабылдайды, өзін қоршаған заттарға әсер етеді, заттар жасайды. Құбылыстар мен зат-
тар әрекет етпейді, ойламайды, олардың белгісі, сапасы болады. Адам оларды көреді, белгісін, 
байланысын, қатынасын таниды. Нақты құбылыстарды, заттарды байқай отырып, адамдар 
абстрактылы ойлауға дейін жетеді, логикалық байланыстарын табады, қорытындылайды, 
пайымдайды.
Адам осылайша сөйлеу әрекетінің, әлеуметтік қатысымның субъектісі ретінде әлемді қа-
былдаушы және ойлаушы тұлға ретінде тілдің коммуникативтік тұжырымдамасының негізі 
болып табылады. Осы тұрғыдан келетін болсақ, Р. Әміров еңбегінде де тілдің комму-
никативтік тұжырымдамасы анықталады.
Адам сөйлеуші жақ ретінде міндетті түрде мынадай грамматикалық категорияны – жақ, 
шақ, санды білдіруге қатысады. Сөйлеушіні көрсету (мен, біз), адресатқа (сен, сіз), үшінші жақ 
(ол, олар), әрекеттің қазір, өткен, келер шақта өтуі, сондай –ақ, сөйлеушінің кеңістіктегі 
бағыты – бәрі тілдің бірліктерінде бар. Мұны да сіз аталған еңбекті оқып отырып, аңғарасыз.
Сөйлеушінің позициясы сөйлем құру үшін маңызды – қандай лексикалық бірлік құрал-
дарды таңдау, оны қандай синтаксистік бірліктермен рәсімдеуді сөйлеуші шешетіні оқу 
құралында айқындалған.
Синтаксистің негізгі бірлігі – жай сөйлем. Синтаксистік бірлік ретінде жай сөйлемнің 
өзіндік сипаты бар, оның өзіндік құрылымдық сызбасы бар. Профессор Р. Әмірдің «Жай 
сөйлем синтаксисімен» студентер де, аспиранттар да, ізденушілер де таныс деп білеміз.
Синтаксисте сөйлемнің құрылымы зерттеледі, яғни сөйлемдер тобының ортақ ерекшелік-
тері зерттеледі. Құрылымнан басқа сөйлемде интонация, сөздердің орын тәртібі болады, сон-
дай-ақ, сөйлеуде қызмет етеді. Осы мәселелер ғалымның еңбектерінде жан- жақты 
пайымдалады.
Кез–келген сөйлемнің айырымдық ерекшелігі – предикаттарына байланысты. Предикат 
сөйлемде бір субъектімен сәйкеседі, яғни әрекет етуші жақ пен немесе субъект рөліндегі зат-
пен сәйкеседі, осының нәтижесінде сөйлемнің грамматикалық субъект- предикаттық негізін 
құрайтын предикативтік байланыс пайда болады. Предикативтік байланыстың әр түрлі сипаты 
барлық сөйлемдерді бастауыш, баяндауышты сөйлемдер және предикативті байланысы 
басқаша сөйлемдер деп бөлуге әкеледі деген Р. Әмірдің қорытынды пікірлері құрмалас сөй-
лемнің ғылыми зерттеулерде әлі толықтай қарастырылмай жүрген қырларынан ой қозғайды. 
Атап айтқанда, құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілерінен бастай отырып, құрмалас 
сөйлемнің бір бүтін семантикаға ие екендігін, олардың негізгі грамматикалық түрлерін жа-
ңаша бағытта саралайды. Жоғарыда аталған еңбектің 49 – шы бетінде мезгілдік іргелес салалас 
сөйлемдердің мағыналық түрлеріне тоқталады. Егер де мезгілдік қатынастар конструкциясын 
іс-әрекеттің ұзақтығын, созылыңқылығын, басталу сәті мен аяқталу сәтін, бір мезгілділігін, 
қайталанатынын, іс-әрекет нәтижесі сақталатын мезгілдің берілуі, оқиғадан бұрын, алдында 
болған мезгілдің берілуі деп топтастыратын болсақ, ғалым ағамыз көп әдебиеттерде айтыла 
бермейтін мезгіл жағынан қатар болған іргелес салалас сөйлемдердің жасалуы жағынан бес 


44 
түрін сипаттайды, яғни мезгілдік қатынасты құрайтын іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің 
конструкциясын көрсеткен. Қарсылықты іргелес салалас сөйлемдердің үш түрін, себептік ірге-
лес салалас сөйлемдердің бес түріне мысал береді, себептік іргелес салаластың бесінші түрін 
Н. Т. Сауранбаевтың, Т. Қордабаевтың осы құрамдағы конструкцияларды салыстырма мағы-
налы сөйлемдер деп танығаны туралы пікірлерін де сілтемеде келтіреді. Егер де салыстыру 
мәнді құрылымдардың көптеген мағыналық реңктері бар дейтін болсақ, есімшенің –дай- дей 
жұрнағын жалғап, оқиғаны болжам ретінде жорамал ретінде хабарлау мағынасына ие деген 
оқу құралындағы (53-бет) ғалымның пайымына сүйене отырып, мұндай құрылымды салыс-
тырмалық қатынасты білдіретін конструкцияға оның ішінде болжалды салыстыруға жатқы-
зуға болады. Салыстыру мәнді құрылымдардың мағыналық реңктерін былайша топтастыруға 
болады: 
1. Салыстыру немесе ұқсату – Бүгін де кешегі сияқты суық. Біз ағайындылардай 
құшақтастық. Түлкідей қу, сауысқандай сақ. Ол цыгандарша мың құбыла биледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет