Республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет20/48
Дата25.11.2023
өлшемі464,98 Kb.
#125802
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Педагог
-
психолог баланың мінез
-
құлық
 
ерекшеліктерін ескере 
отырып, балалармен және ересектермен қарапайым қарым
-
қатынас
 
жасай 
отырып, 
коммуникация 
ортасын 
қалыптастыруға
 
көмектеседі. Әртүрлі қарапайым ойын мен 
өзара
 
қарым
-
қатынас
 
тәсілдері балаларға өзара қарым
-
қатынас
 
ортасын сезінуге және коммуникация кезінде белгілі 
бір қашықтықты сақтауға көмектеседі. Әдетте, бұл қарым
-
қатынас
 
ересектермен оңайырақ болады [1, 23].
 
Балалармен және мұғаліммен қарапайым қарым
-
қатынас
бала үшін 
мүмкін болған жағдайда (қайталанатын жағдайлар кезінде), жалпы балалар 
ортасында қарым
-
қатынас
дағдыларын және коммуникативтік дағдыларды 
қалыптастыру
бойынша жұмысты дамытуға болады. Бұл жұмыс сыныпта 
топтық жұмыс әдістерін қолдануды көздейді. Көбінесе АСА бар балаларда 
құрдастарымен
қарапайым
қарым
-
қатынас
ересектермен салыстырғанда 
қиынырақ
болады. Қарым
-
қатынас
уақыт өте келе өздігінен жақсармайды 
және бала үшін ыңғайсыздық пен алаңдаушылық тудыратын жағдай 
деңгейінде ғана қалады. Сондықтан басқа балалармен осындай қарым
-


27 
қатынас
көлемі жеткілікті мөлшерде болуы тиіс, стереотипті түрдегі сабақ 
пен қоңырау шеңберінде ұйымдастырылылуы керек. Бейімделудің бастапқы 
кезеңдерінде жанжалды жағдайлардың туындауына және АСА бар балада 
жағымсыз эмоционалдық әрекеттердің болуына жол бермеу маңызды. Осы 
кезеңде баланың өзі туралы және басқалар туралы түсініктерін дамыту 
бойынша, атап айтқанда, басқа адамның өзіне қарағанда басқа ойлары, 
сезімдері мен тілектері бар екендігін түсіндіру бойынша жұмыс басталуы 
тиіс. Басқа балалармен және мұғаліммен осындай қарым
-
қатынас
бала үшін 
мүмкін болғаннан кейін ғана, баланың коммуникативті
қабілеттерін
біртіндеп кеңейтіп, түрлі ұйымдастырылған мерекелерде, экскурсияларда 
және т. б. іс
-
шараларда балалардың өзара қарым
-
қатынасын
ұйымдастыруға
көшуге болады [1, 23]. 
Дефектолог
-
мұғалімнің қызметі
. Дефектолог
-
мұғалімнің АСА бар 
балалармен жұмыс
жасау кезіндегі негізгі міндеттері: 
1. 
Баламен жұмыс жасау кезіндегі түзету жұмысының негізгі тәсілі 
болатын қолайлы ұйымдастырылған орта құру. Бұл өмір сүрудің стереотипті 
нысаны барынша ыңғайлы болып қалады және мазасыздықтың, 
қорқыныштың
төмендеуін қамтамасыз етеді, қызметті дұрыс және тиімді 
ұйымдастыруға
және құрылымдауға көмектеседі. Барлық кеңістікті 
орындалатын қызмет түрлеріне сәйкес аймақтарға бөлу қажет: оқу аймағы, 
ойын аймағы, демалыс аймағы және т. б.
2. 
Уақытты ұйымдастыру және визуализациялау. АСА бар балалар 
үшін
уақыттың белгіленуі өте маңызды. Күн оқиғаларының кезектесуінің 
тұрақтылығы, олардың болжамдылығы және алдағы жоспарлауы қандай да 
бір қызметтің басталуы мен аяқталуын жақсы түсінуге көмектеседі. Осы 
кезде олар үшін өткен нәрселерді бастан кешіріп, болашақта не болатынын 
болжау оңай. Мұнда әртүрлі кестелер, нұсқаулықтар, күнтізбелер, сағаттар 
қолданылады

3. 
Барлық қызмет түрлерін құрылымдау. Жұмыстың негізгі бағыты 

мектепке дейінгі жастағы балалардың нәтижелі іс
-
әрекетін
және қарым
-
қатынас
дағдыларын қалыптастыру, мектеп жасындағы оқу тәртібінің 
стереотипін қалыптастыру. Арнайы ұйымдастырылған оқыту кезінде балаға 
кәдімгі құрдастары өз бетінше меңгеретін көптеген әлеуметтік 
құзыреттіліктерді
меңгеру қажет. Жоғарыда сипатталған міндеттер мектептің 
басқа да мамандарымен, бірінші кезекте сынып жетекшісімен шешілетін 
болады, бірақ дәл осы жұмысты түзету жұмысы ретінде Дефектолог
-
мұғалім 
ұйымдастырады
және баланың оқу қызметіне жұмыс жасау тәсілдерін 
ауыстырады. 
4. 
Дамудың әркелкілігін жеңу. Бұл міндет арнайы әдістемелер мен 
бағдарламаларды пайдалану, сондай
-
ақ арнайы әдістерді, оқыту тәсілдерін 
(мысалы, баламалы және жеңілдетілген коммуникация, жаһандық оқу) 
қолдану
арқылы шешіледі. Жұмыс кезінде мыналарды ескеру қажет: 
материалды ұсынуда көрнекі құралдарының басым болуы; ақпарат көлемін 


28 
мөлшерлеу; материалдарды қабылдау мүмкіндіктеріне сай беру; бейімделген 
мәтіндерді пайдалану; тапсырмалардың күрделілік деңгейінің вариативтілігі.
5. 
Коммуникативтік қарым
-
қатынас
тәртібін ұйымдастыру.
Сөздік 
қорын
кеңейту және сөйлеудің мағыналық жағын дамыту жұмысына ерекше 
назар аударылуы тиіс. Балаларға тапсырмалардың мағынасын, сондай
-
ақ 
олардан не күтілетіндігін егжей
-
тегжейлі түсіндіру қажет. Балаға күннің 
барлық оқиғалары, өмірдің маңызды сәттері туралы айту керек. 
Коммуникацияны өмірдің неғұрлым нақты және ажырамас бөлігіне 
айналдыру қажет. Егер балада тапсырманы орындау кезінде үлкен 
қиындықтар
туындаса, көзбен көру арқылы қолдауды (суреттер, 
пиктограммалар) пайдалану ұсынылады. 
6. Білім беру процесін сүйемелдеу. Қызметтің бұл түрі бірнеше бағытқа 
ие: 
а) Жеке оқу жоспарын құру. Оқу жылының басында сүйемелдеу 
қызметінің
басқа мамандарымен және оқушының заңды өкілдерімен бірге 
жеке жұмыс жоспары әзірленеді. Оны іске асыру мерзімі бір айдан жарты
жылға дейін өзгеруі мүмкін, бірақ одан аспауы тиіс
.
б) оқушының даму динамикасының мониторингі. Бұл баланың білім 
беру және әлеуметтік салалардағы жетістіктерінің динамикасын үнемі 
қадағалауға
және белгіленген қызметке уақытылы түзетулер енгізуге 
мүмкіндік береді. Дефектолог
-
мұғалімге мектеп консилиумымен әзірленген 
ұсынымдарды
білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының
сақтауын 
қадағалау
қажет
.
в) балаға бағдарламаны меңгеруде көмек көрсету және қиындықтарды
жеңу. Бұл қызмет түрі көбінесе жеке түзету сабақтарында жүзеге асырылады. 
г) оқушылардың бағдарламалық материалды жеке немесе кіші топта 
меңгеруі (сыныптағы меңгеру қиын болған жағдайда). 
д) оқушыларды сынып
-
оқу формасына қосу процесін ұйымдастыру. 
7. Әлеуметтік
-
тұрмыстық бейімдеу. Барлық
алған іскерліктер мен 
дағдыларды бекіту және әртүрлі өмірлік жағдайларға көшіру қажет. 
Әлеуметтік
бейімделуді жақсарту бойынша жұмыс кезінде мұғалім мен 
баланың ата
-
аналары арасында тығыз қарым
-
қатынас
болуы керек [1, 23].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет