4) аспаптық (инструменттік) шартты рефлекстер – жануарлар тамақтану үшін
белгілі бір әрекет жасауы керек (мысалы, арнаулы педальды басу).
Шартты, шартсыз тітіркендірулердің қарым-қатынасына және ұштастыру
мерзіміне сәйкес шартты рефлекстер
нақтылы және
ілеспелі болып бөлінеді.
Нақтылы рефлекстер шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің дәлме-
дәл ұштастыру жағдайларында қалыптасады. Бұл рефлекстің қарапайым
және күрделі түрлері кездеседі. Оның бірмезгілді, бірізді және тізбекті
түрлері де болады.
Ілеспелі рефлекстер бекітуші тітіркендіргіш шартты сигналдың әсері
аяқталғанда қосылса пайда болады. Мысалы, сілекей бөлінетін рефлекс
шартты сигналдың әсері аяқталған соң, 2-4 минуттан кейін байқалады. Бұл
рефлекстің тағы бір түрі белгілі бір уақыт мерзіміне қалыптасатын –
уақыттық шартты рефлекс.
Уақыттық шартты рефлекстер әртүрлі уақыт аралықтарында (бірнеше
секунд, сағат, тәулік арасында) қалыптасады. Оны қадағалайтын
организмдегі көптеген ырғақты өтетін құбылыстар (тынысалу, жүректің
соғуы, қимыл, асқорыту кезіндегі сөл бөлінуі және т.б.).
Басқа шартты рефлекстің негізінде пайда болатын шартты рефлекстерді
бірінші, екінші, үшінші ретті деп ажыратады.
Бірінші ретті рефлекс –
шартты сигналды (жарық) шартсыз тітіркендірумен (ет) ұштастырғанда
қалыптасатын шартты рефлекс (классикалық шартты рефлекс).
Екінші ретті
рефлекс бірінші реттегі шартты рефлекстің негізінде пайда болады. Жарыққа
қалыптасқан шартты рефлекс кезінде, оған қосымша қоңырау дыбысын
(ұштастыру) бірнеше рет қосқанда қоңырауға шартты рефлекс қалыптасады.
Иттерде тек үшінші ретті шартты рефлекстер ғана қалыптастыруға болады,
ал адамда 10-12 ретке дейін.
Сонымен шартты рефлекстер тіршілікте өмір бойы қалыптасады және
адам үшін олардың маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: