а) жануар (адам) организмі аман-сау, әсіресе ми қыртысының жағдайы
қалыпты болу керек;
б) шартсыз рефлекстің жүйкелік орталығы белсенді әрекеттік қалыпта болу
керек (мысалы, тамаққа мұқтаждық);
в) сыртқы ортадан әсер ететін немесе ішкі ағзалардан (ішек-қарын, куық
және басқа) шығатын бөтен сигналдар болмау керек;
г) шартты және щартсыз тітіркендіру күштерінің ара қатынасы қолайлы
деңгейде болу керек.
Шартты рефлекстің пайда болуы мен сақталуы үшін ұштастыру (нығайту)
деңгейі әртүрлі болады: минимальды (табалдырықты), оңтайлы (оптимальды)
және максимальды. Өте жоғары шартты сигнал шартты рефлекстің
қалыптасуына кедергі жасайды.
Шартты рефлекстердің биологиялық маңызы – олар қоршаған ортаның
өзгерістеріне өте қолайлы бейімдеу нәтижесінде организмді алдын ала
болашақ қажетті іс-әрекеттерге дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл
рефлекстер саны шектелмейді, әрдайым өзгеріп және тежеліп отырады. Егер
жағдай өзгерген болса, организмге қажет емес рефлекстер жойылады,
олардың орнына жаңа рефлекстер пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: