Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет128/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

      Түрлі түсті сезу. 
      Адамның көптеген түрлі түстерді ажырата алатын қабілеттілігі бар. Түрлі 
түсті  сезіну  механизмі,  бұрынғыдан  белгілі,  бірақ  қазіргі  заманда  аздап 
ескірген үшкомпонентті қағида бойынша (М.В.Ломоносов-Гельмгольц), көру 
жүйесінде  негізгі  үш  түске  сезімтал  (қызыл,  сары  және  көк  түстерге)  үш 
құрылғы  (датчик)  болуына  байланысты.  Сондықтан  түстерді  қалыпты 
ажырату  (немесе  сезу)  –  трихромазия  деп  аталады.  Белгілі  бір  жағдайда 
негізгі  үш  түсті  бір-бірімен  араластырғанда  ақ  түсті  сезіну  пайда  болады. 
Негізгі  түстердің    бір    немесе  екі  құрылғысының  (датчиктерінің)  қызметі 
бұзылса,  түстердің  дұрыс  араласуы  болмайды,  яғни  түрлі  түсті  сезіну 
бұзылады.  
      Түрлі  түсті  сезудің  туа  біткен  және  жүре  пайда  болған  ауытқулары 
(аномалия) кездеседі. Туа біткен кемістігінде көк түсті сезіну төмендейді, ал 
жүре  пайда  болған  ауытқуында  –  жасыл  түске  төмендейді.  Кейбір  түсті 
айыру  кемістігі  немесе  жартылап  түсті  танымауды  –  тұңғыш  рет  осыдан 
зардап  шеккен  ағылшын  физигі  Д.  Дальтон  сипаттап  жазды.  Сондықтан  аса 
көп  таралған  түсті  түйсіну  ауытқушылығы  (аномалиясы)  осы  ғалымның 
есімімен  «дальтонизм»  деп  аталған.  Мұндай  аномалия  ерлердің  10%-да, 
әйелдердің 0,5%-да кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет