бояғыштар бар. Хлоролаб жасыл түске сәйкес, ал эритролаб қызыл түсті
спектрдің сәулелерін сіңіреді.
Родопсин А витаминінің альдегиді – ретиналь және опсин деген
белоктан тұрады. Жарықтың бір квант мөлшерінің әсерінен осы заттың
бірнеше өзгерістері болады. Мысалы, ретинальдің изомері пайда болады
және оның белокпен байланысы бұзылады, сонда ферменттік орталығының
белсенділігі артады. Бастапқыда люмиродопсин және метародопсин деген
аралық заттар түзіледі, содан кейін ретиналь опсиннен бөлініп шығады.
Редуктаза деген ферменттің әсерінен ол А витаминге айналады. Қараңғылық
жағдайда көздің қанқызыл пигменті қайтадан қалпына келеді,яғни родопсин
құрастырылады. Организмдегі А витаминнің жеткіліксіздігі родопсиннің
пайда болуын бұзады. Мұндай жағдайда
ақшам соқырлығы байқалады, адам
кешкі уақытта нашар көреді, кейде ештеңе көрмей қалады.
Достарыңызбен бөлісу: