Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет91/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

      Қалқансерік  бездер  -  онша  үлкен  емес  (салмағы  20-50  мг),  қалқанша 
бездің артқы жағында жұптап орналасқан  құрылымдар. Олар қанмен жақсы 
жабдықталған  және  вегетативтік  жүйке  жүйесімен  нервіленген.  Қалқансерік 


бездердің  гормоны  паратгормон  (паратирин)  деп  аталады.  Бұл  гормон 
организмдегі  Са
2+ 
иондарының  алмасуын  реттеуге  қатысады  және  оның 
қандағы  деңгейі  тұрақты  болуын  (тиреокальцитонинмен  бірге)  қолдайды. 
Қандағы Са
2+
-дің қалыпты мөлшері 2,25-2,75 ммоль/л (9-11 мг%).  
       Қалқансерік  бездерінің  қызметі  күшейгенде  (гиперпаратиреоз)  қандағы 
Са
2+ 
концентрациясы 
ұлғаяды, 
ал 
оның 
қызметі 
төмендегенде 
(гипопаратиреоз)  –  қандағы  Са
2+ 
азаяды.  Паратгормонның  әсерінен 
остеокласттардың  белсенділігі  күшейіп,  сүйектегі  Са
2+ 
мен  фосфат  босап 
(аденилатциклаза  ферментінің  көмегімен)  қанға  түседі,  яғни бұл  гормонның 
шамадан  артық  бөлінуі  гиперкальциемияға  әкеледі.    Паратгормон  бүйрек 
түтікшелерінде  Са
2+
иондарының  қайта  сіңуін  (реабсорбция)  күшейтіп,  оның 
қандағы мөлшерін жоғарылатады. Сонымен қатар паратгормон организмдегі 
фосфор  алмасуына  да  әсерін  тигізеді:  бүйректегі  фосфордың  қайта  сіңуін 
тежейді,  оның  салдарынан  фосфор  несеппен  көп  шығарылып,  қандағы 
мөлшері  азаяды.  Паратгормон  ішектен  Са
2+
  иондары  мен  бейорганикалық 
фосфаттың қанға сіңуін күшейтеді. 
      Қалқансерік  бездің  гормон  шығаруының  реттелуі  қандағы  Са
2+
-дің 
мөлшеріне  тікелей  байланысты.  Егер  қандағы  кальцийдің  мөлшері 
жоғарыласа,  қалқансерік  бездің  әрекеттік  белсенділігі  төмендейді,  ал  оның 
қандағы  шамасы азаятын болса, қалқансерік бездің гормон шығару қабілеті 
жоғарылайды, яғни бұл кері теріс байланыс принципіне сәйкес келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет