Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Гипофиздің ортаңғы және артқы бөлімдерінің гормондары



Pdf көрінісі
бет89/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

11.2. Гипофиздің ортаңғы және артқы бөлімдерінің гормондары 
      
Гипофиздің  ортаңғы  бөлігінде    пигменттік  алмасуға  әсер  ететін 
меланотропин (интермедин) атты гормон түзіледі. 
     Гипофиздің  артқы  бөлігінің  (нейрогипофиз)  гормондары  гипоталамустың 
супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, олардың  


аксондарының 
бойымен 
(гипоталамо-гипофиздік 
жолмен) 
ағып 
нейрогипофизде  жинақталады.  Бұл  үдеріс  нейросекреция  деп  аталады. 
Паравентрикулярлық ядрода көбіне  окситоцин гормоны, ал супраоптикалық 
ядрода  вазопрессин  (антидиурездік  гормон,  АДГ)  түзіледі.  Бұл  гомондар 
нейрогипофиз жасушаларында (питуициттерде)  белсенді түрге айналады.  
      Вазопрессин екі түрлі қызмет атқарады: 
      1)  тамырлардың  бірыңғай  салалы  еттерінің  жиырылуын  күшейтеді 
(артериолалар тонусының жоғарылауы нәтижесінде артериалық қан қысымы 
көтеріледі). 
      2)  бүйректе  несептің  түзілуін  төмендетеді  (антидиурездік    әсері). 
Вазопрессиннің  мұндай  әрекеті  оның  бүйрек  түтікшелеріндегі  суды  қанға 
қайта  сіңуін  күшейту  қабілетімен  байланысты.  Сондықтан  бұл  гормонның 
жетіспеуі  қантсыз  диабетке  соқтырады  (организмнен  10-15  литрге  дейін 
несеп  шығарылады  –  қантсыз  полиурия).  Организмнің  мұндай  сусыздануы 
қатты шөлдеуге келтіреді. 
      Окситоцин  жатырдың  бірыңгай  салалы  еттеріне  таңдамалы  әсер  етіп, 
оның жиырылуын  күшейтеді.  Жатыр  етінің жиырылуы  күшейеді,  егер    оған 
алдын ала эстрогеннің әсері болғанда. Жүктілік кезінде окситоцин жатырдың 
жиырылу  қабілетіне  әсер  етпейді,  себебі  бұл  кезде  сары  дененің  гормоны 
прогестерон  жатырдың  барлық  тірікендіргіштерге  сезгіштігіне  тосқауыл 
болады.  Сонымен  қатар  окситоцин  сүттің  шығуын  күшейтеді,  ал  сүттің 
түзілуі (секреция) пролактиннің бақылауында болады. Окситоциннің бөлінуі 
рефлекторлық жолменде жүреді (мысалы, баланы емізгенде). 
 
      Гипофиз гормондарының түзілуінің  гипоталамуспен  реттелуі 
      Гипоталамустың  нейрондарында  нейросекрет  түзіледі.  Гипофиздің 
алдыңғы бөлігінің гормондарының түзілуіне келтіретін нейросекрет өнімдері 
либериндер,  ал  оларды  тежейтін  өнімдер  –  статиндер  деп  аталады.  Бұл 
заттар  гипофиздің  алдыңғы  бөлігіне  қан  тамырлары  арқылы  келеді.  Сөйтіп, 
гипофиздің  алдыңғы  бөлігінің  гормондарының  түзілуі  кері  байланыс 
принципі  бойынша  жасалады.  Аденогипофиздің  бағыттаушы  (троптық) 
қызметі  мен  шеткі  ішкі  сөлініс  бездерінің  арасында  екі  жақты  қатынас  бар: 
троптық  гормондар  шеткі  сөлініс  бездері  қызметін  белсендіреді,  ал  олар 
өздерінің  әрекеттік  жағдайына  байланысты  троптық  гормондардың 
өндірілуіне  әсер  етеді.  Мұндай  аденогипофиздің  екі  жақты  байланысы 
қалқанша  без,  жыныстық  бездер  және  бүйрекүсті  бездерінің  араларында 
болады.  Бұл  байланыстарды  «плюс-минус»  өзара  әрекеттесу  деп  атайды. 
Мысалы,  троптық  гормондар  шеткі  сөлініс  бездерінің  қызметін  қолдап, 
күшейтеді  («плюс»),  ал  шеткі  бездердің  гормондары,  керісінше,  гипофиздің 
алдыңғы бөлігінің гормондарының өндірілуі мен бөлінуін басып төмендетеді 
(«минус»  әсері).  Осындай  кері  байланыс  гипоталамус  пен  аденогипофиздің 
араларында  да  байқалады.  Қандағы  гипофиз  гормондарының  мөлшері 
көбейгенде, гипоталамустың нейросекрециясы төмендеп тежеледі. 
      Вегетативтік 
жүйке 
жүйесінің 
симпатикалық 
бөлімі 
троптық 
гормондардың түзілуін күшейтеді, ал парасимпатикалық – тежейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет