193
Ұзындығы 2 м дейінгі, МемСТ 2708-75 бойынша таңбаланатын сортимент-
терден басқа, қысқа сортименттердің және 3 м дейінгі кӛлемін үлестік жиынтық
шамада анықтайды.
Жиынтық шама ағаш материалы қатарының енін биіктігі
мен ұзындығына кӛбейтумен анықталатын габаритті кӛлемін сипаттайды.
Қатардың енін орнатылған ағаш материалдарының номинал ұзындығына тең
етіп қабылдайды; биіктікті қатар ұзындығының әрбір 1 м сайын бірнеше
биіктіктердің орташа арифметикалық қосындысын есептеу арқылы анықтайды.
Қатар биіктігі мен ұзындығының алынған мәндері 0,01 м дейін дӛңгелектенеді.
Қатардың шеттеріндегі оның берік болуы үшін орнатылған торлардың
ұзындығын 0,8 олардың нақты созылыңқылығына тең деп қабылдайды.
Ылғалдылығы 25% жоғары болатын іскери сортименттерді қатар-
ластырып салу кезінде қатар биіктігінің кӛлемін анықтау кезінде есепке
алынбайтын құрғау мен отыруға кететін қатар биіктігінен 2% шамасында артық
үстемесі болуы керек.
Тығыз шамаға ауыстыру үшін сортименттер қатарының габаритті кӛлемін
(жиынтық шамасын) ағаштану коэффициентіне кӛбейтеді.
Бӛренелердің ұзындығы мен диаметрін ӛлшеу үшін қолдық және
автоматты аспаптарды пайдалануға болады. Бӛрене ұзындығын бӛрененің
толық қимасын қамтитын визуалды параллель жазықтықтардың арасындағы
қашықтық ретінде ӛлшейді. Бӛрене диаметрін бӛрененің бүйір жақ бетін
қамтитын екі параллель түзулер (штангенциркуль қысқыштарымен немесе ағаш
ашасымен, оптика-электрлік құрылғысының сәулелерімен және т.б.) арасын-
дағы қашықтық ретінде ӛлшейді. Бӛрененің диаметрін сызғышпен (ұзындық
ӛлшеуіш рулеткамен) ӛлшеу кезінде оның бүйір жағында түзулердің параллель-
дігін визуалды анықтайды. Келісім-шарт орташа диаметрді
d
c
(бӛрене
ұзындығының ортасында), жоғарғы диаметрді
d (жоғарғы кіші бүйір жақта),
тӛменгі диаметрді
D (тӛменгі үлген бүйір жақта), тӛменгі бүйір жақтан белгілі
бір қашықтықтағы диаметрді (әдетте тіректер үшін), бӛрене ұзындықтары
бойынша тең – секция ұзындығының ортасындағы диаметрін (секция ұзындығы
автоматты ӛлшеу жүйесінің конструкциясына тәуелді болады) ӛлшеуді
қарастыруы мүмкін. Келісім-шартқа сәйкес партиядағы бӛренелерді ӛлшеуді
тұрақты бір бағытта немесе ӛзара-перпендикуляр екі бағытта (әрбір бӛрене
үшін) жүргізуге болады.
Ӛлшеу нәтижелерін автоматты тіркеу кезінде бӛрене кӛлемін анықтау үшін
диаметр мәні 0,1 см дейін дӛңгелектенеді. Қолмен тіркеу кезінде нәтижелер
сантиметрмен жақын тұрған толық мәнге дейін дӛңгелектенеді, 0,1 см кіші
үлестерді алып тастап және 0,5 см тең және одан да жоғары ӛлшемдерді 1 см
дейін кӛбейту арқылы. Келісім-шартқа сәйкес диаметр мәнін сантиметрмен
жақын тұрған жұптық мәнге дейін, егер бүтін сан сәйкесінше жұп немесе тақ
екендігіне байланысты, бӛлшек үлесті 1 см дейін кӛбейтіп не азайтып дӛңгелек-
теуге болады. Дӛңгелектеудің осындай ережелерін екі ӛлшеу нәтижесі
бойынша алынған диаметрдің орташа арифметикалық мәнін де есептеу кезінде
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: