Рылыс академиясы


Бекіткішті ҧстап тҧру қабілеті



Pdf көрінісі
бет66/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Бекіткішті ҧстап тҧру қабілеті. Сүректің шегені, бұрамаларды, 
қапсырманы және басқа да бекіткіштерді ерекше ұстап тұру қабілеті маңызды 
практикалық мәнге ие. Сүрекке шегені қағу кезінде оның жарым-жартылай 
бұзылуы орын алады және байланысқан аудандардың серпімділік деформация-
сы туындайды. Шегенің бүйір бет жазықтығына деформацияланған сүрек 
жағынан шегені ұстап тұратын үйкелісті туындататын қысым кӛрсетеді.
ЦНИИМОД-пен дайындалған стандартты әдіске сәйкес (МемСТ 16483.33 
– 77) сүректің шегені немесе бұраманы суыруға қарсы әсер ететін кедергісін 
анықтау үшін қимасы 50х50 мм және ұзындығы 150 мм болатын бӛрене пішінді 
үлгіні пайдаланады. Шегені қағуды немесе бұраманы бұрғылауды 4.13-суретте 
кӛрсетілген сұлба бойынша орындайды. Сынау үшін диаметрі 2 мм шеге немесе 
диаметрі 4 мм ұзындығы 50 мм-ден кем боймайтын бұрама пайдаланады. 
Шегені 30 мм тереңдікке қағады, бұраманы 20 мм тереңдікке бұрап кіргізеді.
4.13-сурет. Сүректің шеге мен бұраманы ұстап тұру 
қабілетіне сынау үшін арналған үлгі
Шегелерді (бұрамаларды) суыруды машинаның бірқалыпты жылдам-
дықпен қармауы кезінде 1...3 минут ішінде жүзеге асырады. 
Максимал жүктемені Р
max
, Н, тіркегеннен кейін, шегені (бұраманы) 
с у ы р у д ы ң м е н ш і к т і к е д е р г і с і н анықтайды, н/мм, 
(4.16)
мұндағы l – шегені (бұраманы) қағу (бұрап кіргізу) тереңдігі, мм 
Әрбір үлгі үшін шегені (бұраманы) суырудың меншікті кедергісі ретінде 
екі анықтама нәтижесінің орташа арифметикалық кӛрсеткішін қабылдайды. 
Шегені суыруға кедергі ең алдымен бағынтқа тәуелді болып келеді. МОТИ 
мәліметтері бойынша, емен, қарағай, кӛктерек, қандыағаш немесе шырша 
сүрегінен жасалған үлгінің бүйір жақ жазықтығына қағылған шегені суыру 
үшін қажетті күш талшық бойымен қағылған шегені суыруға жұмсалатын 
күшке қарағанда 10...15% аз. Радиал және тангенциал бағытта қағылған 
шегелерді суыруға қарсы кедергі шамамен бірдей. 
Сүрек тығыздығы артқан сайын шегені немесе бұраманы суыру кедергісі 
жоғарылайды, себебі тығыздығы 730 кг/м
3
қызылқайың сүрегіне шегені қағу 
және суыру үшін тығыздығы 440 кг/м
3
болатын қарағай сүрегіне кететін 
күштен шамамен 4 есе артық.


110 
Сүректің ылғалдылығы қаншалықты жоғары болса, шегені қағуға кететін 
күш соншалықты аз. Ылғал сүрекке қағылған шегені оны құрғағаннан кейін 
суыру, бірден құрғақ сүрекке қағылған шегені суыруға қарағанда оңай. Бұл 
бірінші жағдайда серпімді деформацияның бір бӛлігі «қатырылған» күйге 
ӛтетіндігімен және шегені сүректе ұстап тұратын үйкелістің азаятындығымен 
түсіндіріледі. 
Бұрамаларды суыру үшін қажет күш (басқа да бірдей шартта) шегені 
суыруға кететін күшке қарағанда кӛп, себебі бұл жағдайда үйкеліске 
талшықтардың кесуге және ажырауға кедергісі қосылады. Шегелермен бірдей 
диаметрдегі, алайда екі есе аз ұзындықтағы бұрамалар үшін бұл күш 2 есе кӛп 
болып шықты [14]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет