Пайдаланған әдебиеттер:
1 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 21 б. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген.
2 Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.
3 Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1998. – 112 б.
4 Пірәлиев С.Ж., Иманбаева С.Т., Төлеубекова Р.К., Шолпанқұлова Г.К., Нурғалиева Д. Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. – Алматы: 2014. - 280 б.
5 «Атамекен» бағдарламасы. /Егемен Қазақстан. 1991.
Ж.БАЛАСАҒҰН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Джанабаева Рая Айтбайқызы.,п.ғ.д., профессор, халықаралық білім беру академиясының академигі,Абай ат. ҚазҰПУ педагогика кафедрасы, Алматы қаласы, Қазақстан.
Резюме
В данной статье россматривается вопросы о педагогическом наследии великого мыслителя Ж.Баласагуна. В статье акцентируется внимание на патриотическое, национальное воспитание подрастающее поколения.
Summary
The article discusses the issues of the great thinker Balasagun. The article focuses pedagogical heritage in the patriotic, national education teenage generation.
Балалармен жастардың патриотизімін қалыптастыруда қазақ ойшылдары шығармаларында көрініс тапқан педагогикалық ой пікірлер үлкен септігін тигізді.
Жеткіншектердің ұлттық дүниетанымының дамып, жетілуіне ғұлама ойшыл Ж.Баласағұн шығармаларының ішінде әсіресе әлемге әйгілі «Құтадғу білік» (Құтты білік) еңбегінің маңызы ерекше. Онда ойшыл адам баласы үшін ең қажеттісі білім, ақыл екендігін ескертумен бірге, олардың өмірдегі маңызына тоқталады және:
Қол ұсынып, білім іздеп терледім,
Сөзді сөзге өріп, тізіп, зерледім.
Түркі сөзін үркек тағы киіктей,
Қолға үйретіп, қамап, ерік бермедім, – деп алға қойған мақсатқа жету үшін көп еңбектеніп, іздену керектігін айтады.
Ж.Баласағұн сондай-ақ-адамдардың сөйлеу мәдениетіне биік талаптар қояды. Сөйлеу мәдениеті адамның рухани дүниетанымын, логикалық ойлау қабілетін, білім деңгейін байқатады деп ой тұжырымдайды:
Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,
Бір сөбен шеш түмән сөздің түйінін.
(Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,
Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды).
Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,
Көп сөз басты жерге көп тығар.
Көп сөйлесең, «Езбесің», деп жек көрер,
Сөйлемесең, «Мылқау», – екен деп сөгер!
Бұлай болса, тең ортасы – керегің,
Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!
Тіліңді бақ басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады – деп қысқа да нұсқа сөйлеуге,сөзге ұстамды болуға шақырады(5).
Баласағұн тектілік, адамгершілік қасиеттің туа бітетіндігі мен қалыптасатыны жайлы сөз толғайды. Әр адамға тән туа біткен қайырымдылық пен зұлымдықты, сондай-ақ тәрбие барысында пайда болатын қайырымдылық пен зұлымдықтың ара жігін ажыратып алуды ескертеді. Адамдардың басым көпшілігі қайырымды немесе зұлым болып дүниеге келмейді, әйтседе ізгі тәрбие арқылы адам бола алады. Адам «қағаздың таза парағы» сияқты, сондықтан, оған ұлағатты ағартушы өзінің сауат ашу, біліммеен сусындату керек:
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге берер ашығы.
Білім, даңқ тоқуменен табылар...
Оқу-тоқу берер білім, парасат ... – деп адам білім арқылы ғана парасатқа жететінін айтады.
Бақыт пен қайырымдылық ұғымының адам өміріндегі мәніне тоқталады, адам өмірдің мәніне жету үшін дұрыс тәрбиеленуі қажет, ата-ана баласына шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін дұрыс ұғындыруға тиіс. Балалардың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуы ең алдымен ата-аналардың парызы деп, баланың адамгершілігін, патриотизмін қалыптастыруға байланысты ата-аналарға үлгі боларлықтай ақыл-кеңестер береді, бала алдындағы парыздарын саралап көрсетеді:
- баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу;
- балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру;
- баланы аруақтарды ардақтауға, ата-баба дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізе білуге баулу;
- балаға өзінің мінез-құлық этикасы мен үлгі болу;
- балаға әділетті, қайырымды болу;
- өзінен туған балаға тәрбиені өзі беруі («Ай-маңдайлы ұл-қыз туса алдында, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма»);
- баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру;
- баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезін қалыптастыруға көңіл бөлу;
- баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару;
- балаға өмірдің әрбір сағаты санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттігін ескерту («Кешкен тірлік өте берер келгісіз, қалған өмір қанша екені белгісіз. Қалған күнді текке зая кетірме, өлімді ибадат қып бекін де») және т.б.
Бала жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке араласуы тиіс. Оқыту барысында бала мінезін қалыптастыруға баса көңіл аудару керек, жаман әдет пен жұғымсыз қылықтардан сақтап, оның ары қарай ұласпауын қадағалау міндет. Дүниеге келгеннен бастап жаны тек жақсы, әділетті істерді ғана білуі керек. Онда жағымды, тұрлаулы мінез қалыптасуы үшін оны жаман қылықтардан аулақ ұстаған жөн.Оның тәні мен жаны жақсы жетілуге тиіс. Тән мен жан тазалығы сабақтас.Тәрбие мен білім берудің бұл жүйесі адамгершілік қасиеті жоғары елжанды , патриотизмдік санасы жоғары парасатты ұрпақ өсірудің мәнін ашады.
Баласағұнның бұл тұжырымдылық ойлары бүгінде өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ, өнегелі тәрбие адамға өмірдегі өзінің жолын табуға бағдар береді.
Әділет – құт, құт құрығы – кішілік,
Әділеттің заты тұнған, кісілік, – деп Баласағұн кісілік, қайырымдылық сияқты қасиеттерді жоғары бағалайды.Қайырымдылық, әділеттілік, шыншылдық тек парасатты адамдарға тән жоғары қасиеттер деп атап көрсетеді.
Ғұламаның әрбір қоғамдық топтағы адамдар арасындағы олардың айналысатын қызметі мен іс-әрекеттеріне берген сипаттамасы да тағылымдық бағытты меңзейді. Мысалы:
Ғалым, дана болмағанда жаһанда
Жерде игілік өнбес еді қашанда,
Білімдері шырақ болды халыққа,
Түн жолы да адастырмас, жарықта...
Олармен араласып, сыйлас бол,
Тағы бір топ – диқандардың әулеті,
Ең керекті жұрт ол, биік дәулеті
Қатынасып, ыңғайыңды бергейсің,
Ас-тағамнан еш кемшілік көрмейсің.
Бұл адамдар құтты жандар пайдалы,
Ей, өркенді ер, араласқан жарайды...
Қолөнерші қолдарында түрлі өне
Қол өнерін пайдаланып күн көрер
Бұлар бір ең қажетті кісілер,
Жақын жүргін, көп-көп пайда түсірер, – деген өлең жолдары ғалым , дана адамдардың білім-ілімінің, ақыл-ой көзқарастарының дихандар мен малшылардың дене еңбектерінің, қолданбалы өнерінің қажеттілігін суреттеп, мазмұн еңбек адамдарын сыйлап, құрметтеуге шақырады.
Сонымен осы айтылған ой пікірлер Баласағұнның ұлы дастанының тәрбиелік әлеуетінің жоғары екендігін, ондағы көтерілген мәселелердің бүгінгі күннің талаптарымен үндесіп жатқанын, балалар мен жастарға патриоттық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктерді Баласағұн шығармаларынан табуға жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |