Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет40/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Key words: People, spiritual value,universal national education, national consciousness

Қазақстан Республикасы “Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» атты ғылыми құжатта тәрбиенің негізгі мақсаты ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, отаны қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім, ана тілін және шетел тілдерін білетін, сапалы білім алған азамат тәрбиелеу»,- деп атап көрсетеді[1]. Құжаттың негізгі басты ұстанымы ата - ананы құрметтеуден басталады. Жалпы ұлттық тәрбиенің де бастау көзі - ол сені дүниеге әкелген ата - ананы сыйлау, құрметтеу, оның кәртейген шағынды бағу - ол әр баланың негізгі ұстанымы болуы керек. Бірінші сүйіспеншілік ата - анаға арналуы қажет, және ол бұзылмайтын қағида болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда орыстың белгілі ағартушысы А. Сухомлинский «Ата - анасына махабаты жоқ адамның ешкімге де махабаты болмайды», - деген қағиданы басшылыққа алуымыз керек.


Тұжырымдамада аса мән берілетін келесі ұстанымдары ол қазақ тілі, ұлт мәдениеті, тарихы, халықтар достығы, ел бірлігі, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім, ана тілін және шетел тілдерін білетін, сапалы білім алған азамат тәрбиелеу мәселелерін негізгі орынға қойып отыр. Яғни, «тұлғаның келбеті» айқындалып беріліп отыр. Ш.Уәлихановтың да тәрбиеге, яғни тұлғаның бойындағы елжандылыққа берген анықтамасында “Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай /“матрешка” сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық/ мен ең алдымен өз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”,- деген тұжырымынан да тұлға бойындағы құндылықтар отбасы, ата - анадан бастау алатынын көреміз[ 2,38] .
Тұжырымдамада берілген сегіз бағыттың негізгі бағытының бірі, яғни үшінші бағыты – ұлттық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру деп атап көрсетеді. Ал, тұлғаның бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы бағалау критерийлеріне (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына; қазақ халқының және өзге де халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстанның этномәдениетіне; Қазақстандағы басқа этностардың мәдениетіне және этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім мен жауапкершілік танытуы екеніне аса мән берілген. Жалпы ұлттық тәрбие құжатта көрсетілгендей іске асыру механизмдері толық педагогикалық үдерісті: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер, этнопедагогика кабинеттерін ашу және жабдықтау; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимні, қазақ халқының мемлекеттік тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б.арқылы жүзеге асырылу қажеттігін нақтылайды[1].
Расында да, тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің маңызына тоқталатын болсақ, негізінен ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлттық қадір-қасиет, ұлттық мақтаныш, ұлттық мүдде, тілі, мәдениеті, тарихы, діні, ділі, территориясы, мемлекеті туралы түсінігі, сонымен бірге басқа мәдениет өкілдерін оң бағалауы т.б. жатқызылады. М.Жұмабаевтың «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиені сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуы міндетті» - дегені тұлғаның бойында ең алдымен ұлттық тәрбиені сіңіру арқылы тұлға келбетін қалыптастыра аламыз[3].
Ұлттық рухани құндылықтардың негізі Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білімділік, қасиеттерден құрала отырып, бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатыны белгілі.
Қазіргі таңда ұлттық тәрбие негізінде тұлғаны бойына рухани құндылықтарды дамыту арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру көзделіп отыр. Жалпыадамзаттық құндылықтар әлемдік деңгейде халықтық дәстүрлерде, құқықтық, ұлттық мәдениетте жақсы жазылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс тұрғысынан ұсынылып отырғаны белгілі.
Бүгінгі қоғамда тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің маңызы тоқталатын болсақ ұлттық және әлемдік мәдениетті менгерген жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, яғни өз мәдениетіне де, өзге мәдениетті менгерген адам деп танимыз. Ұлттық мәдениетті менгеру, білу, оны әлемдік басқа мәдениеттерменүйлестіру жалпыадамзаттық мәдениеттің іргетасын қалайды. Сол арқылы біз әлемдік білім кеңістігіне еркін араласа аламыз.
Жоғарыда аты аталған құндылықтар жоғары оқу орнына болашақ мамандарды дайындауға негізделген «Ұлттық тәрбие» оқу құралында жан - жақты сипатталып беріліп отыр. Ұлттық тәрбие беру - әр адамзаттың өз Отанына деген саналы қатынасын, мемлекеттік тілді, мемлекет құрушы ұлттың мәдениетін меңгеруді, мемлекеттің ұлттық бірлігін нығайту қажеттілігін түсінуді қалыптастыру. Сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, азаматтық борыш, перзенттік парыз ұғымдарын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, болашақ мамандардың кәсіби жауапкершілігін дамытуға ықпал ету.
Ұлттық тәрбие беру арқылы біз тұлғаның бойында ұлттық сана, сезім, мүдде, мәдениет, діл т.б. қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. «Ұлттық сананың негізгі компоненті - ұлттық сезім екеніне тоқтала отырып, ұлттық сезім үш элементті тоқталады:біріншісі - ұлттық қадір-қасиет, адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, құрметтеу өзгелердің алдында оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі адамның үнемі өз қадір-қасиетінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді.Ұлттық сезімнің екінші элементі - адамның белгілі бір ұлтқа тиістілігін (белгілі бір ұлтқа жатуы, соған тән екендігі) сезінуі болып табылады. Ол әр адамның өзінің белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуін көрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның әрекетіне де әсер етеді. Бұл дүние жүзіндегі елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет. Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен үндес болып келеді. Үшіншісі – ұлттық мақтаныш сезімі, ол да әлеуметтік психологияда жиі ұшырасатын құбылыстардың бірі. Адам елінің жерімен, оның қазба байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады.
Сонымен ұлттық қадір-қасиет, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тиістілікті сезіну бәрі қосылып, адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне ықпал ететін психологиялық күйдің жиынтығын құрайды. Бұл ұлттық психологияның құрамына енетін ұлттық сезім деп аталатын кешеннің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі өмір бойы жалғасатын біртұтас үздіксіз үдеріс ретінде адамның этнос субъектісі ретінде этностық құндылықтарды, этноәлеуметтік рөлдерді және халқының салт - дәстүрінде шоғырланған этностық нормаларды меңгерту, этностық өзіндік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастыруды көздейді[4].
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің маңызы ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани, мәдени, тарихи құндылықтарды ерекше атауға болады:

  • тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға, жаңа демократиялық қоғамдаөмір сүруге қабілетті, елжанды, патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталады;

- тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық, моральдық қасиеттерін қалыптастырудыңмүмкіндігін туғызу;
- тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету;
- бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысына, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруға, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруге ықпал ету;
- білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету;
- тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсібиқалыптасуына және өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, табиғат сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеуіне; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін жоғары деңгейде дамытуына жағдай жасау;
- әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиетінжәне дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету;
- салауатты өмір салты дағдыларын, дене дамуы мен психологиялық
денсаулығын сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату [1].
Әр халық өзінің ұлттық тәрбие негізінде ұрпаққа тәрбие беру мәселесіне ерекше мән береді. Еліміз егемендік алған жылы алғашқы қабылданған Тәрбие тұжырымдамасының мазмұны да ұлттық тәрбиеге бағытталады. Тұжырымдаманың негізгі мазмұны үлкенді сыйлаумен, құрметтеумен, ата-ана, отбасы дәстүрін сақтауымен, ар-намысты ұятты бетке ұстаумен, өнер-білімге, еңбекке баулумен қамтылады.
Сонымен қатар, біз ұлттық тәрбие арқылы тұлғаның бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыруда мектептерде ұйымдастырылған қоғамдық ұйымдардың маңызы ерекше екенін атап өтуге болады. Мәселен, 41 бағыттан тұратын «Атамекен» балалардың қоғамдық ұйымы негізінен ұлттық құндылықтарды қамтыған аса құнды құжат болып табылады.
"Атамекен" бағдарламасында балаларға арналған тәлім-тәрбие жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген:
"Салт-дәстүр, әдет-ғұрып" қазақ және Қазақстандағы басқа халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен танысу. Этнографиялық жұмыс, фольклорлық материалды жөндеу.
"Шежіре" - қазақ халқының және Қазақстанда мекендеген халықтардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін зерттеу, тарихи мәліметтерді жинау, архитектуралық ескерткіштерді есепке алу.
"Сөнбес жұлдыздар" - қазақтың және басқа ұлттардың ұлы ағартушыларының, батырлардың, ақындардық, ғалымдардың, саяси қайраткерлердің өмірін, қызметін және туған өлкенің тарихын зерттеу.
"Толғау" - балалар қазақ халқының ұлттық төл мұралары, фольклорлық-этнографиялық музыка аспаптары, т.б. мұралары туралы мағлұматтар іздестіреді.
"Наурыз" - халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары, халық ойындарымен танысу.
"Орта" - балалар табиғатты қорғаудағы мәселелерге байланысты экологиялықжорыңтар, саяхаттар ұйымдастырады.
"Ардагер" - Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан жауынгерлер туралы деректер жинап, мұражай, ескерткіш тақталар ашу.
"Достық" - әрбір мектепте ұлттық мәдени орталықтар ашу, шетелдердегі балалармен достық байланысты дамыту. Қазақстан тарихына, мәдениетіне із қалдырған әр түрлі ұлт адамдарының өмірімен, іс-әрекетімен танысып, зерттеу.
"Алыстағы бауырлар" - шет елдерде тұратын қазақтармен және басқа ұлт балаларымен байланыс жасау: хат жазысу, кездесу, тәжірибе алмасу, бірлесіп шаралар өткізу, т.б. [5].
Еліміз егемендік алғаннан кейін қалыптасқан «Болашақ» атты оқушылар ұйымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тәрбиеде департаментінің шешімімен република мектептеріне үлгі ретінде ұсынылды.
Ұйым үш бағыттан тұрады: «Балдырған», «Ұлан», «Мұрагер». Аталған ұйым - мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді, өнегелі өсиетті, бизнесті сүйетін жан-жақты жетілген, іскер, саналы азамат тәрбиелеуді көздейтін, ұлттық құндылықтарды менгерген ерікті ұйым. Бұл ұйымның мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік, іскерлік, қажырлылық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді, ұлттық құндылықтарды өз бойларына сіңіруде аянбай еңбек етеді.
Ұйымныңбастыміндеті — оқушыларды егеменді Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын, адал да әділетті, іскер де белсенді тұлға етіп шығару. Сөйтіп оқушы-жастарды шығармашылық іс-әрекетке, жекебастық қабілеті мен қасиеттерін жетілдіруге, саяси көзқарастарын қалыптастырып өмірге белсенді түрде араласуға, Отанының қауіпсіздігін қорғай білуге, салауатты өмір сүруге дайын, рухани байлығы молайған салауатты азамат даярлау. Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлға ретінде дамуына ерекше көңіл бөліп, бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді.
Сонымен қатар тұлғаның бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда «Кәусербұлақ», «Мыңбала», «Жасұлан», «Жасқыран» т.б. ұйымдардың маңызы ерекше. «Мыңбала» ұйымы “Мыңбала» балалар қозғалысы кезіндегі ХҮІІІ ғасырдағы Сартай батырдың мың сарбазына негіздей құрылған. “Мың бала” балалар ұйымы. Жас ұрпақтың шымырлылығына, өзбетіңшешешімшығаруғабейімділігіне, дербестігіненегізделеді. «Мыңбала»қозғалысыАнглияданегізіқұрылғанСкаутингқозғалысыменмазмұндас. Тұлғаның бойында ұлттық патриотизм, ұлттық мәдениет, Отан қорғау, жеке тұлғаны қалыптастыру, белсенділік, табиғатқа деген аялы көзқарас т.б.қалыптастырукөзделеді.
Қазіргітаңдаұлттық тәрбие арқылы тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыру тұтаспедагогикалықүдерістетолығыменқамтиды. Ұлттық білім беру жүйесіәлемдік білім кеңістігінекіріктірубарысындаәлемдік деңгейде халықтық дәстүрлерде, құқықтық, ұлттық мәдениетті менгеру арқылытүрліхалықтыңтүрлідәуірдіңруханимақсаттарынжақындастыратынқұбылыстұрғысынаніскеасыпотырғаныбелгілі. Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің ұлттық және әлемдік мәдениетті менгерген жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, яғни өз мәдениетіне де, өзге мәдениетті менгерген тұлға арқылы жалпыадамзаттық мәдениеттің іргетасын қаланды және әлемдік басқа мәдениеттерменүйлестіру арқылы әлемдік білім кеңістігіне еркін араласу үдерісі іске асып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет