С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата03.03.2017
өлшемі1,88 Mb.
#6502
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

      Ойын  ережесі:  балалар  балықшының  рөлінде  балықты  аулап,  балыққа 
қатысты    тапсырманы  орындаулары  керек.  Егер  тапсырма  орындалса,  бала 
балықты алады. 
Ойын барысы қалай орындалады осыған көз салып көрелік: Еденде  сыртында 
тапсырмасы бар балықтар орналасқан.  
- Балалар, мынаны қараңдар, біздің кілеміміз ғажайып өзенге  айналыпты!!!  
Осы өзенде әдемі балықтар жүзіп жүр, бірақ бұл балықтар әшейін балықтар 
емес! Әр балықтың тапсырмасы бар! Сіздер балықты ұстап алып тапсырманы 
орындауларың керек, сонда ғана балықты аласыңдар. Балықты кімдер 
аулайды?                                                                                                                                                  
- Балықшылар!                                                                                                                                                     
- Онда сендер де балықшы боласыңдар! Балықшылар немен аулайды 
балықты? 
 - Қармақпен! 
Балалар балықшылар ретінде үстелдерге отырады. Тәрбиеші қармақты алып, 
балаларды  балықтары  бар  өзенге  кезекпен  шақырады.  Әр  бала  тапсырмасы 
бар  балықты  аулауға  тырысады.  Тәрбиеші  тапсырманы  оқиды    (мысалы: 
«көрсет,  аю  қалай  жүреді»  немесе«қоян  қалай  секіреді»),  егер  бала 
тапсырманы  орындаса  балықты  алады.  Ойын  барысында  балалардан  
балықтың түсі қандай екені сұралады [3]. 
        Жоғарыда  көрсетілген дидактикалық ойындар балалардың танымдылық 
жүйесін  дамытуға  бағытталған.  Тәрбиешінің  осы  ойындағы  көздеген  негізгі 
мақсаты – сөйлеу тілінің белсенділігі, сенсорикасы, ұсақ моториканың дамуы. 
Бұл  ойындар  қойылған  міндеттер  мен  мақсаттарды  шешеді,  өйткені 
олардың  өткізілу  әдістемесі  қатаң  ескеріледі.  Дидактикалық  ойынның 
өткізілу әдістемесіне нелер кіреді:  

 
ойынның тақырыбының жариялануы;  

 
152 

 
қатысушылардың хабарлануы; 

 
(үстел  үстінде  отыруы,  тақта  алдында  тұруы,  топтық  құрылымдар) 
және ойын материалын қолдану тәртібі

 
ойын шартын түсіндіруі (ойын тапсырмалары);  

 
кейбір қимылдарды тәрбиешінің орындауы;  

 
ойынды қорытындылау.  
        Алдын ала бекітілген ойын ережесінсіз, ойын қимылдары дидактикалық 
міндеттерге  сай  орындаусыз  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  да  ойын  шарты 
тәрбиешімен  басталуға  дейін    ұйымдастырушы,  оқытушы  міндеттерді 
атқарады.  Алдымен  балаларға  ойын  тапсырмасы  түсіндіріледі,  содан  кейін 
оны орындау тәсіліне кіріседі. 
Ойын  оқу  процестерін  мазмұнымен  тығыз  байланыста  жүргізілгенде 
ғана  дұрыс  нәтиже  береді.  Тақырыпқа  сай  жүргізілген  ойын  түрлері 
әсіресе,тәрбиелік  мәні  бар  ойын  элементтері  мүмкіндігі  шектеулі  баланың 
ойлау белсенділігі мен сөйлеу қабілетін арттырады.Сондықтан да мұғалім әр 
сабақта  дидактикалык  ойын  түрлерін  орнымен  колданса,баланың  ынтасын 
арттыра отырып пәнге деген қызыгушылығын,білімі мен ынтасын,сол пәнге 
деген сүйіспеншілігін арттырады [4]. 
Дидактикалық  ойындар  оқу  сабақтарына  айналмас  үшін,  келесі 
құрылымдық  элементтер  қатысады:  дамытушылық  міндет,  ойын  ережесі 
және  ойын  әрекеті  немесе  ойын  элементі.  Осы  дидактикалық    ойындарға 
танымдылық міндеттерді іріктеуде балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі. 
Дидактикалық  міндеттердің  жетістігі  әртүрлі  ойын  тәсілдерін  қолдану 
арқылы жүзеге асады.  
Аталған  ережені  міндетті  түрде  орындау  балалардан  біріккен  іс-
әрекетті,  өз  беттілікті  талап  етеді.  Аталған  дидактикалық  ойындарда  оқыту 
тығыз  байланыста  тәрбиелік  міндеттермен  қатар  жүреді,  балаларда  білімді 
меңгерумен қатар тәртіп, достық секілді өзара көмек жағдайлары құрылады. 
Тәрбиеші  оқыту  формасы  ретінде  дидактикалық  ойынды  қолдану 
қажет:  оқу,  танымдық  ойын  қызықты  түрде  өткізіледі.  Бұл  бір  қызметтен 
екіншісіне ауысуға қажеттіліктен туындап отыр, сондай-ақ ойын барысында 
балалар  тақырып  көлемін  оңай  меңгереді,қоршаған  орта  туралы  түсініктері 
кеңейеді.  Бұл  ойындарда  оқыту  міндеттері  ойнаушыға  біріншіден  жасырын 
түрде  болғанымен, баланы ойынға ынталандырады. 
Дидактикалық ойын  барысында  есту,  көру,  сезіну,  қабылдау  сияқты 
үрдістері  дамып,  балалар  музыкалық  ойыншықтар  мен  әр  түрлі  саздық 
аспаптардың  дыбыс  шығару  ерекшелігін  ажыратуға,  заттарды  пішініне, 
түсіне,  көлеміне  қарай  іріктеуге,  әр  түрлі  қимылдарды  орындауға  үйренеді. 
Ауызша  ойналатын  дидактикалық  ойындарда  сұрақ,  өтініш,  келісімді 
білдіретін  дауыс  ырғақтарына  еліктеу  қабілеттері  жетіледі.  Ертегі  немесе 
әңгіменің  мазмұны  бойынша  бөлек-бөлек  суреттерді  пайдаланғанда  оларды 
белгілі  бір  тәртіппен  жинау  үшін  байқағыштық  пен  тапқырлық  көрсетеді. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  қимыл-қозғалыс  ойындары 
санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданылады. Бұндай ойындарда балалардың 

 
153 
ептілігі,  қимылдың  әдемілігі  дамып  қалыптасады,  кеңістікті,  уақытты 
бағдарлауға  үйренеді,батылдық  достық,  жолдастық  көмек,  тәртіптілік,  ойын 
ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір 
құбылыстарына,  адамдарға,  жануарларға  деген  ынтасын,  қоғамдық  мәні  бар 
іс-әрекетке  деген  құштарлығын  ойын  арқылы  қанағаттандыратындықтан, 
ойынның қай түрі болсын балалардың сөйлеу тілінің дамуында маңызды рөл 
атқарады. Дидактикалык ойындар мүмкіндігі шектеулі балалардың ой өрісін 
дамытып,  ойлау  қабілетін  арттырумен  қатар  үйретілген,  өтілген 
такырыптарды  саналы  берік  меңгеруге  үлкен  әсер  етеді.  Ойындар 
балалардың  шығармашылык  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар  .сөздік 
қорларын молайтып сауатты жазуға да баулиды [5]. 
Баланың  өмірге  қадам  басардағы  алғашқы  қимыл-әрекеті  –  ойын, 
сондықтан  да  оның  мәні  ерекше.  Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы  Абай 
Құнанбаев:  «Ойын  ойнап,  ән  салмай,  өсер  бала  бола  ма?»  деп  айтқандай 
баланың  өмірінде  ойын  ерекше  орын  алады.  Жас  баланың  өмірді  тануы, 
еңбекке  қатынасы,  психологиялық  ерекшеліктері  осы  ойын  үстінде 
қалыптасады.  Ойынды  зерттеу  мәселесімен  тек  психологтар  мен  педагогтар 
ғана  емес,  философтар,  тарихшылар,  этнографтар  және  өнер  қайраткерлері 
мен  бала  тәрбиесін  зерттейтін  ғалымдар  да  шұғылданды.  Көптеген  балалар 
жазушылары  бала  ойынының  психологиялық  мәнін  және  ойынға  тән 
ерекшеліктерді  көркем  бейнелер  арқылы  суреттегені  де  мәлім.  Адам  іс-
әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы 
өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп 
түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. 
Жалпы  ойынға  тән  нәрсе  өмірдің  әртүрлі  құбылыстары  мен  үлкендердің 
түрлі  іс-әрекеттеріне  еліктеу  екені  белгілі.  Ойынның  шартты  түрдегі 
мақсаттары  бар,  ал  сол  мақсатқа  жету  жолындағы  іс-әрекеттер  бала  үшін 
қызықты.  Балаларға  ақыл-ой,  адамгершілік,  дене  шынықтыру  және 
эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды  тетігі  ойын  арқылы  беріледі.  Ойын 
барысында  балалар  өзін  еркін  сезінеді.  Сезіну,  қабылдау,  ойлау,  қиялдау, 
сөйлеу,  ерік  арқылы  түрлі  психикалық  түйсік  пен  сезім  әлеміне  сүңгиді. 
Сондықтан  да  арнайы  педагогикада  бала  ойынына  ерекше  мән  беріледі, 
өйткені  ойын  үстінде  қалыптасатын  балалық  шақтың  түйсігі  мен  әсері 
адамның  көңіліне  өмірбақи  өшпестей  із  қалдырады.  Бала  ойын  арқылы  өзін 
толқытқан  қуанышын  немесе  ренішін,  асқақ  арманын,  мұрат-мүддесін 
бейнелесе,  күні  ертең  сол  арман  қиялын  өмірде  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 
алады.  Сөйтіп  бүгінгі  ойын,  бейнелі  әрекет  ертеңгі  шындық  ақиқатқа 
айналатын кезі аз емес [6]. 
Ойын  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жеке  басының  дамуына  игі 
ықпал  ететін  жетекші,  басты  құбылыстың  бірі  деуге  болады.  Бала  ойын 
арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды 
ақиқат  сырын  ұғынып,  еңбек  дағдысына  үйрене  бастайды.  Былайша 
айтқанда,  болашақ  баланың  тәрбие  жолы,  тәлімдік  өнегесі  ойыннан  бастап 
өрбиді. Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір 
педагог-ғалымдар  «жақсы  ойын  -  жақсы  жұмыс  сияқты  да,  жаман  ойын  - 

 
154 
жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген 
түйін  жасайды.  Өйткені,  әрбір  жас  кезінде  ойын  тиісті  дәрежеде  ақыл  мен 
қажыр-қайрат  жұмсауды  керек  етеді.  Белсенді  іс-әрекет  пен  күш-жігер 
жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы 
жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан 
ойын  мен  жұмыстың   ұқсастығы  байқалады.  Сол  себептен  де,  баланың 
ойынында  да  белгілі  дәрежеде  тиісті  жұмыстағыдай  жауапкершілік  болуға 
тиіс. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
«Білім  шапағаты»  Республикалық  қоғамдық  педагогикалық  газет 
2010.22.04,-89 бет. 
2.
 
Б.А.Шабанова  «Логопедия негіздері», //Оқу құралы.-Павлодар,2011.- 155 
бет. 
3.
 
Педагогикалық ұжым журналы,2012 жыл- 16 бет. 
4.
 
О.С.Ушакова  Развитие  речи  дошкольников,  //  Москва-2011  М.:  Изд-во 
Института Психотерапии. 2001. – 256 с. 
5.
 
Андреев  Н.Д.  Навыки  и  подъязыки  в  устной  речи  //  Теория  и  практика 
лингвистического описания. Горький, 1968.-144 с. 
6.
 
Базовкина Т.А. О некоторых приемах обучения детей связной речи // Под 
ред. Л.А.Пеньевской. - М., 1952. - С. 28-40. 
                                                     Резюме: 
В статье рассматриваются задачи  цели и путь к организации 
дидактических игр. 
                                                       Resume: 
Objectives,  goals  and  the  way  to  organizing  of  the  didactical  games  are 
considered in the article. 
 
 
 
 
ӘОЖ 376-056.36 
 
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ 
БАҒАЛАУЫН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 
 
Салтаков Досжан Тоқтарұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ
Магистратура және PhD докторантура институтының дефектология 
мамандығының  1курс магистранты 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
Dos_89_89_89@mail.ru 
 
Аңдатпа.  Бүгінгі  таңда  психикалық  дамуы  тежелген  балалардың 
жағдайы  ғалымдарды  алаңдатып  отыр.  Бұндай  балалардың  өзін-өзі 
бағалауы  нашар  дамыған.Бұл  мақалада  психикалық  дамуы  тежелген 
балалардың өзін-өзі бағалауын  ойындар мен жаттығулар  арқылы дамыту 

 
155 
жайлы  айтылады.Себебі  психикалық    дамуы  тежелген балалардың  өзін-өзі 
бағалауын  психологиялық  ойындар  мен  жаттығулар  арқылы  дамытуға 
болады. Мұндай ойындар  психикалық дамуы тежелген балаларды мектепте 
де,  үйде  де  үздіксіз  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді.Себебі    қазіргі  уақытта  
психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  өзін-өзі  бағалауын  дамыту  өте 
маңызды. 
Кілт сөздер:психика,өзін-өзі бағалау, енжар,ойын, жаттығу 
Аннотация.  На  сегодняшний  день  ситуация  детей  с  задержкой 
психического  развития  тревожит  ученых.  У  них  очень  слабо  развита 
самооценка.  В  этой  статье  рассказано  о  развитии  самооценки  с  помощью  
игр  детей  с  задержкой  психического  развития.  Потому  что  с  помощью 
психологических  игр  и  упражнении  можно  развивать  самоценку  детей  с 
задержкой  психического  развития.  Такие  психологические    игрыи  
упражнений  дают  возможность  безперерывно  воспитывать  детей  с 
задержкой  психической  развитии  и  в  школе  и  дома.  Потому  что  развитие 
самооценки у детей с задержкой психического развития очень важно. 
Ключевые слова: психика, самооценка, игра, безучастный, 
упражняться 
Abstract.  To  date  situation  of  children  time-lagged  psychical  development 
disturbs  scientists.  For  them  a  self-appraisal  is  very  poorly  developed.  In  this 
article  saying  about  self-esteem  developing  of    children,    that  have  inhabited 
psyche, using games and exercises .Because by means of psychological games and 
exercise  it  is  possible  to  develop  a  self-assessment  of  children  with  a  delay  of 
mental development. Such psychological games and exercises gives the chance to 
bring  up  bezpereryvno  children  with  a  delay  mental  development  and  at  school 
and at home. Because development of a self-assessment in children with a delay of 
mental development is very important. 
Keywords:mentality, self-assessment, game,indifferent,practice 
 
Қазақстан  Республикасының  Бiлiм  туралы  заңында:  «Бiлiм  беру 
жүйесiнiң  басты  мiндеттерiне:  бiлiм  бағдарламаларын  меңгеру  үшiн 
жағдайлар  жасау  және  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  дене 
мүмкiндiктерiн  дамыту,  адамгершiлiк  пен  салауатты  өмiр  салтының  берiк 
негiздерiн  қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы  үшiн  жағдай  жасау  арқылы 
парасатты байыту» деп атап көрсеткен[1].  
Осыған  байланысты  қоғам  алдына  оқушының  жеке  басын  үйлесiмдi 
дамытуға  бағыттайтын  мiндеттер  қойылып  отыр.  Отанымыздың  әрбiр 
болашақ  азаматын  жан  -жақты  тәрбиелеп,  бiлiм  беру  арқылы  дамыту  ең 
жауапты  iс.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  жеке  оқушылар  бөлігінің  
үлгермеу  мәселесі    болып  табылады.  Осы  мәселе  бойынша  атақты  
педагогтар,  психологтар,  дәрігерлер  мен  әлеуметтанушылардың  назарын 
өзіне  аудартқан.  Ғалымдар  бұндай  балаларды    ақыл-ойы  кем  емес  деп 
қорытынды  шығарған.Бүгінгі  таңда  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде 
үлгерімі  төмен  оқушылардың  50%  психикалық  дамуы  тежелген  /ПДТ/ 
балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр.  

 
156 
К.С.  Лебединская.,  В.И.  Лубовской,  т.б.дефектологтар  зерттеулерінде 
балалардың  жас  ерекшеліктері    бірдей  болғанымен,  психикалық  дамуы 
әртүрлі,  яғни  интеллектуалды  қабілетінің  жасына  сәйкес  келмейтіндігін 
ерекше атап көрсеткен [2]. 
Қазақстанда  аталған  балалар  мәселесі  әлі  түбегейлі  теориялық  және 
практикалық  тұрғыдан  шешімін  таба  алмай  келеді.  Тек  олар  жалпы  білім 
беретін  мектептерде  білім  алып,  оқуға  үлгермейтін  оқушылар  қатарын 
толықтыруда.  Психикалық  дамуының  негiзгi  бұзылыстары  интеллектуалды 
даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен 
болып  келедi.  Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  сөздік  қоры    өз 
қатарлас қалыпты балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде.  Психикалық 
дамуы тежелген балалар  тапсырмаларды  орындау кезінде көп қиындықтарға  
тап  болады.    Бұл  балалардың  оқуға  үлгермеушiлiгi  7-8  жастан  айқын 
байқалады.  Оның  негiзгi  белгiлерi  мыналар  болып  табылады:  сабаққа 
белсендiлiгi  байқалмайды,  берiлген  тапсырмаларды  үлкендердiң  көмегiнсiз 
дұрыс  орындай  алмайды,  өз  қатарластарымен  аз  араласады,  өз  ойын  анық 
жеткізіп  айта  алмайды,  оқу  мен  жазу  кезінде  және  математикалық  есептер 
шешкенде  көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз- 
өзiн төмен бағалайды,қоршаған ортаға өзін сенімсіз ұстайды,өз күшiне деген 
енжарлық  басым.  Психикалық  дамуы  тежелген  балалар  «Мен  жаманмын», 
«Қабілетсізбін»,  «Мені  бәрі  жек  көреді»  деген  сезіммен  өмір  сүреді. 
Ешқандай  қызығушылығы  жоқ.  Өзіне-өзі  қанағаттанбаушылық,  сенімсіздік, 
көңілсіздікте жүреді.Ешқандай себепсіз ренжіп қалады.  Адамдармен қарым-
қатынасқа  түсуі  қиын.  Айналасындағы  адамдар  бұндай  балаларды  
түсінбейді.  Олардың    өзін-өзі  бағалауын  дамыту  арқылы,өзіне  деген 
сенімділікті  арттырса,олар  өздеріне  сене  алады.    Бұндай  балаларды  үнемі 
сергітіп,  мадақтап,  мақтап  отыру  керек  [3].Психикалық  дамуы  тежелген 
балалардың  өзін-өзі  бағалауын  дамытуда  ойындармен  жаттығулардың  орны 
ерекше.  Психикалық  дамуы  тежелген  балаларда  жетекші  әрекеттерінің 
алмасуында  айқын  тежелулер  байқалады.  Психикалық  дамуы  тежелген 
балаларда  мектепке  дейінгі  жаста  сюжеттік-рөлдік  ойындар  ойнаған  кезде 
анық  байқалады.    Сюжеттік  ойындар  ойнаған  кезде  балалар  өз  еріктерімен  
рөлдерді  бөлісе  алмайды,ойын  кезіндегі  ережелерді  сақтай  білмейді.  
Психикалық  дамуы  тежелген  балалармен    ойын  ойнау  арқылы  балалардың 
өзін-өзі  бағалауы  дамып,біртіндеп  оқу  әрекетіне  жақындай  бастайды.  
Балалар 
ойын 
мазмұнынан 
балалар 
мектептегі 
қарым-
қатынастар,мамандықтар  туралы    мағлұматтар,жарыс  жағдаяттарындағы 
жеңіске 
жету 
жолдары,қарым-қатынасты 
бейнелейтін,ойындарға 
қызығушылықтары  арта  түседі.  Жалпы  ойын  әрекеттері  психикалық  дамуы 
тежелген  балалардың  өзін-өзі  бағалауын  дамытып,эмоциналды,қимыл-
қозғалыстық,  қарым-қатынасқа  түсуін  қалыптастырып,өздерін  барлық 
қырларынан  көрсетуге  шексіз  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  психикалық 
дамуы тежелген балалардың өзін-өзі бағалауын дамытуда ойындардың орны 
ерекше.Психикалық 
дамуы 
тежелген 
балаларға 
психологиялық, 
педагогикалық  тұрғыдан  қарап,  олармен  дұрыс  қарым-қатынас  жасау 

 
157 
баланың  өз  күшіне  деген  сенімі,оқуға  деген  ынтасын  жоғалтпауға,  өзін-өзі 
бағалауының  дамуына  мүмкіндік  береді.  [4]  Психикалық  дамуы  тежелген 
балалардың  өзін-өзі  бағалауын  дамытуға  арналған  бірқатар  психологиялық 
ойындар мен жаттығуларды ұсынып отырмыз. 
 «Мақтаншақтар» жаттығуы 
Қатысушылар  үлкен  шеңбер  жасай  отырады,балаларға  тапсырма 
беріледі.Әр  бала  топ  алдында  өзінің  бір  қасиетін,икемін,қабілетін,өзінің 
күшті  жағы  туралы  –өзінің  қандай  қасиеттерін  жақсы  көреді  және  мақтан 
етеді-қолынан не келетінін айтып мақтанады. 
«Мен саған сенемін» жаттығуы 
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады.«Мен 
саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
 
«Менің менім» жаттығуы 
Үнемі болғым келеді                                   Бұдан да гөрі болғым келеді 
                                                   Менім 
 
 
 
 
 
 
« Мен кіммін?  Мен қандаймын?» жаттығуы 
Жазбаша  түрде  үш  сөйлемді  жалғастыру  керек.  Мен  ойлаймын,  мен........, 
Басқалар мені........ деп ойлайды.  Менің ..... болғым келеді. 
 «Сілбі» (паутина)  ойыны 
Үлкен оралған жіпті мен бастап ұшын өзіме алып қалып, ораманы 
қарсы  тұрған  балаға  өзім  туралы  қысқаша  мәлімет  айтып  беремін.  Ол 
бала өзі туралы айтып келесі балаға береді. Осылайша барлық балалар 
қамтылу  керек.  Сонда  біз  өрмекшінің  сілбісін  жасадық.  Енді  керісінше 
соңғы  бала  өзіне  қай  бала  жіпті  берді  сол  балаға  ол  туралы  есіне 
сақтағанын  айтып  қайтарып  береді.  Осылай  ша  оралған  жіп  маған 
қайтып келу керек. 
Сұрақтар: Ойын ұнады ма? 
                Несімен қызықты? 
 
«Менің өмірім» жаттығуы 
Мақсаты:Жеке тұлғаны өзінің күшті және әлсіз жақтары туралы айта 
білуге, жағымды және жағымсыз қасиеттері мен жеке ерекшеліктері туралы 
саналы  ойқорытынды  жасай  білуге  үйрету.  Жасөспірімдер  ортаға  шығып, 
айналасындағы  құрдастарының  сұрақтарына  жауап  берді.  Сұрақтар  оның 
өмірі  туралы,  жағымды  және  жағымсыз  қасиеттері  туралы  және  т.б. 
мәселелерді  қамтыды.  Жасөспірімдер  сұрақтарға  шын  ниетпен  жауап  беріп, 
өз  мінез-құлықтарына  өздері  талдау  жасады,  өздерінің  әлсіз  жақтарын 
анықтады.  Мынадай  сұрақтар  бойынша  әңгіме  қозғалады:  «Сенің  қандай 
жағымсыз  және  жағымды  қасиеттерің  бар?»,  «Сен  не  үшін  ашуланасың?», 
Менің 
Менім 

 
158 
«Қандай 
мәселелер 
сені 
толғандырады?»,т.б. 
Жеткіншектер 
қызығушылықпен  қатынасып,  өздерінің  ғана  емес,  жолдастарының  да 
жағымды  және  жағымсыз  қасиеттерін  біліп,  салыстырып,  олардан  құтылу 
жолдарын бірігіп шешті. 
«Мен өте жақсымын» жаттығуы 
 Мұғалім  балалармен бірге  бірнеше сөздерді қайталауды сұрайды. Мұғалім 
сөздерді  түрлі  сөздермен  жеткізеді:  сыбырлап,қатты,айғаймен.  Барлық 
баллалар  сыбырлайды,дауыстайды,содан  кейін    «Мен  өте  жақсымын»  деп 
айғайлайды. 
«Менің қолымнан бәрі келеді» жаттығуы 
Балалар  бір-біріне  доп  лақтырып  нені  жақсы  жасай  алатынын  айтады. 
Мысалы: «Мен жақсы ән айта аламын!», «Мен футболды жақсы ойнаймын!» 
және т.б. 
«Мейірім» жаттығуы 
Жақсы  сөз  жаныңды  жадыратады.  Адамдарға  қуаныш  сыйлайды. 
Ендеше  өзгелерге  де  қуаныш  сыйлап  көрейік.  Өзіңнің  жақын  туысқаның 
туралы  қандай  жақсы  сөздер  айтар  едің.  Дайындыққа  5  минут  беріледі.  
Оқушылар  өздері  қалаған  адамдары  туралы  айтады.  Таңдаған  адамының 
бойындағы  қандай  қасиетін  бағалайтынын  айтады.  Мысалы:  «Менің  анам 
ақылды!»,  «Менің досым талантты!». 
«Сыйқырлы сөз» ойыны 
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы 
керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші ». 
Қорыта  келе  біз  бұл  мақала  мазмұнында  психикалық  дамуы  тежелген 
балалардың 
өзін-өзі 
бағалауын 
дамытуға 
арналған 
ойындармен 
жаттығуларды  атап  көрсеттік.  Себебі  психикалық    дамуы  тежелген 
балалардың  өзін-өзі  бағалауын  психологиялық  ойындар  мен  жаттығулар 
арқылы  дамытуға  болады.  Мұндай  ойындар    психикалық  дамуы  тежелген 
балаларды  мектепте  де,  үйде  де  үздіксіз  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді.  Біз 
болашақта  Қазақстан Республикасын өркениетті,  бәсекеге қабілетті 50 елдің 
қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаев  Қазақстанның  әлемдеге  бәсекеге  барынша  қабілетті  50 
елдің  қатарына  кіру  стратегиясында:  -  «Білім  беру  реформасы  – 
Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 
беретін  аса  маңызды  құралдардың  бірі.  Бізге  экономикалық  және  қоғамдық 
жаңару  қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі  қажет» 
деген  болатын.  Сондықтан  сол  елдердегі  бар  жетістіктер  бізде  де  болуы 
керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры [5]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет