Заманауи педагогиканың салалары
Соңғы жүз жылдықта адамзат адамды оның дамуының
барлық сатыларында зерттеуде едәуір алға жылжыды. Жаңа
білім қорының өсу, педагогикалық ойлардың таралу шамасына
қарай нақты өмірдің әр түрлі тарауында педагогиканың жаңа
салалары пайда болады. Осылайша, көптеген жылдар бойы
қалыптасқан және дамып келе жатқан педагогика тәрбие туралы
ғылымның кеңейтілген жүйесі болды.
Тәрбиелеу туралы ғылым жүйесінің негізі адам тәрбиесі
заңдылықтарын зерттейтін, кез келген типтері және түрдегі
тәрбиелеу ұйымдарында тәрбие үдерісінің негізін
жасайтынжалпы педагогика болып табылады.
Тәрбиелеу туралы ғылым жүйесінде жас педагогикаға
қатысты салалар ерекше орын алады. Олар балалықтың барлық
сатыларында жас дамудың ерекшеліктерін ескере отырып,
балаларды тәрбиелеу және оқыту заңдылықтарын зерттеумен
айналысады: туғаннан бастап ересек адамға көшкенге дейін.
50
Жасөспірім педагогикасының нысаны - бала, ал зерттеу
тақырыбы - балалық шақтың әртүрлі кезеңдерінде оқыту және
тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заңдылықтары, әдістері,
технологиясының құралдары (ерте жас, мектепке дейінгі,
мектеп).
Достарыңызбен бөлісу: |