С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет46/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

«Брахмо самадж»

«Арья Самадж», «Миссия Рамакришны»
және басқа да «заман талаптарына сай қадам басатын» қоғамдастықтардың 
іс-әрекеті белгілі. Индуизмді ҧстанушылардың жалпы саны – 650-700 
миллион адам. 
Қазақстанда индуизм діні 
«Махаришидің ведалық қайырымдылық 
ұйымы»
немесе, басқаша айтқанда, «
Трансценденталды медицина 
қоғамдастығы
» атауымен танылған.
 
4.6 Конфуциандық 
 
Бҧл дін б.з.д. 551-479 жж. Қытайда ӛмір сҥрген негізін салушысы -
Конфуций (Кун-цзы) есімімен аталады. Бҧл есім әрбір қытайлыққа балалық 
шағынан бастап 
«ұлттың ұлы оқытушысы»
ретінде танылған. Оның 
моласының жанынан Қытайдың ҧлттық қҧрметіне айналған ғибадатхана 
мҧражайы салынған. Ғибадатханалар мен ҥй мехраптарында Оқытушының 
мҥсінді тҧлғасы бар, оның алдында әр тҥрлі салттық діни рәсімдер 
орындалады.
Конфуция ілімінде ең маңызды мәселелердің бірі болып адамның 
қоғам мен отбасындағы әрекеттері табылады, бҧл жӛнінде «Лунь-юй» 
(Әңгімелер 
мен 
талқылаулар) 
атты 
жинақта 
мазмҧндалған.
 
Космологиялық идеялар ӛткеннің шындығының айнасы болғандықтан, 
қызықты болған.
Негізгі космологиялық категория – 
Аспан.
Конфуций заманында 
Аспан қҧдірет кҥші, Реттеуші, Тӛреші және сана мен әділдікті танытушы 
ретінде айқындалған. Аспан нақтылықтан алшақ, ол дерексіз. Аспанның 
мейірімділігі немесе қаһары жӛнінде табиғи қҧбылыстар арқылы пікір 
айтқан: қуаңшылық, су тасқыны, қҧрғақшылық, індет және т.б. Аспанның 
ашу-ызасын білдірді. Керісінше, қоғам мен мемлекеттегі оң істер аспанның 
адамдарға деген жақсы кӛзқарасын білдіріп отырды.
Адамдар мен Аспан арасындағы басты делдал ретінде 
«Аспан ұлы»


49 
лауазымын алған Қытайдың жоғарғы билеушісі танылды. Императордың
ӛзі ырым, салттарды орындап, Аспанға қҧрметіне қҧрбандық шалып 
отырған. Император діни қҧдіреттілікке ие болды, бірақ мҥмкіншіліктері 
шектеулі еді. Қызметшілерді мемлекетке қызмет ету, мемлекетке табыну 
және ол арқылы Аспанға табынуды білдіру жӛнінде сендірген. Билеушінің 
ӛзі де бір мезгілде Аспанның тҥрлі міндеттемелерін орындауға мәжбҥр 
болды. Оның барлық іс-әрекеті мҧқият алдын-ала белгіленген. Ол тамаққа, 
киімге, ырымдарға қатысты ежелден белгіленген қағидаларға сҥйенеді.
Конфуциандық діні билеушілердің ӛзімшілдігі мен ӛз еркімен әрекет 
етушілігіне қарсы болған. Егер билеуші Аспан бҧйрығын орындамаса, ол 
мемлекетті басқару қҧқығынан айырылады. Бас тарту дәрежесі император 
ақсҥйектері 
жанындағы 
кеңесшілер 
мен 
министрлердің 
басты 
ҧстанымдарын қолдаған конфуциандық ғалымдармен анықталады. 
Конфуций әркімді билеушіге қарсы жағымсыз шындықты да бетіне тік 
айтуға, ешбір ҥрейсіз сын айтуға ҥйретті. Оның кӛптеген шәкірттері 
шындықты жақтайтын, ӛз антын ҧстану мақсатында ӛлім жолына дейін 
баратын міндеттерін орындады.
Конфуций ілімінде тақсыр тек Аспан Ҧлы ғана емес, сонымен қатар, 
халықтың, мемлекеттің қызметшісі болып табылатынын айту қажет. Егер 
ол халықты қанап, қатігездік пен әділетсіздік танытса, Аспан бҧйрығын 
орындамаса, халық оны зорлықпен орнынан тайдыруға дейін барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет