С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Аффект (жан күйзелісі) жағдайында жасалған адам өлтіру



бет14/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   231
Аффект (жан күйзелісі) жағдайында жасалған адам өлтіру
(ҚК-тің 98-бабы)

Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрін кенеттен басталған қатты жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінәлының психикалық жай-күйі инстинктивті және сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік және түңілу әсері тән болады. Аффект жай-күйі негізінен аз уақытқа, әдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы әсердің салдарынан кенеттен пайда болады.


Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда жасалады. Мұнда уақыт аралық үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінәлы болған жағдайдың мәнін бірден түсінбегенде).
Аффект жағдайының басталуына негіз ретінде Қылмыстық кодекстің 98-бабында мыналар көзделген: зорлық күш көрсетумен (мысалы ұрып-соғу), сондай-ақ психикалық (денсаулығына зақым келтірумен, мүлкін жойып жіберумен ж.т.б. қорқыту) болуы керек.
Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке басын қорлау арқылы жасалуы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жағымсыз нысанда дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсіту дәрежесін бағалау өлшеміне келетін болсақ, мұнда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. Мысалы «фашист» сөзі соғыс ардагеріне және соғысқа қатысушыға, ол үшін қасиетті болып саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін. Моральға жатпайтын әрекет түсінігіне келетін болсақ, біздің еліміз бастан кешірген бірқатар моральдық құндылықтарды қайта бағалаумен байланысты олардың мазмұнын түсінуде де белгілі бір қиындықтардың пайда болуы мүмкін. Оның үстіне біздің қоғамымыз жікке бөлінуге қатты ұшырап отыр және көптеген құбылыстарды түрлі әлеуметтік топтар түрліше қабылдайды. Оған қоса біз қазір әрекеттердің қандай моральға қайшы келетіндігіне сілтеме жасай алмаймыз. Сонда да қай уақытта болмасын, негізінен қоғам мүшелерінің көпшілігіне бірдей болып саналатын моральдыцқ құндылықтар, жақсылық пен жамандық, ар- намыс және арсыздық, сенімділік пен сатқындық, ұят пен ұятсыздық деген пікір түсініктер болды. Міне, осылар баға беру негізіне алынуы тиіс. Адам өлтірілетін аффект жай-күйі заңда көзделгендей кенеттен болған жағдай емес, жәбірленушінің үнемі қайталанып отырған құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты пайда болған, ұзақ уақыт психиканы зақымдайтын оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тіпті бір қарағанда еленбейтін жағдайдың өзі шыдамның шегінен жеткізіп, адам өлтіруге әкеліп соқтыратын көңіл-күй жарылысының тұтандырғышы болып табылуы мүмкін. Аффект жағдайында адам өлтіру тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін.
Аффект кезінде екі немесе одан көп адамды өлтіру жағдайы Қылмыстық кодекстің 98-бабының 2-тармағында сипатталған. Екі немесе одан да көп адамды өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының «а» тармақшасында берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет