С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Абайсызда адам өлтіру (ҚК-тің 101-бабы)



бет16/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   231
Абайсызда адам өлтіру (ҚК-тің 101-бабы)

1997 жылғы Қылмыстық кодекс бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығы өлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешілігінде. Абайсыздықта адам өлтіріп алу ұшқалақтықтың немесе ұқыпсыздықтың салдарынан болуы мүмкін. Ұшқалақтық салдарынан адам өлтіріп алу кінәлы өз әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамалайды, бірақ өзіне-өзі сеніп, оған жеткілікті негіз болмағанның өзінде де өлімнің жолын кесемін деп есептейді. Егер тұлға өзінің әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамаламаса, бірақ оған қажетті деңгейде көңіл бөлген немесе шамалаған кезде өлімнің болатындығын алдын ала болжауға тиіс болған жағдай ұқыпсыздықтың салдарынан адам өлтіріп алу деп танылады. Абайсыздықта адам өлтіріп алудың субъектісі-16 жасқа толған адам болады.


Қылмыстық кодекстің 101-бабының 2-тармағы осы қылмыстың неғұрлым қауіпті түрін қарастырады: екі немесе одан көп адамды абайсыздықта өлтіріп алуы.


Өзін-өзі өлтіруге жеткізу (ҚК-тің 102-бабы)

Қылмыстың мәні-қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізуде. Қылмыстың объективті жағы-қорқыту, қатыгездікпен қарау немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізумен сипатталады. Сондықтан да, қорқыту сипаты барынша әр түрлі болуы мүмкін деп айтуға болады: күш қолданумен, бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен, тіршілік ету құралына айырумен және т.б.


Жәбірленушіге қатыгездікпен қарау, оны ұрып-соғудан, азаптау, денеге жарақат салудан, оны тамақтан, үй-жайдан айыру, бостандығын шектеуден ж.т.б. көрінеді. Жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту, кінәлының жәбірленушімен екі жүзділік қарым-қатынаста болуы: оның жеке басын кемсіту, оның кемшіліктерін келеке қылу, оны басыну, оны масқаралайтын мәліметтер тарату ж.т.б. жағдайларда орын алады. Сонымен қатар мұндай фактілер біреу емес, ұдайы, яғни екі реттен көп болуы тиіс. Жоғарыда аталған әрекеттер әрекет жасау жолымен, сондай-ақ әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін.
Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауы осы қылмыстың объективті жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәлының мінез-құлқы мен аталған зардаптың арасында себептік байланыс анықталуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет