С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем



бет194/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   231
Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем
беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары.
Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап)

Көрінеу жалған сөз жеткізудің қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер құқық қорғау органдары өмірде анық орын алған қылмыспен күрес жүргізудің орнына оларды жалған хабарлама арқылы, шын мәнінде болмаған іс-әрекеттерді тексеруге, сөйтіп оған қыруар уақытты жоғалтуға әкеп соғады. Мұндай жалған сөз жеткізу жәбірленушінің қайғылы жағдайға душар болуына да әкеп соғады.


Бұл әдіс 1937-1940 жылдары КСРО-да кең тараған айла болды, нәтижесінде сан миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, негізсіз жапа шекті. Қылмыстың объектісі әділсоттылық жүйелері, олардың жекелеген органдарының дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің мүдделері (ар-намысы, жеке бостандығы т.с.с.) болады. Қылмыс объективтік жағынан алғанда қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу арқылы сипатталады. Қылмыс жасағаны туралы жалған сөз жеткізуге құқық қорғау органдарына (полиция, прокуратура, сот, алдын ала анықтама жүргізуші органдар) істелгені жатқан немесе істелген қылмыс және оны істеген адам жөнінде жалған хабарлаулар жатады. Мұндай жалған хабарлама тиісті құқық қорғау органына жеткізілу үшін басқа мемлекеттік органдарға (аудандық, облыстық әкімшілікке) берілуі де мүмкін. Жалған сөз жеткізу ауызша, жазбаша, телефон немесе бөгде адамдар арқылы, сондай-ақ аты-жөнін айтпау жолымен жүзеге асырылады. Жалған сөз жеткізу жоғарыда көрсетілген органдарға немесе лауазымды адамдарға хабар берген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстың негізгі шарты-шындыққа сай келмейтін, тіршілікте орын алмаған факті туралы көрінеу жалған сөз жеткізу болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Заңда көрсетілген «көрінеу жалған сөз жеткізу» дегеннің өзі кінәлының хабарламасының шындыққа жатпайтынын сезе отырып, қылмыстық іс қозғау мақсатымен құқық немесе басқа органдарға өтірік хабарлайтынын біледі және соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам. Жасанды айыптау айғақтарына-жалған құрал-жабдықтар, қарулар, жалған құжаттар, өтірік заттай айғақтар, заттар, әр түрлі жасанды іздер, өтірік куәгерлер жатады. Пайдакүнемдік ниетке-жалған сөз жеткізу арқылы бейкүнә адамды жауапқа және жазаға тартқызып, оның меншігіне немесе басқадай табыстарына ие болу немесе осы әдіс арқылы оған берешек борышынан құтылу т.с.с. әрекеттер жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет