С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап)



бет25/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   231
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі-медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша объектісі-адам өмірі.


Қылмыс объективтік жағынан медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауының салдарынан немесе тиісінше орындамауынан орын алса, онда бұл әрекеттер адамның қайтыс болуына әкеп соғуы арқылы сипатталады. Қылмыс әрекетсіздік арқылы-медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауы салдарынан немесе тиісінше орындамауы және осының салдарынан жәбірленушінің қайтыс болуы, қылмыстың осы зардабы мен әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстың тікелей орын алуы арқылы көрініс табады. Ұқыпсыз қарау деп өз міндетіне салғырт, жауапсыз қарауды, ал адал қарамауы деп тиісті міндетін талапқа сай атқармауы немесе ішінара шала атқаруын айтамыз. Қылмыс құрамы материалдық. Ол медицина қызметкерінің әрекетсіздігінен қылмыстың зардабы-адам өлімі болған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықтан істеледі.
Қылмыстың субъектісі-арнаулы, 16-ға толған кәсіптік міндетін атқаратын медицина қызметкері.


Соз ауруларын жұқтыру (115-бап)

Қылмыстың объектісі адам денсаулығына, кейбір соз ауруларын жұқтырғанда адам өмірі де болуы мүмкін.


Қылмыс объективтік жағынан өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның оны басқа адамға жұқтыруы арқылы жүзеге асырылады. Өзінде соз ауруы бар адамның кез келген әрекеттер арқылы (жыныстық қатынас жасау, сүйісу, бір ыдыстан тамақ ішу, гигиеналық тазалықты сақтамау) басқа адамға жұқтыруын осы ауруды жұқтыру деп танылады. Соз ауруы жұқпалы аурулардың тобына жатады. Бұл ауру негізінен жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Соз ауруларына мерез, жұмсақ шанкр, лимфогранулематоз, соз гранулемасы т.б. жатады. Соз ауруларын жұқтыру субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалады. Кінәлы адам өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызғанын сезеді, оның іс-әрекетінен өзі ауыратын соз ауруының басқа адамға жұғатынын біледі және оған саналы түрде жол береді.
Қылмыстық ниет әр түрлі нысанда көрініс табады: кек алу, қатыгездікпен өзгеге жұқтыру, ішімдіктің, нашақорлықтың әсерінен, тағы сол сияқтылар. Кінәлы адам өзінің соз ауруымен ауыратынын білуі қажет. Ондай аурумен ауыратыны дәрігер арқылы ескертіледі, ауруға одан емделу туралы, мұндай күйде жыныстық және басқадай қатынас жасаудың қауіптілігі туралы ескертіледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет